Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Заң консультациясы жəне адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары




Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыруға құруға құқылы.

Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының жəне алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс əрекет ететін заң консультациялары құрайды.

Заң консультациялары қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға жəне ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніңдегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады.

Адвокаттардың көпшілігі заң консультациясында жұмыс істейді.

Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады жəне заңды тұлға құқығы жоқ. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мүлігі, мекен-жайы, тиісті адвокаттар алқасына жататындығы, мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, сондай-ақ үлгілері заңда көзделген тəртіппен бекітілетін жəне тіркелетін өзге де белгілері болады.

Заң консультациясы орналасатын жерді елді мекеннің ерекшелігін, тығыздығы мен санын, азаматтар мен ұйымдардың заң көмегіне жүгіну деңгейін, сол аумақтағы адвокат кеңселерінің жəне жеке дара жұмыс істеуші адвокаттардың бар-жоғын жəне т.б. ескере отырып, адвокаттар алқасының төралқасы анықтайды.

Заң консультацияларының саны олардың орналасқан жеріне байланысты əртүрлі. Мысалы, селолық жерлерде олардың саны 3-5 адам, əрі қалаларда 20-30 адам, ал Алматыда 40-50 адам болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда филиалдары бар 264 қалалық жəне аудандық заң консультациялары жұмыс істейді.

Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:

♦ жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен жəне өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға жəне жүзеге асыруына жəрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

♦ қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, əкімшілік жəне өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;

♦ Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;

♦ адвокатура туралы заннамаға сəйкес өзінің жəне басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын жəне мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;

♦ заң консулътацияларының жұмысын ұйымдастыру жəне оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кəсіби нормаларын сақтауына жəне олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;

♦ заң консультациялары мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық жəне ақпараттық-анықтамалық қамтамсыз ету жəне т.б.

Заң консультацияларына алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы төралқасының қаулысымен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.

Бұл төралқаның, адвокаттар алқасы мүшелері Жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мəселелерін шешетіндігімен байланысты.

Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң консультациялары туралы Ережемен тəртіптеледі. Меңгеруші құзыретіне заң консультациясының қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді жəне кəсіпорындармен, мекемелермен жəне ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау жəне т.б.

Заң консультациясының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жүзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау жəне тергеу органдарына тапсырылады.

Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар.

Заң консультациясында штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен жəне адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен есептелетін лауазымдық еңбекақыдан тұрады.

Адвокат алқасының мүшелері адвокат кеңселерін құруға (ұйымдастыруға) құқылы.

Адвокат кеңсесі - бұл адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі үшін материалдық, ұйымдық-құқықтық, жəне өзге жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оның құрылтайшылары (адвокаттар) құрған жəне қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Адвокаттар алқасының мүшесі (мүшелері) адвокат кеңселерін құрады (ұйымдастырады).

Адвокат кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) - Қазақстан Республикасының азаматы, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын жəне 1997- жылғы 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңымен тəртіптелетін шекте кəсіби негізде заң көмегін көрсететін адвокат (адвокаттар).

Адвокат тек бір ғана адвокат кеңсесінің құрылтайшысы бола алады, бұл заң көмегін көрсету саласындағы монополияға жол бермеуге көмектеседі. Бұл жағдайда ол өз қызметін қолданыстағы заңнамамен қатар жарғы негізінде жүргізеді.

Адвокат кеңсесін екі жəне одан артық адвокат құрған кезде құрылтайлық шарт та кеңсенің құрылтайлық құжаты болып табылады.

Құрылтайлық шарт - бұл құрылтайшылар (адвокаттар) келісімі, онда адвокат кеңсесін құру жөніндегі бірлескен қызметтің тəртібі, өз мүлігін оның меншігіне (жедел басқаруға) беру жəне оның қызметіне қатысу шарттары, со-ндай-ақ адвокат кеңсесінің қызметін басқару, құрамынан құрылтайшылардың шығу шарттары мен тəртіптері жəне ҚР заңнамасына қайшы емес өзге де мəн-жайлар анықталады.

Адвокат кеңсесінің жұмыс тəртібін ҚР заңнамасында көзделген талаптарды ескере отырып құрылтайшылар анықтайды.

Адвокаттар кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) ол тиісті органдарда мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға жəне оның құзырына адвокат кеңсесінің құрылтайлық құжаттарын тапсырады.

Адвокат кеңсесі мемлекеттік тіркелген сəттен бастап заңды тұлға құқығын алады.

Адвокат кеңсесінің мөрі, дербес балансы, банктерде есепшоты, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде атаулары көрсетілген бланкілері, заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті басқа да белгілері бар, олардың үлгілері заңнамада көзделген тəртіппен бекітіледі жəне тіркеледі.

Адвокаттар кеңсесі əділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.

Адвокаттар кеңселерінің иелері мен онда еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін адвокаттарға заң консультацияларында жұмыс істейтін адвокаттардың барлық құқықтары мен міндеттері таратылады.

Адвокаттар алқасының мүшесіне бір уақытта заң консультациясының штатында тұруға жəне адвокат кеңсесінің иесі болуға немесе оңда еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Адвокат кеңсесінде жұмыс істейтін алқа мүшелерінің жалақысы жарғымен жəне еңбек шартымен анықталады.

Адвокат кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет емес, өйткені бұл кез-келген адвокаттын; адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандарының бірін, оның ішінде адвокаттық кеңсені тандау құқығы.

Адвокат өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке дара жүргізуге құқылы. Мұндай жағдайда ол бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, əкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.

Адвокатта қызметтің осы нысаны кезінде банктерде есеп айырысу жəне өзге де шоттары, адвокаттың тегі, аты, əкесінің аты, нақты адвокаттар алқасына тиістілігі мемлекеттік жəне орыс тілінде көрсетілген жеке мөрі жəне адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі, сондай-ақ мөр табандары мен жеке бланклері болады.

Қызметтің осы нысаны кезіңде адвокаттарға қаржылық жəне материалдық қорларды үнемдеу мақсатында ғимаратты (оны жалдауды қоса алғандар), компьютерлерді, осы заманғы техникалық жəне өзге де байланыс құралдарын (телефондар, факстар, электронды пошта, Интернет жəне т.б.), көмекші қызметшілерді жəне т.б. бірлесіп пайдалануға, заңды тұлғаны құру құқығынсыз бірігуге рұқсат етіледі, бұл жағдайда олар банкге ортақ есеп шот, қозғалмайтын жəне басқа да мүлікті ұстай алады.

Өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жүзеге асыратын адвокаттың артықшылығы- осы арада құрылтайлық құжаттардың талап етілмейтіндігінде. Адвокат тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуші ретінде салық органдарында тіркелуге жəне қолданыстағы ережеге сəйкес қаржы мен салық органдары алдында есеп беруге міндетті. Тіркелген сəттен бастап 10 күннен кешіктірмей ол бұл туралы адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға тиіс.

Жеке дара жұмыс істейтін адвокат адвокаттар алқасының мүшесі сияқты мүшелік жарнаны уақытында төлеуге, жарғыда белгіленген тəртіп пен шарт бойынша өз қызметі туралы есепті тапсыруға міндетті.

Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не болмаса олардың заңды өкілдері адвокатпен шарт жасамаған болса, тергеуші, прокурор іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК, 486 бап).

Қорғаушы (адвокат) өзіне қабылдаған айыпкерді, сезіктіні қорғаудан бас тартуға қүқығы жоқ. Бұл айыпкер үшін қылмыстың ауырлығы мен басқа да мән-жайларға қарамастан, маман-заңгердің көмегін пайдалану кепілдігін береді. Қорғаушы сезіктінің, айыпкердің заңсыз және негізсіз талаптарына тәуелді емес.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады1 ".

Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.

 

 

Орытынды

Әр түрлi кәсiпорындарға тәжiрибенiң студентiмен өту және ұйымдардағы заңды мамандықты маманның дайындығын процестiң маңызды элементi болып көрiнедi. Келешек заңгер ағымында тәжiрибе iс жүзiндегi қызметте оқыту процесте бұрын алған теориялық өнер-бiлiмдерін қолдануға мүмкiншiлiгi болады.

Тәжiрибе көзде заңгердi сапада жұмыс iстеудiң тәжiрибесiнiң алуында тұрады.Үйрету барысында теориялық өнер-бiлiмдер кәсiби дайындықтың жоғарылауы, нақты жағдайларда заңнаманың пайдалануының икемдiлiгi басты мақсаты болып келеді.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:

-заң кеңесшісі ретінде практикалық жұмыс тәжірибесін алу

-кәсiби дайындық сапаны жақсарту

-заңға маманның тәрбиесi құрмет сарынмен

-білімін жақсарту

-студенттің заңнамамен жұмыс істеуін тексеру

құқық салаларының кең қамтуы оқылған теориялық материалды маған меңгеруге мүмкіндік берді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/343841/119/446/6856

 

2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-əдістемелік кешен






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных