Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






НЕГІЗГІ БӨЛІМ




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ

ДАЙЫНДЫҚ» факультеті

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жеңіл атлетика

 

 

Орындаған: УА-14-1 тобының студенті: Алибаева Айымгуль Оркенбаевна

Тексерген: Аға оқытушы:Аскарова Назым Баймуратовна

 

 

Ақтау-2015ж.

 

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1 Жеңіл атлетика:

1)Қазақстанда дамуы

2) Қазақтың жеңіл атлеттері

3)Тарихы

3.Қорытынды

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

КІРІСПЕ

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

 

Жеңіл атлетикадан 2003 жылғы элем чемпионаты.

Стад де Франс стадионы

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Олимпиадалық ойындар 1896 жылдан Дүниежүзілік чемпионат 1983 жылға дейін өткізіліп келеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.

Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады.

Орташа қашықтыққа - 800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.
Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

 

100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады: 1. Төменгі сөреде тұру.

2. Төменгі сөреден шығу.

3. Ара қашықтық бойы жүгіру.

4. Мәреден өту.

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру.
«Дайындал» деген бұйрықта көтерілу.
«Жүгір» деген бұйрықта аяқ -қолды тез-тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын кесіп өту қажет.
Қысқа қашықтықтарды тек өз жолымен жүгіру керек;
Басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды;
Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды;
Қатарласа жүгіріп келе жатқан адаммен әңгімелесуге, оларға тым жақындауға болмайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных