Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқулықта кездесетін кейбір терминдердің түсіндірме сөздігі




Аборигендер -Австралияның байырғы халқы. Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылық арқылы бөлінетін 200-ден аса тайпалардан құралған. Олар экваторлық қара нәсілдің Аустралиялық тобына жатады. Өңі қара-қошқыл, бұйра шашты, кең танаулы қабақтары шығыңқы болып келеді. Аустралияға 50 000 жыл бұрын келген.

Абсолют биіктік – мұхит деңгейінен бастап есептелетін биіктік.

Абсолют максимум – көп жыл ішіндегі ең жоғарғы метеорологиялық көрсеткіш.

Абсолют минимум – көп жыл ішіндегі ең төменгі метеорологиялық көрсеткіш.

Агломерат – металлургияда темірді әктаспен және кокспен қыздырып күйдіргенде алынатын темір кесектері. Домналарда қорыту кезінде қолданылады.

Ағашты кесу күтімі – орманды қорғау, сауықтыру мақсатында, ағаштың сапасын жақсарту үшін орманнан жас ағаштардың біразын кесу және тазарту.

Азимут – бақылаушының тұрған нүктесіндегі меридианның бағыты мен сол нүктеден діттеген затқа қарай жүргізілетін бағыттың арасында пайда болатын бұрыш.

Акватория – шығанақтардың жағаларымен немесе порт құрылыстарымен шектелген су айдынының үлескісі.

Айлақ – желден, ағыстан және толқындардан табиғи немесе жасанды жолмен қорғалған, кеме тоқтайтын жөндейтін және тұратын су кеңістігінің жағалаулық бөлігі.

Аймақ – бұл термин аудан түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аумақты сипаттау үшін пайдаланылады.

Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділер мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы.

Аллювий – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.

Альбедо – Жер бетінің Күнді шағылыстыруы.

Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

Анимизм – рухқа, оның мәңгілігіне және аруақтардың бар екеніне сену.

Антарктикалық белдеу – оңтүстік полюс төңірегіндегі географиялық белдеу.

Антициклон (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.

Антрацит – жоғары калориялы көмірдің түрі, бағалы энергетикалық отын түрі.

Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.

Антропоген дәуірі -жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

Антропогенді ландшафт -адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.

Антропогендік фактор -ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

Антропология – аламның шығу тегі мен даму ерекшелігін зерттейтін ғылым.

Аңғар – табаны ылдиланып кететін ұзынша ойыс.

Апартеид (африкаансша: apartheid — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі.

Арал – құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған бөлігі.

Ареал -жер беттің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) -құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

Арна – аңғардың табанында су ағып жататын ойыс.

Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су.

Архипелаг (гр. Αρχιπέλαγος) — бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы. Бір архипелагқа кіретін аралдардың шығу тегі мен геологиялық құрлысы бірдей болып келеді. Осыған қарай оларды материктік, маржандық, вулкандық деп үш түрлі атайды. Италиянша Arcіpelago, 13 ғасырда венециялықтар ұсынған Эгей Топаралының алғашқы атауы.

Астеносфера – 900 км-ге дейін созылып жатқан жоғарғы мантияның 250-300 км тереңдікте орналасқан қаттылығы мен беріктігі төмен қабат.

Астероид – Күн жүйесінің көбінесе Маср пен Юпитер арасында айналып жүретін шағын денелері.

Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады.

Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су.

Атмосфералық қысым - атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды.

Атмосфералық фронт – қасиеттері әртүрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын (ені 500-900 км, ұзындығы 2000-3000 км-ге дейін жетеді) өтпелі зоналар.

Атмосфераның жылу режимі – ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерісі.

Ауа айналымы - жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылық салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді.

Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы мен климаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі. Абсолют және салыстырмалы ылғалдылығы, ылғал жеткіліксіздігі, су буының серпінділігі, шық нүктесі, меншікті ылғалдылық, қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.

Аудан – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әкімшілік көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ. Экономикалық аудан – экономикалық-географиялық жағдайы, табиғи еңбек ресурстары, мамандагуы, өндірістің өзара байланыстылығы бойыншы айырмашылық жасайтын аумақ.

Ауданның мамандануы – ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі – жер білігінен ауылшаруашылық өнімінің орташа жиналымын сипаттайтынкөрсеткіш; 1 га-дан жиналған өнім, центнермен есептеледі.

Ауылшаруашылық кәсіпорны – негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы саласы болып табылатын заңды тұлға.

Ауылшаруашылық өнімі – күнтізбелік жыл бойында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында өндірілген өнімдердің нақты өлшенген орташа өткізу бағасымен ақшаға шағылуы. Ауылшаруашылық өнімдерінің нақты көлемі индексін есептеу үшін оның көлемінің салыстырмалы бағадағы көрсеткіші қолданылады. Салыстырмалы баға ретінде алдындағы жылдың орташа жыдық бағалары қолданылады.

Ауыспалы егіс – топырақтың құнарлылығын сақтау үшін егістік жерге дақылдарды жүйелі ауыстырып егу.

Афелий – орбитадағы Күннен ең қашық нүкте. 152 млн км, Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді.

Аэротермикалық градиент -ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

Әкімшілік-аумақтық бөліну – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, оның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесі жұмыс атқарады.

Әртараптандыру (диверсификация) – бір-бірімен байланыссыз көптеген өндіріс түрлерінің бір мезгілде дамуы. Әртараптандыру өндірістің тиімділігін арттыру, экономикалық пайда табу және банкроттыққа ұшырауды болдырмау мақсатында қолданылады Барқан – құмды шөлде жел үрлеп үйген, қолорақ немесе жарты ай тәріздес құм төбе.

Байыту – қажеті жоқ заттардан арылту немесе жаңа затты қосу жолымен Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады.

кеннің, топырақтың сапасын жақсарту.

Бартер – беспа-бас айырбас – сауда мәмілесі, тауардың белгілі бір мөлшерін басқа тауар мөлшерінің құны бойынша ақшалай төлем жасалмай айырбастау.

Бастапқы меридиан, нөлдік меридиан, Гринвич меридианы — Гринвич арқылы өтетін бастапқы Жер меридианы. географиялық бойлықтың есебі жүргізілетін меридианы.

Батолит - жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс. Пішіні күмбез тәрізді болып келетін

Батпақ — ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстарда, шұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттарда іркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады.

Батыс желдер – батыстан шығысқа бағытталған тұрақты желдер.

Батыс Желдер ағысы — оңтүстік жарты шардағы 40° және 55° орта ендік аралығында үнемі батыстан соғатын желдің әсерінен қалыптасқан суық теңіз ағысы.

Бедленд (шөл адыр) -эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі.

Бентос (гр. benthos – тереңдік) — су қоймаларының түбіндегі организмдер жиынтығы. Өсімдіктер бентосы (фитобентос) тайыз жағалау зонада орналасады; жануарлар бентосы (зообентос) барлық тереңдікте болады. Бентос — көптеген балықтардың жемі.

Бергштрих - ылдидың бағытын көрсету үшін горизонтальдарға қосымша берілетін кесе-көлденең сызықша.

Бизнес – жекебастың, мекеменің пайдасын арттыруға бағытталған іс, кәсіпкерлік, сауда.

Биогенді кешен – территориялық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Биогеография — (био... және география) — жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.

Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.

Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды.

Биотехнология – білім, тауар және қызмет көрсетуді даярлау мақсатында техника мен технологияны тірі организмдерде, сондай-ақ олардың жеке бөліктерінде, өнімдер мен үлгілерде қолдану. Ол генетикажәне инженерлік генетика саласындағы ғылыми жетістіктер негізінде тез қарқынмен дамуда.

Биотикалық фактор – ландшафтарының пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

Биохимиялық фактор – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.

Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы. Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877).

Биік таулық климат – жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын климат түрі.

Биіктік белдеулері, вертикал белдеулер - бірінен кейін екіншісі кезектесіп орналасқан, табиғат жағдайларының бүкіл кешені бойынша біршама біртекті, кейде үзілмелі болып келетін таулардағы ландшафт өңірлері (атыраптары). Биік таулы аудандарда биіктікке қарай жылу мен ылғал мөлшерінің өзгеруі.

Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.

Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердің, көлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел. Күндізгі Бриз теңізден (көлден) құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге (көлге) қарай соғады.

Булану (Испарение) — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі. Қатты дененің булануы сублимация деп аталады.

Бұғаз — құрлықты (мыс., екі құрлықты, арал мен құрлықты, екі аралды) бөліп, 2 су алабын немесе олардың бөліктерін жалғастыратын дүниежүз. мұхиттың енсіздеу бөлігі. Бұғаз мұхит пен мұхитты (Магеллан, Дрейк), теңіз бен теңізді (Босфор, Дарданелл), теңіз бен мұхитты (Гибралтар, Ла-Манш, Беринг), мұхит пен теңіздің жеке бөліктерін (Мозамбик, Солтүстік Кваркен) жалғастырады.

Бірлестік – кәсіпорындардың өнім өндіру үшін бірлесуі. Ол бірнеше бөлімшеден тұрып, шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейді. Мұнда барлық күш және барлық қаржы бір жерге шоғырландырылады.

Валюта – белгілі бір мемлекетке заңмен белгіленген ақша өлшемі (теңге,доллар,еуро, т.б) және оның түрлері (алтын,күміс, қағаз ақша).

Вегетациялық кезең – өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жыл маусымы. В.к - өте маңызды биоклиматтық көрсеткіш.

Вилли-вилли – Аустралияның солтүстік батыс жағалауындағы Тимор теңізіндегі тропикалық циклон.

Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

Гейзер (исландша: geysir — лақ ете түсу) — ыстық су мен бу шапшымаларын 60 метр биіктікке дейін оқтын-оқтын атқақтататын қайнар.

Географиялық белдеулер - географиялық қабықтағы ең ірі зоналық бөлімшелер. Жылу мен ылғал, ауа массаларының айналымы, биохимиялық және геоморфологиялық процестердің өзіндік көрсеткіштері мен ырғақтылығының ортақ ерекшеліктерімен сипатталады.

Географиялық зона – климат жағдайлары, топырақ пен өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік өңір.

Географиялық карта— Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

Географиялық координаталар - жер бетіндегі белгілі бір нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын, ендік және бойлық деп аталатын бұрыштық шамалар.

Географиялық қабық, ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы.

Географиялық орта — адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмірдің қажетті әрі тұрақты шарты; географиялық қабықтың бір бөлігі. Географиялық орта түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін құбылыстары мен процестерін де қамтиды.

Географиялық Полюс, географиялық ұйық (лат. polus, грекше plos — өс, ұйық) — Жердің айналу өсінің жер бетімен қиылысатын нүктелері, яғни полюстерде жердің барлық меридиандарының қиылысуы. Солт. полюс (ұйық) Солт. Мұзды мұхитта орналасқан. Солт. Географиялық Полюсте алғаш рет 1909 ж. 6 сәуірде америка\америкалық теңіз саяхатшысы Р. Пири болған. Оңт. Географиялық Полюс Антарктида құрлығында жатыр. Оған норвегиялық полюс зерттеушісі Р. Амундсен 1911 ж. 14 желтоқсанда жеткен. Географиялық Полюстерде дүние жақтары болмайды, тәуліктік уақыт (24 сағат) күн мен түнге бөлінбейді. Себебі Географиялық Полюстерде 6 ай (179 тәулік) күн, 6 ай түн (полюс түндері мен полюс күндері) болып тұрады, яғни Күн көкжиектен 6 ай шықпайды не 6 ай көкжиектен төмен түспейді. Жердің ішкі құрылысының күрделілігіне байланысты Географиялық Полюстер бір нүктеде тұрақтамай, ауытқып отырады.

Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, Жер бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.

Геоид (грек. geo — жер, eіdos — түр) — мұхит пен ашық теңіздердің тыныш қалпындағы (толқын, тасу-қайту, түрлі ағыс болмаған жағдайда) орта деңгейімен өтетін жердің пішіні.[1] “Геоид” терминін 1873 ж. немістің физигі И. Листинг енгізген. Геоид пішіні жер қыртысы массасының таралуына байланысты болатын тіктеуіш сызығының бағытымен анықталады.

Геоморфологиялық кешен – Жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық-географиялық факторлармен анықталатын мемлекеттің сыртқ саясаты мен халықаралық қатынастың саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, экономикалық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.

Геосинклиналь -Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары жиі байқалатын бөлігі. “Геосинклиналь ” терминін ғылымға енгізіп (1873), бұл ұғымды толықтырған американ геологы Дж. Дена. Француз геологы Э. Ог (1900) Г-ді платформаның сыңары ретінде қарады және оның ішкі құрылысы күрделі екенін, даму барысында ойыстар мен көтерілімдерге бөлінетінін көрсетті.

Геофизика – Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.

Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.

Гидрология – гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылым.

Гидросфера – Жер шарының су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген табиғи сулардың барлығын қамтиды.

Гидротермиялық градиент – ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.

Гидрофизика -өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым.

Гигрометр -ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылатын метеорологиялық аспап.

Гилея — Оңтүстік Америкада, негізінен, Амазонка өзенінің алабында өсетін ылғалды тропиктік ормандар. Көп жікқабатты алуан түрлі, эпифитті және шырмауық өсімдіктердің көп өсетіндігімен ерекшеленеді. Гилеяда көп- теген бағалы ағаштар (мысалы, какао, гевея) өседі. Гилея үнемі ыстық және ылғалды климат жағдайында қалыптасады. Сондықтан мұнда биологиялық ырғақтың маусымдылығы аз болады. Кең мағынада гилея барлық континенттердегі ылғалды тропиктік ормандар болып табылады.

Гипоцентр – жер сілкіну кезде пайда болатын тереңдегі ошақ.Одан жер сілкіну толқындары жан-жаққа таралады. Гипоценрт көбінесе 50км-ге дейінгітереңдікке орналасады, кейде одан да тереңге тіпті 700-800 км-ге дейін кетеді.

Глетчер (немісше Gletcher – мұз) – аңғар мұздығы,құрлық мұздығы. Таудағы мұздықтардың швейцариялықтарша аталуы.

Глобус — картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұксастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси, тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 млн — 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492) деп саналады.

Гляциальды-нивальды зона – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тараған жер.

Гондвана — көбіне палеозойда және мезозойдың басында Оңтүстік жартышарда болған деп болжанатын алып суперконтиненті. Гондвананың Солтүстік жарты шардағы антиподы — Лавразия.

Горизонтальдар — жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар.

Гравитациялық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын ауыстыруы.

Гравитациялық процесс – заттардың түрліше гравитациялық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б.

Гравитациялық энергия – заттардың гравитациялық қозғалысының күші. Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу.

Градус торы – картада немесе глобуста белгілі бір градус сайын жүргізілген меридиан және параллель сызықтарының қиысуынан пайда болған тор.

Гринвич уақыты – Гринвич меридианының уақыты.

Гуано – қалыңдығы 30 м-лік аса бағалы азотты тыңайтқыш.

Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.

Гумидті процес – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгішіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.

Ғылымды қажетсіну – ел экономикасы үшін зерттеу мен әзірлеу шығынының өнім құнына немесе ішкі жалпы өнімге қатынасы.

Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән.

Демография – халықтың құрамы мен ондағы өзгерістерді, баланың туылуын, некелесуді, өлім-жітімді зерттеумен айналысатын статистиканың бір бөлігі.

Демографиялық жарылыс – халық санының күрт өсуі.

Демографиялық көрсеткіштер – дүние жүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін қолданылатын көрсеткіштер.

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы.

Дендро бағы – жеке бір жерде немесе ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.

Дендрология – ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы.

Денудациялық процесс – тау жыныстарының үгілу және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әсерінен сырғып, ойысқа шөгуі.

Депопуляция – халық санының азаюы.

Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.

Дефляция – топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі.

Диаспора – саны аз ұлт өкілдерінің басқа мемлекеттерде тұрақты қоныстануы.

Дигрессиялық ландшафт өзгересі – ландшафтының құнарсыздануы.

Диспропорция – сала мен өндірістің дамуындағы ресурстар мен өндіріс аралығындағы сай келмеушілік.

Дренаж – топырақты, грунтты құрғатуға арналған грунт суының немесе ағын судың жасанда ағыны. Ашық дренаж - өзен немесе каналдарға жыралар арқылы су ағызу; жабық дренаж – жер астында салынған құбырлар арқылы су ағызу.

Дүние бөліктері — Жер бетіндегі құрлықтардың (төңірегіндегі аралдарымен, ішкі теңіздерімен қоса) тарихи қалыптасқан бөліктері. Олар алтау:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных