Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Заң тұрғысынан көмек алу - əрбір адам мен азаматтың конституциялық, құқығы.




Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Заң тұрғысынан көмек алу - əрбір адам мен азаматтың конституциялық, құқығы.

2. Адвокатура жəне оның міндеттері

3. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары

4. Заң консультациясы жəне адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Қосымша

 

 

Кіріспе

2016 жылы 18 қаңтар-26 наурыз аралығында ТОО «LC GROUP» фирмасында өндірістік тәжірибеден өттім.Өндірістік тәжірибеден өтудің мақсаты: өз алдыма мақсат ретінде адвокатура жұмысымен танысуды, қызметтің ерекшелігін, құрылымын, және атқаратын қызметін зерттеуді, азаматтарды қабылдауды, кеңес беруді жүзеге асыратын адвокаттың жұмыс тәртібімен танысуды ұйғардым.Бұл тәжірибе оқу орнында алған білімді қолдану мақсатында жүзеге асырылады.

Бірінші күндері ТОО «LC GROUP» компаниясының басты заңгерімен таныстым, басқа бөлімдердің қызметкерлерімен жеке сөйлесіп,компанияның атқаратын қызметін білдім. Апта бойы таныстыру мен өткен ескі құжаттарды оқып, компанияның қызметін ҚР- ның кодекстары бойынша жеке таныстым.Жалпы компания еңбек, отбасы және азаматтық іс жүргізеді.

Екінші апта өзгеріссіз өтті, қарастырған құжаттар бойынша туындаған сұрақтарға жетекші заңгерден жауап алдым,компанияның атқаратын қызметімен толық әрі тереңірек таныстым.

Аптаның басында жетекші заңгеріміз жиналыс өткізді. Жиналыс үш күнге созылды. Үш күн бойы жаңа мәселелер бойынша, енгізілген өзгерістер бойынша жаңа шешімдер қабылданып, екі жақтың, яғни екінші компанямен жоспарланып жатқан қатынасты реттеуге арналған жиналыс болды.

ТОО «Керемет» құрылыс компаниясының арасында келісім шарт жасалды.

Практика өту барысында көптеген құжаттармен таныс болдым. Жұмыс орнында кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргіздім, солардың құжаттарымен таныстым.

Архив бойынша ескі істер құжаттарымен танысып, архивациялау жүргіздік.

Атқарған ісіміз және өткізген практикамыз бойынша үлкен тәжірибе көріп,алып,жаңа адамдармен танысып, улкен тәжірибе алдым.

Заң тұрғысынан көмек алу - əрбір адам мен азаматтың конституциялық, құқығы.

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында əрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын əртүрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, əділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Əдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін жəне заңға сəйкес зандық əсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жəне олар белгілеген тəртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз. Сөйтіп, азаматтардың білікгі заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кəсіби ұйымы. Оның міндеті жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жəрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кəсіби шеберлігін, олардың құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных