Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Белок молекулаларының төрт құрылымының сипаттамасы




Физикалық қасиеттері. Атқаратын қызметтері сияқты қасиеттері де әр түрлі.Бір белоктар колоид ерітінді түзе суда ерісе (мысалы,жабын ұлпаларының белоктары).

Қыздырудан,ауыр металл тұздарының және қышқылдардың әсерінең белоктардың үшінші және екінші реттік құрылымы бұзылады,бұл құбылыс денатурациялану деп аталады.Мысалы, жұмыртқаның пісуі, қауырсынынң және еттің күюі, т.б. Денетурацияланған белок қайта қалпына келмейді.

Химиялық қасиеттері. Белоктардың аминқышқылдарының қалдықтарында әр түрлі химиялық реакцияларға түсуге қабілетті функционалдық топтар жеткілікті. Олар тотығу-тотықсыздану, эфирлену, алкилдену, нитрлену реакциялары қатысады, сондай-ақ екідайлы болғандықтан, қышқылдармен және негіздермен тұз түзеді.

Ортаның белгілі бір pH мәнінде белоктың молекуласындағы оң және теріс зарядтар саны тең болып, бейтарап күйге келеді. Бұл кезде олардың суда ерігіштігі де төмен болады және ол- белоктың ең негізгі қасиеттерінің бірі. Осындай электробейтарап күйде ерігіштігінің төмен болуына сүйеніп, технологияда белокты заттарды бөліп алады.

1.Белоктардың маңызды қасиеттеріне олардың гидролизі жатады:

Гидролиз реакциясының ақырғы өнімдері- α-аминқышқылдары.

2. Белоктар екідайлы қосылыстар, сондықтанқышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп, екіншілік және үшіншілік құрылымдары бұзылу арқылы қайтымсыз деп

Белок молекулалары өздерінің екідайлы қасиеттерінің арқасында артық сутек катиондарын немесе гидроксид-аниондарын байланыстырып,организімде бейтарап ортаға жақын тұрақты қышқылдық ортаны сақтап тұруға көмектеседі.Мұндай ерітінділер буферлік деп аталады.Бұл қасиеті биологиялық сұйыктарда pH-ты тұрақты ұстау үшін өте маңызды.

3. Жануы. Белоктар азот,көмірқышқыл газы,су және т.б. заттарды түзіп жанады.Жанған кезде күйген қауырсынның иісі сезіледі.

4. Ксантопротеин реакциясы. Белоктарды анықтау үшін олардың түстіреакциялары қолданылады.Оның біреуі ксантопротеин реакциясымен 9-сыныпта танысқансыңдар. Құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрациялы азот қышқылымен сары түс(

“ксанто’’-сары,“протеин”-белок) береді.

Биурет реакциясы. Сілтідегі мыс() гидроксиді ерітіндісімен белокқа әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады.

Цистин реакциясы. Құрамында күкірті бар белоктарды қорғасын ацетаты және сілтімен қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.

Белоктардың организмдегі өзгерісі. Белоктар-аса маңызды тағамдық заттар(ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болатындықтан, ас қорыту жолдарында ферментер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап, гидролизденеді.Аминқышқылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Олар адамжәне жануар организмінде өзіне тән белогын түзеді. Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (мочевина СО₂,Н₂О,т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.

Белоктарды синтездеу проблемасы. Белок синтездеу проблемасының теориялық та, практикалық та маңызы бар. Бірақ қазіргі уақытқа дейін белок синтезі толықтай іске аспай отыр. Оның себебі, белок молекулаларының күрделі құрылымды болуында. Белок молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі осында

Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруінің басқаратын заңдылықтарды түсіну-қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі.

Белоктәң құпия сырын ашу көтеген вирус ауруларын жеңуге мүмкіндік береді,жаңа химиялық талшықтар мен пласмассалар жасауға,тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс процестерінойлап табуға көмектседі.

Ең алғаш рет қарапайым белокты заттар –гипофизді гормондары возопрессин мен окситоцин алынды.Одан басқа белок синтездеудегі аса зор табыстарға инцулин мен рибоникулозаны алу жатады.

Полепептидтік теория ашылғаннан бері белоктық қасиеттері бар полепетидтер синтезделіп,жемдік қоспа,дәрі-дәрмек ретінде қолданылып жүр.

Қазіргі замандағы органикалық химия ғылымы алдындағы маңызды міндеттердің бірі-синтетикалық тағам жасау проблемасы.

Соның ішінде белоктық тағам түрлерін алу бірінші кезекте тұр,себебі көмір сулар мен ауыл шаруашылығы өнімдері толық қамтамасыз етеді.Бұл салада академик А.Н.Несмиянов бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп,біраз жетістіктерге жетті.Мысалы,сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алынды.

Ғалымдар биосинтез бен клеткаларда болатын процестердің заңдылықтарын толқ меңгерген жасанды жолмен белоктар алу мәселесі де толық шешілетіні сөзсіз.

Белоктар-молекуласының құрамы мен құрылысы өте күрделі пептидті байланыстар арқылы байланысқан жоғары молекулалалы қосылыстар.Белоктың құрылысы төрт түрлі құрылыммен анықталады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных