Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЗАҚТЫҢ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРІ




Ғұсман Қосанов – КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Қосанов Ғұсман – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді.

 

Әмен Елемесұлы Тұяқов (12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атынд. мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).

 

 

ТАРИХЫ

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

 

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Жеңіл атлетика сабағында басты көңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
2.Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып, кілт тоқтауға болмайды.

3.Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

4.Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

5.Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

6.Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

7.Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

8.Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9.Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

10.Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.


Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.

 

ДАЛА ЖАРЫСЫ

Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.
Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру күйіне назар аударуы қажет. Тіпті салқын тиіп, жеңіл сырқаттанғанның өзі организмнің науқасқа қарсылығын төмендетеді, жағдайдың қиындау себебіне айналады
Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.
Қалың шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып алмас үшін алға мұқият қарау керек. Дененің тұрақты қалпын сақтау үшін аяқты өкшеден басып ұшына қарай аудару қажет. Қалай болғанда да аяқты жерге «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүрісе ауысып және тік немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, алайда оны азайту қажет, өйткені күшті екпін алғанда, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапщаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

Жеңіл атлетика халықты дене шынықтыруға тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальді негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функциональдік дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады.
Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады.
Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді. Осы жаттығуларды дене шынықтыру дайындығысабақтарында жүйелі қолдану моральді ерік жігер қасиеттерінің дамуына септігін тигізеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады.
Жеңіл атлетикамен шүғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – жеңіл атлетикамен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану.

Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады.Бастауыш мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізі ерекшелік болып табылады. Адамның ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі үйлесімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына2 кгсалмақ қосып отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста басталады. Омыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40% жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет қызметінің жұмыс істеуінің төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет. Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:

-дене шынықтыру сабағы;

Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;

- мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі жұмыстар;

-отбасында дене жаттығуларысмен аналысу жатады.

Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.

2.Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.

3.Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.

4.Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных