Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Литосфераны қорғау




Жер ресурстарын қорғау бойынша негізгі шараларға келесілер жатады;

- бұрғылау жұмыстарына және сызықтық құрылымдарға жерді бөлу нормаларын сақтау;

- грунт жолдарының органикалық тораптары;

- қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру;

- топырақ жағдайын бақылауды ұйымдастыру;

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру. Қайта қалпына келтіру жоспарына келесілер кіру керек:

Құбыр желілерін төсеу үшін траншеяларды қайтадан ашу. Көлік жолдары құрылысында трассалық резервуарлармен карьерлердің қайта қалпына келтірілуі қарастырылады.

Қайта қалпына келтірудің техникалық кезеңіне кіретіндер:

- ашылған грунтты алу және оны жинау, құламаларды 1:10 түзетуде грунтты игеру, карьер құрамаларымен түбін жобалау, ашылған грунттың кері жылжуы;

- ұңғыма құрылысында бұрғы аймағын ластанудан, қалдықтардан тазарту, шламдарды, бұрғылау ертінділерін және бұралқы суларды пайдаға асыру бойынша жұмыстар, амбарларды көму, грунтты жоспарлау, топырақты кешенді реагенттермен өңдеу қарастырылады;

- Желіні төсеудің барлық тереңдігіне пышақты желі төсегішпен қатты кесу тәсілімен желіні төсеуде, байланыс желілері құрылысында жерді қайта келтіру қаралмайды;

- ВЛ трассасы бойынша электро беріліс желілері құрылында қалпына келтіру жұмыстары тіректерге бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.

Биологиялық қалпына келтіру бұзылған жерлерді қалпына келтірудің технологиялық кезеңінен кейін жүзеге асырады.

Топырақты эрозияға қарсы бекіту теріскен, сексеуіл, қара сүзгін егумен өсімдіктерді қалпына келтіруді қарастырады.

Олардың топыраққа терең енетін тамыр жүйесі бар.

Биологиялық қайта қалпына келтіру жүргізіледі;

- ұңғыма алаңының периметірінен 100м қашықтағыбелдеуде;

- орталық манифольдтің қоршалған өлшеу қондырғыларының периметрі бойынша 50м қашықтықтағы белдеуде;

Ұңғыма сағасымен өлшеу қондырғылары алаңының қоршаулары шегінде топырақты ұшудан сақтайтын 20см қабаты қиыршықтасты жабынмен жабылған.

Ұңғыма, өлшеу қондырғылары, газ құбырлары, су құбырлары, 5және 35кв мұнай жинау желілері трассалары аймағын биологиялық қайта қалпына келтіру, қайта қалпына келтірілетін аймаққа құмбекіткіш өсімдіктерді егу жолдары қарастырылады. Өсімдіктерді отырғызудың терең 0,35-0,45м, ара қашықтықтары 1м, қатарлар арасы 6м болады.

Жолдар, карьерлер бауырайларын биологиялық қайта қалпына келтіру үшін дәнді егу нормасы 32 кг/га жергілікті күнсүйгіш көпжылдық шөптерді егу қарастырылған.

Бөлінетін құмдарды бекіту бойынша эрозияға қарсы шаралар екі кезеңде қарлады:

- Құм беттерін тұтқыр материалдармен бекіту;

- Қайталама тұтқыр материалдармен өңдеп құм бекіткіш өсімдіктерді отырғызу.

Топырақтың ластану деңгейін төмендететін шаралар:

1. ұйымдастырушылық

2. технологиялық

3. жобалық конструкторлық

4. санитарлық эпидемияға қарсы

1.Ұйымдастырушылық:

- қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру;

- кен орын аймағымен көлік қозғалысын ұйымдастыру және бекіту;

- қалдықтардыбасқару жүйесін бұзатын санкцияланбаған жұмыс жүргізудіболдырмау;

2. Келесі жағдайларда ластанумен байланысты жұмысты жүрнізуді мұқият бекіту немесе технологиялық:

- бұрғылауда

- жабдықтарды тасымалдауда;

- жердегі жұмыстар барысында;

- техникалық қайта қалпына келтіру;

3. Жобалық конструкторлық:

СЭС және табиғатты қорғау ұйымдарда жасалған жобаларды сәйкестендіру және тексеру;

- топырақтың ластануын төмендетуге бағытталған жобалық конструкторлық шешімдердің тиімдісін таңдау.

4. Санитарлық – эпидемияға қарсы:

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған орындардың сәйкесті учаскелерін орналастыруды таңдау және ұйымдастыру.

- жұмысшыларды аса қауіпті инфекциялардан эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету;

Қалдықтар жиналатын негізгі орындарға:

1. КТЖ;

2. құрылыс учаскелері;

3. «Қара жамбас» вахталық поселкесі;

Бұдан басқа анағұрлым кіші өндірістік, құрылыс және көмекші учаскелер бар.

Қалдықтарды жинау және жою принциптері. Қалдықтарды жинау және жоюдың негізгі принциптері мұнайды барлау және оны өндіру Форумының негізгі ұсыныстарына, сондай-ақ РНД 0,30,04,01-95 сияқты ҚР нормативті құжаттары талаптарына сәйкесті болады, және оған кіретіндер:

1. Қалдықтар жиналуының көздерін анықтау

2. Жиналатын қалдықтарды анықтау

3. Қалдыықтар түрлерін және олардың қауіптілік категориясын топтастыру;

Қалдықтарды жинау және жою әдістерін таңдауда келесі факторларға көңіл аудару керек: жергілікті рельефпен географиялвқ ерекшелігі, қабат суларының жағдайларымен ерекшелігі, топырақтың жағдайы және бар қабілеті, құрғалу жағдайлары, берілген аймақтың экологиялық сезімталдығы, атмосфералық ауаның сапасы және геологиялық, экологиялық, жағдайлар.

Қалдықтарды жинау және жою варианттары. Жобада ҚР табиғатты қорғау заңдылықтары талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өзін сәтті көрсеткен және жалпы қабылдаған технологиялар қаралады.

Биологиялық қайтадан өңдеу – нақты жағдайлардан және бар шектеулерден тәуелді органикалық материалдарды көміртегі екі қотығында, суда, микроаэзалар биомассасында аздыруға арналған.

Термиялық қайтадан өңдеу – төмен температурада өңдеу қалдықтардан көмірсутектерді және суды алуға мүмкіндік береді, ал үрдістері арқылы жоғары температуралы технологиялар органикалық қосылыстарды бұзады. Термиялық қайта өңдеудің болжанатын әдістерін келесілер жатады; өртеу, термиялық шығару және тексеруші ұйымдар келісімімен өртеу.

Саңылаусыздандыру, тұрақтандыру және қатайту – бірге қарастырылады, себебі сәйкесті технологиялық үрдістер шеңберінде бірге жүргізіледі. Бұл үрдістер қалдықтар құрамындағы ауыр металдарды тұрақтандыру.


ОРЫТЫНДЫ

Өзен кен орнында игеру тәсілі мұнай қабаттарына су айдау болып табылады. Алайда, алдынғы жылдары кен орын бойынша су айдау мұнай өндіруді арттырудың мақсаттарына сәйкес болса, бүгінгі күні тек осы тәсілді қолдану мұнай өндіруді арттыруда нәтиже бермейді. Қабаттардың мұнай бергіштігін арттырудың негізгі себептері болып:

- су айдаудан кейін өңдірілмеген мұнай көлемінің артуы;

- қиын алынатын қор үлесінің артуы (коллектордың төмен өткізгіштігі, суланған қабаттар)

Мұнай қорының құрылымының нашарлауы - қабаттың мұнай бергіштік коэффициентінің төмендеуінің негізгі себебі.

1.01.2004 жылғы Өзен кен орны бойынша суды айдау көлемі 46591,2 мың м3, сұйықтықты өндіру 24716,5 мың тонна, мұнай – 4970,8 мың тоннаны құрайды. 2003 жылда іріктеуді айдаумен орын айыстыруы (компенсация) 174 % құрады, яғни сұйықтықты іріктеу темпі қабатқа су айдау темпіне сәйкес келмейді. Сол себептен, Өзен кен орнында қабаттан өндіру ұңғымаларының түп аймағына сұйықтықты шақыру мақсатында қабатты гидрожару шарасын өткізу ұсынылды.

Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін ең тиімді шаралардың бірі ретінде ұңғыманың түп аймағындағы жыныстарға әсер ету, яғни қабатты гидрожару тәсілін көрсетуге болады. Бұл тәсіл қиын, әрі қымбат болғанымен өте эффективті болып келеді. Себебі, көп жағдайларда қабатты гидрожару жұмысын өткізгеннен кейін ұңғыманың дебиті бірнеше ондықтарға көбейеді. ҚГЖ – ға шығымы аз ұңғымалар таңдалып, бұл жұмыс жүргізілгеннен кейін ұңғыма дебитінің артуын, 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын, бұл жұмысқа кеткен шығындарды, т.б. көрсеткіштерді талдап, ҚГЖ – ның қаншалықты тиімді болғанын анықтайды. Қабатты гидрожаруға кететін шығындар ретінде мыналарды көрсетуге болады:

айдалатын сұйықтық мөлшеріне және құрамына байланысты шығындар

сорапты агрегаттарды жалға алу үшін шығындар

жер асты жөндеу жұмыстары

жұмысшылардың төлем ақылары

және т.б. шығындарға көп қаржы кететіндіктен көбінесе ҚГЖ жұмыстарын мұнай табу компаниялары емес, қызмет көрсету компаниялары жасайды.

Қабатты гидрожарудың экономикалық есебі осы шараны жүргізу тиімді екендігін көрсетеді. Егер бір ұңғымадан экономикалық тиімділік 12848315 тенгені құраса, онда осы санды өндіру ұңғымаларының санына көбейтсе, біз қабатты гидрожару шарасын енгізу керек пе деген сұраққа өзі жауап беретін нәтижені көре аламыз.

Болашақта:

- қабатты гидрожаруды ең алдымен су айдау әдісі тиімсіз болатын, өткізгіштігі нашар қабаттарда жүргізу керек;

- ҚГЖ шараларын нашар өткізгішті түзілімдерде орнанласақан айдау ұңғымаларында жүргізу керек, ол осы объекттерде қабаттан мұнайды ығыстыруды қамтамасыз ететін тиімді су адау жүйесін ұйымдастырар еді;

- ҚГЖ жүргізу кезінде кәсіптік зерртеу кешенін ескеру керек, жарықтардың пайда болуының әсерінен жұмыс істеу аралықтарын анықтау мақсатында.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных