Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік педагогика ғылым ретінде




Жалпы бөлім

Қазіргі таңдағы жұмысшының мәдени - техникалық деңгейі – жалпы білім, жалпы техникалық және кәсіби білімдерінен, дағдылар мен икемділіктерінен, техникалық шеберліктен, идеялық - саяси жетілуден, жалпы мәдениеттің жиынтығынан тұрады. Осыған байланысты қазіргі жұмысшының, педагогикалық ғылым негізінде, кәсіби - техникалық білімі құрылымын және мазмұнын, дайындығының ауқымдылығын және тереңдігін уақтылы және дұрыс анықтау, халықтық шаруашылықтың мәселесі ретінде, үлкен маңызға ие болды. Кез-келген ғылымның мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі-бақылаудың нақты материалы, дәлелдер және эксперименттер. Екіншісі – ғылымның қол жеткізген дәлелдерді теориялық тұрғыда жинақтайтын заңдар, болжамдар және теориялар, концепциялар, түсініктемелер және анықтамалар. Ғылыми пікір, осы екі бөліктің өзара тұрақты ішкі әсерлесу негізінде ілгері дамиды.

Зерттеудің әдістемесі, ғылымның мәліметтерін зерттеуге арналған жалпы тәсілден және тәсілдің теориялық түсіндірмесінен құралады. Қоғамдық өндірістің және қоғамдық сананың тәжірибелік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, табиғат пен қоғамның объективтік заңдарын тану мақсатымен, ғылымның пәнін зерттеу − нақты, эмпирикалық материалды зерттеуден бастап, оларды жинақтауға дейін жүзеге асады. Ғылымның жетістіктерінің іс жүзінде жүзеге асырылуы, тек қоғамда алғышарттардың және жағдайлардың пайда болу негізінде мүмкін болады. Ғылыми дәлелдер бұрыңғы концепцияларға сәйкес келмей қалған жағдайда, жаңа, нақтырақ және икемді концепциялар жасалынады. Жаңа ғылым, жаңа ғылыми пән ретінде дербес өмір сүру құқығына, тек өзіне тән ерекшеліктері мен ерекше міндеттері бар білім жүйесі ғана ие болады. Осындай ғылым ретінде өндірістік педагогиканы айтуға болады.

Қазіргі кезеңдегі өндірістік педагогика дамуының өзіндік ерекшеліктері келесіде көрсетілген:

1) өндірістік педагогика ғылым ретінде өзіндік сипаттарға кеңестік педагогикада ие болды, бұл саладағы зерттеулер ауқымы кеңеюде, оның аясына бірнеше ғылымдар кіреді;

2) өндірістік педагогика ғылым ретінде көбірек ұжымдастырылуда; оның мәселелерін шешуге талпынатын, түрлі білім салаларындағы ғалымдарының саны артуда;

3) ғылым ретінде өндірістік педагогиканың дамуы, ғылыми-техникалық ілгерілеумен тәуелдігі артуда;

Ғылымның бірнеше салаларымен байланысты өндірістік педагогика, материалдық өндіріс саласына тікелей қатысатын түрлі жастағы топтардың оқу үдерісін, тәрбиеленуін және кәсіби-техникалық білімінің мазмұнын қалыптастырады. Сонымен бірге, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру бірінші орынға қойылатын, оқыту, тәрбиелеу және білім беру үдерісі адамдар өндірісі қызметінің айрықша жағдайларында өткізіледі[1].

Өндірістік педагогика адамдардың физикалық және психикалық ерекшеліктерін, сонымен қатар моральдық - этикалық және қоғамдық-саяси жағдайларын, көзқарастарын, қоғам мен ұжым алдындағы өз міндетін және жауапкершілігін түсінуін ескере отырып, өндірістік-еңбек қызметінің жағдайларында оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын анықтайды. Өндірістік педагогика қоғамдық ғылымдармен де (экономикалық, саяси, философиялық, психологиялық, социологиялық) және арнайы техникалық, ғылымдармен байланысты. Бұл, өндірістік ғылымның берік теориялық негіздің қалыптастыруына, кәсіби оқыту және тәрбиелеу болмысын; тікелей өндірісте педагогикалық қызметтің заңдылықтарын, түрлерін және тәсілдерін; маманданған және жоғары маманданған жұмысшылардың қалыптасу жағдайлары мен жолдарын; күрделі техниканы баптау мен айналысатын жұмысшылар тәжірибелік қызметінің, оқумен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірістік педагогиканың тәжірибесіне озық тәжірибені енгізуге және жинақтама жүргізуге; ұйымның қолайлы жағдайларын және оқыту- тәрбиелік жұмыстарының тиімді тәсілдерін қалыптастыруға; өндіріс ұйымдастырушыларды педагогикалық - психологиялық білімдерінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өндірістік педагогика, еңбектің жоғарғы деңгейлі өнімділігіне, өнімнің жоғары сапалығына, бұйымның данасын жасауға кететін шығынды азайтуға, материалдарды, қуатты және тағы да басқаларды үнемдеуге күресетін топтың алғашқы шебіне кіреді. Өндірістік педагогиканың көмегімен кәсіби оқыту және тәрбиелеу үдерісінде, білім алушының жеке мүдделерін, мақсаттарын және қабілеттіліктерін мемлекеттің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келтіруге; тікелей өндірісте жүргізілетін педагогикалық үдерістің негізгі құрушы бөліктері ерекшеліктерін ашуға, жұмысшы кадрлардың дайындығы деңгейін жетілдіру және біліктілігін жоғарлату жолдарын табуға, материалдық өнідіріс саласындағы кәсіби-техникалық оқытумен басқарудың түрлерін және ұйымдастырылуын ғылыми тұрғыда негіздеуге, білім алушыға қоғамдық әсер ету жолдарының оңтайлы жолдарын анықтауға, оқытудың ұйымдастырылуына қойылатын педагогикалық талаптарын ашуға және жұмысшы кадрларды оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне жауап беруге мүмкіндік береді. Осыған байланыста өндірістік педагогиканың негізделетін бастапқы негізгі түсініктемелерге және терминдерге жалпы тұрғыда анықтама беру қажет[1].

Кәсіби тәрбиелеу дегеніміз – білім алушы тұлғасының қалыптастыруына, өндірістік және қоғамдық өмірде белсенді қатысуға дайындайтын мақсатты арнайы ұйымдастырылған үдеріс. Тәрбиелеу үдерісі күрделі және санқырлы болып табылады, себебі ол оқыту және білімнің барлық салаларын, білім алушылардың өмірін және күнделікті тіршілігін қамтиды. Және де, бір жағынан – білім алушыларға әсер ететін оқытушылардың және шеберлердің белсенді тәжірибелік қызметін, екінші жағынан – білім алушылардың түрлі қызметін қамтиды, яғни білім алушылар тек мамандыққа ғана ие болмай, сонымен қатар, мінез-құлық ережелерін және нормаларын меңгереді. Тәрбиелеу арқылы, бойында рухани байлық, моральдық тазалық және физикалық жетілгендік сияқты қасиеттері бар жан-жақты дамыған адамдарды жоспарлы дайындау жүзеге асады.

Білім дегеніміз – оқыту - тәрбиелеу үдерісі нәтижесінде игерілген білімдердің, икемділіктер мен дағдылардың, пікірлердің жиынтығы; жалпы және саяси дайындығының жеткілікті деңгейіне жету және білім алушылардың таным күштерін дамыту болып табылады. Білім мазмұны қоғамдық өндіріс талаптарымен, ғылым және техниканың даму деңгейімен анықталады және қоғамдық қатынастарымен негізделеді.

Оқыту дегеніміз – оқытушылар мен білім алушылардың бірлескен қызметінің аясында жүзеге асатын педагогикалық үдеріс, сонымен қатар, осы қызметтің нәтижесінде білім алушылар өзінің тәжірибелік жұмысында қолданыла алатын білімдерге, икемділіктерге және дағдыларға ие болады.

Бұл үдерістің мәні – танымдық қабілеттіліктердің, көзқарастардың, пікірдің дамуына және коммунисттік көзқарастың қалыптасуына бағытталған білім алушылардың белсенді, саналы қызметі. Оқытудың сипаты қоғамның қажеттіліктерімен, ғылымның және техниканың даму деңгейімен анықталады және билеуші класстардың саясатымен қамтамасыз етіледі. Біздің социалистік қоғамдағы оқытудың мақсаты – коммунисттік қоғамның жан - жақты дамыған, жоғары идеялық және адал құрылысшыларын дайындау. Оқытудың мәні өндіргіш еңбекпен қосылу жағдайында күшейеді, нәтижесінде білім алушылар тек мамандыққа ғана ие болмай, сонымен қатар оларға қойылған міндеттерді өз бетімен шешіп, логикалық ойлау мен қабілеттіліктерді дамытады және адамгершілік сапалығын қалыптастырады.

Кәсіпорынның және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің жұмысшылары, кәсіби - педагогикалық білімдерді толық игерген жағдайда ғана, тәрбиелеу және оқыту шеберлігіне ие болады. Жұмысшыларды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі педагогикалық заңдылықтардың танымдық қайнар көздері ретінде, өндірістік білім беру мекемелерінің, кәсіпорындардың жетекші өндірістік-техникалық оқыту бөлімдерінің оқытушылары мен шеберлердің педагогикалық жұмысындағы озық тәжірибені келтіруге болады. Кәсіпорындардағы педагогикалық жұмыстардың озық тәжірибелерінің жинақтамалары және педагогикалық эксперименттер, өндірістік педагогиканың негізгі даму жолдарын және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіби - техникалық оқытудың мақсаты – тек дұрыс және тиімді болатын ғана емес, сонымен қатар, өндірістегі жұмысшыларды дайындау және біліктілігін жоғарылату кезінде ауқымды түрде қолданыла алатын оқыту және тәрбиелеу түрлерін және тәсілдерін қолдану болып табылады. Өндірістік педагогиканың дамуы жөніндегі мәселе – білікті мамандарды дайындау жөніндегі, яғни елдің аса зор өндірістік күштерді қолдану жөніндегі мәселе болып саналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных