Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күрделі кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету




Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бұл топтағы балалар оқытылмайтын, яғни “оқи алмайтын” деп есептелген.

Көру мен есту қабілетінең айырылған балаларды психолого-педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.

Мамандар алдындағы ең бірінші міндет - осы ауытқуларды ерте жастан анықтау, диагностикалау. Бала бойындағы кемістікті, оның құрамын кеш диагностикалау – аталмыш топтағы балаларды арнайы оқытуда жиі кездесетін жағдай. Ауытқуы өте ауыр балалардың ата-аналары алғашқы жылдары тек дәрігерлерден көмек сұрайды, ал арнайы педагогтарға бармайды, бұл маманды ескермейді. Көптеген күрделі кемістігі бар балалар ұзақ уақыт бойы ауруханаларда ем қабылдайды, олар анасынаң депривацияға ұшырайды. Бұл жағдай аталмыш балалардың эмоциялық дамуына және ойлау қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Бірақта кейде арнайы-педагогтарға баруда нәтиже бермейді. Көптеген дефектологтар ата-аналарға күрделі кемістігі бар баланы қандай көмек көрсету бағытында дұрыс ақыл кеңес бере алмайды, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажет. Осы бағыттағы проблемалады шешумен Ресейлік білім Академиясындағы Коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері айналысады және арнайы тәжірибелі мектептердегі педагогтар. Бірақ осындай жағдайда да ата-аналар толығымен анық психолого-педагогикалық кеңес ала алмайды.

Соқыр-керең балаларды оқыту үшін толық ғылыми негізделген және тәжірибелік технологиялары әзірленгеніне қарамастан, күрделі кемістігі бар балалардың көптүрлігі болашақта көптеген оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларың әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде осындай балалар арнайы мектептер құрамындағы арнайы сыныптарда оқиды.

Ерте диагностикалауда нейрофизиологиялық әдістердің жалпылама зерттеулерінің маңызы күшейеді. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты мұндай ауытқуларды ерте жастан диагностикалауға және қандай дәрежеде екенін, баланың өмірінің алғашқы жылдарында анықтауға болады. Екі-үш жастағы нашар көретің баланың сөйлей алмауы, баланың психикалық дамуы тежелуі туралы ой тудырады. Бірақ сол баланың бойында құлақ мүкістігі электро-физиологиялық әдіспен тексеріліп, баланың сөйлей алмауының басқа себептері және кемістіктің орның толықтыру бар екендігін көрсетеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных