Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азия, Австралия және Океания, Америка, Африка, Антарктида, Еуропа.




Жер бетін бұлай бөлу құрлықтарға сәйкес келе бермейді. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір дүние бөлігі, бірақ екі құрлық болып есептеледі. Ал Азия мен Еуропа Еуразия құрлығын құрайды.

Дүниежүзілік мұхит – барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы.

Егіннің шығымдылығы – егіс көлемінің 1 га-дан центнер есебімен алынатын ауылшаруашылық өнімінің мөлшері.

Егістік жер – ауылшаруашылық дақылдары егілген жердің ауданы.

Еңбек өнімділігі – уақыт бірлігі ішінде бір жұмысшының шығарған өнімінің санымен немесе өнім бірлігін дайындауға жұмсаған уақыт мөлшерімен өлшенеді.

Еңбекті қажетсіну - өлшемді шығару не өлшемді жұмысты орындаудың нақты еңбек шығыны. Мөлшерлі еңбекті қажетсінуде мөлшер сағатпен өлшенеді. Өнімнің нақты еңбекті қажетсінуі таза не құндық өлшеуге кеткен жұмыс уақытын өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Еркін сауда аймағы – экономикалық интеграцияның сатысы. Еркін сауда аймағының шеңберіне кіретін елдердің арасындағы тауар айналымына тарифтік және мөлшер жағынан шекқоюшылықтың жойылуы.

Жаға (Берег) — құрлықтың өзен, көлдермен, ал теңіздің су жиегімен астасатын жолағы.

Жағалау (Побережье) — құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ.

Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады.

Жайылма - өзен арнасының тасыған кезде су басатын, арнаға іргелес, жайдақ бөлігі.

Жалпы географиялық карталар – Жер бетіне жалпылама сипаттама беретін карталар.

Жалпы өнім – кәсіпорынның немесе бүкіл шаруашылықтың белгілі бір мерзімде ақшаға шаққандағы шығарған өнімі.

Жалпы түсім – бір шаруашылықтың немесе қандай да бір аумақтық бөлімшенің шегіндегі әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының барлық егістігінен, ауылшаруашылық егістігінен немесе басқа ауыл шаруашылығы жерлерінен өндірілген өнім.

Жекешелендіру – мемлекетке тиесілі нысандарды меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жеке қосалқы шаруашылық – ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін пайдалануға, иеленуге және меншікке жер берілетін шаруашылық түрі.

Желбағар (Флюгер) — желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрылғы.

Жел өрнегі — көп жылдық бақылаулар нәтижесінде белгілі бір аймақтағы желдің басым бағытын көрнекі түрде көрсететін векторлық диаграмма. Әдетте, айлық, маусымдық және жылдық болып бөлінеді.

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.

Жер бедері, рельеф (франц. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) – шығу тегі, пішіні және жасы бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес Жер бетінің жиынтығы. Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Жер беті жыныстарының аэрациясы – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасу.

Жер қабығы - Жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 1%-дан кем көлемін құрайды. Қалыңдығы мұхиттердің астында 5 км-ден бастап, тау тізбектерінің астында 60 км-ге жетеді. Жер-іспетті планеталардың беті көбінесе қатты, астындағы жатқан тығыздығы жоғары тау жыныстарына дейін құрамы әртүрлі боп келеді деп, қабық боп саналады.

Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді.

Жер мантиясы — жер қыртысының табаны (Мохоровинич арасы) мен 2900 км тереңдіктен басталатын жер ядросы жабынының аралығын қамтитын планетаның құрам-бөлігі. Мантия қимасын құрайтын заттар тығыздығы жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады.

Жер орбитасы – Жердің Күнді айналу жолы.

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Жер сілкіну эпицентрі (орталығы) — жер сілкіну ошағының (гипоцентрдің) Жер бетіндегі проекциясы. Гипоцентрдің формасына байланысты эпицентрдің формасы да әр түрлі болып келеді (нүктелік, сызықты, аудандық).

Жер ядросы — Жердің орталык неғұрлым терең геосферасы. Сыртқы ядро мен субъядроға бөлінеді.Сырт қы ядро — сұйық, субъядро — қатты деп топшыланады.

Жергілікті бірлік – негізгі қызмет түрі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болып табылатын заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылық түріндегі бөлімшесі.

Жиналған алқап – ауылшаруашылық дақылдарының түсімі жиналған нақты алқап.

Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, тұрақты жалақысы жоқ, еңбекке жарамды халықтың жұмыссыз жүруі. Жұмыссыздыққа әсер етуші факторлар: өндірісті автоматтандыру, механикаландыру, еңбекті интенсивтендірудің артуы, өнеркәсіптің, т.б мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, жабылуы, мамандануының біржақтылығы.

Жүк айналымы – белгілі бір мерзімде белгілі бір қашықтыққа тасымалданатын қашықтықтың мөлшері; ол тонна-километрмен өлшенеді.

Жылу белдеулері – Жер шарына Күннен келетін жылудың таралу мөлшеріне қарай бөлінетін белдеулер.

Зоналылық — географиялық зоналылық (дәлірек айтқанда, физикалық-географиялық зоналылық) - негізінен, Күннің сәулелік энергиясының ендік бойынша біркелкі таралмауының әсерінен экватордан полюске қарай географиялық белдеулердің құрлықтағы ауысуы және осы белдеулердің ауқымында географиялық зоналардың таралуы.

Зоогеография (грекше: zoon - жануар және география) – Жер шарындағы жануарлар дүниесінің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биогеографияның бөлімі.

Зоомасса – территориялық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.

Изобара (изо... және bros – ауырлық) – тұрақты қысымда өтетін процесті кескіндейтін термодинамикалық күй диаграммасындағы сызық.

Изогиета – жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.

Импорт – басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу.

Инвестиция – пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі немесе шетелдегі белгілі бір кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа күрделі қаржы капиталын жұмсау.

Индустрияландыру – шаруашылықтың барлық салаларында, әсіресе өнеркәсіпте ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлық құрылымнан индустриялық құрылымға өтуі.

Инновация – технологиялық үрдіс, өнім немесе қызмет көрсету формасындағы экономикалық маңызды ғылыми-техникалық жаңалық.

Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

Инсоляциялық беткей – күнгей беткей.

Интенсивтендіру - өндірістің өнімділігін арттыру үшін жұмсалатын қаржы мен еңбектің артуына байланысты ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануға негізделген, ғылыми-техникалық прогреске сүйенген өндірісті дамыту.

Интрузия – 1 ) жер қыртысының жоғарғы зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып үлгермеген магманың енуі; 2) осы магманың өатаюынан пайда болған магмалық дене.

Интрузивті тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.

Инфрақұрылым – халықтың күнделікті қажетін қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көсету, т.б жатады.

Ирригация – жер суландыру – егісті қолдан суғару.

Кампос, кампус (португалша сатро - дала, жазық) — Бразилияның жазық тауларындағы саванналардың жергілікті атауы.

Каппилярлық су – топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.

Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі).

Кендір – талшығы тоқыма шикізаты ретінде қолданылатын өсімдік.

Кенттену – қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралу процесі.

Киммериялық тектогенез – мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау таулары түзілген.

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкіш) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Климаттық белдеулер -Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері.

Климат қалыптастыушы факторлар 3 ке бөлінеді.Олар: күн радиациясы, атмосфералық циркуляциясы, жер бедері төсеніштері.

Комбинат – бір кәсіпорын өнімі басқа бір кіәсіпорын үшін шикізат не жартылай дайындалған өнім болып табылатын кәсіпорындар бірлестігі.

Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; лат. condensatio — тығыздалу, қоюлану) — заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге карай ығысуынан болады.

Консервативті ландшафт – барлық кешендері динамикалық тепе-теңдік тапқан ландшафтылар.

Консорциум – бірнеше банктердің немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қарызды бірлесіп орналастыруы немесе көп қаржы қажет ететін өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру үшін уақытша келісімі.

Концерн - өнеркәсіптік кәсіпорындардың, көлік, сауда, банктердің, ғылыми-зертеу мекемелерінің, оқу орындарының, сынақ полигондарының өндірістерді құрамдастыру және диверсификациялау базасында біріктірудің едәуір кең тараған түрі.

Корпорация – 1)мекемелердің, жеке адамдардың өздеріне пайда келтіру мақсатында құрған бірлестігі; 2) кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысаны.

Көктайғақ – қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы. Әдетте ауа температурасы 0 – 3 С°, кейде одан да төмен температурада байқалады.

Көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль)- тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар.

Көлік торабы – бір қалада бір немесе бірнеше көлік түрлері жолының тоғысуы.

Кратер - (грек. κρατήρ — тостаған) - вулкан басындағы немесе беткейіндегі шұңқыр. Тостаған немесе шұңғыма тәрізді болады. Диаметрі бірнеше км-ге жетеді, тереңдігі жүздеген метрге жетеді.

Крик – уақытша кеуіп қалатын өзен арналары. Сирек жауатын жаңбырдан кейін азғана уақыт суға толады.

Креол – Солтүстік және Оңтүстік Америка территориясына көшіп келген еуропалықтардың нақтырақ айтқанда испандықтар мен португалдықтардың ұрпақтары.

Ксерофит — топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер.

Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн радиациясының интенсивтілігі – күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см² бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

Қала агломерациясы – қалалық елді қоныстардың үлкен қаланың төңірегінде топтасуы. Мысалы, Қарағанды агломерациясына оның маңындағы 17 ұсақ және орташа қалалар кіреді.

Қалқанды жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған.

Қар жиегі – таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық.

Қатқыл – беткі қабаты қабыршақтанып қатып жататын сор.

Құрамдастыру – бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістің жинақталуы. Өндірістер шикізатты біртіндеп, толық немесе кешенді өңдейтін кәсіпорындарға қалдықты пайдалану түрлеріне қарай бөлінеді.

Қызмет көрсету географиясы – халыққа әртүрлі қызмет көрсету түрлерін ұйымдастыратын экономикалық географияның бөлігі.

Қызметкерлердің тапшылығы – қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орнының жұмыс істеуге ынталылардан басым болуы.

Қылау – қыста аязды күндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары.

Қырат — жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі. Қыраттың абсолюттік биіктігі 200 м, немесе одан да жоғары болады.

Қырау — ауадағы су буының салқындауынан топырақ бетіне, шөп сабақтарына, электр желілеріне, т.б. жерлерге қататын мұз қабаты.

Лава (итал. lava, лат. labes – опырылу, құлау) – жанартау әсерінен жер бетіне төгілетін отты-сұйық

балқыма. Темп-расы 690 – 1200°С аралығында өзгереді. Қышқылды (риолитті) және негізді Л-лар болып

жіктеледі.

Лавразия -палеозойдың орта кезінде пайда болған және Оңтүстік жарты шардың Гондвана материгінен кең теңіз алабымен — Тетис мұхитымен бөлінген жердің Солтүстік жарты шарындағы болжамды материк.

Легирлеуші металдар – металдар мен қорытпалардың сапасын арттыру үшін қосылатын қоспа.

Лизинг әдісі – халықаралық келісім бойынша шетелдерден сатып алынатын қымбат бағалы заттардың құнын біртіндеп төлеудің әдісі.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді.

Льянос(ис. Папос — жазық) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысьшдағы, Ориноко өзенінің сол жақ жағасындағы өзіне тән өсімдік жамылғысы бар жазықтар. Ориноко саваннасы.

Магистраль – басты бағыт, жол қатынасының негізгі желісі.

Магма — жердің терең қойнауларында пайда болатын силикат құрамды балқыған масса. Оның басты құрамдас бөліктері: SіO2, AІ, Fe, Mg, Mn, Ca, Na, K, O, S, CІ, F, B, т.б. элементтер. Түрлі геология дәуірлерде қалыптасқан гранит және базальт құрамды Магмалық тау жыныстары негізді (базальттық) және қышқыл (граниттік) түрлерге бөлінеді.

Материалды қажетсіну – қандай да болмасын өнімді шығаруға кететін материалдық ресурс шығынының көрсеткіші. Өнім мөлшерін даярлау үшін қажетті шикізат, материал, отын, энергияның заттай шығын өлшемімен белгіленеді.

Материк (континент) - Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық жіктелу нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы.

Материктік қайраң, шельф — теңіздер мен мұхиттардың жағаларын жиектеп жататын, су астындағы саяз жазың. Ені — бірнеше километрден 1300 км-ге жетеді, ауданы — Дүние жүзілік мұхит түбінің жалпы ауданының 8 %-індей. Бұл 130—140 м (орташа есеппен) тереңдікте материктік беткейге айналады. [1] Материктік қайраң — ені құбылмалы (1—2 км-ден 1200—1500 км-ге дейін) материктердің су басқан жиектерінің жоғарғы таяз бөлігі (терендігі орта есеппен 200 м-ге, кейде 400 м-ге дейін).

Мәңгі тоң - көпжылдық тоң; үш түрлі шартты түсінікпен анықталатын термин: 1) жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі таужыныстардың 0°-тан төмен температурадағы тоңға айналу құбылысы; 2) таужыныстардың ұзақ уақыттар бойы ерімейтін (жібімейтін) қабаты; 3) бойындағы ылғалы тоңға айналып, берік шегенделген таужыныстар. М.т. қалындығы бірнеше метрден 600—700 м-ге дейін жетеді.

Мемлекеттік меншік – мемлекеттің қоғам байлығының белгілі бір бөлігін (жер, су, отын байлықтары, өндіріс) өз меншігіне алуы.

Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық міндеттер – бұл алға қойылған негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді, мақсаттарды шешу, яғни адамдардың әл-ауқатын, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, денсаулығын сақтауға, білім алуына, жеке адамның жан-жақты дамуына, өмір дағдысын жетілдіруге жағдай жасау.

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.

Метеор (грек.meteora – атмосферада және аспан әлемінде болатын құбылыстар) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене.

Метеорология (грек. meteora – атмосфера мен аспан құбылыстары және...логия) – атмосфера мен оның процестерін және құрамы мен құрылысын; жылу айналымын, жылу режимін, т.б. зерттейтін ғылым.

Метистер (фр. metіs – араласқан, лат. mіsceo – араластырамын) — нәсіларалық және ұлтаралық некелерден пайда болған ұрпақтар.

Метистер антропологиялық жағынан нәсілдер арасындағы аралық топқа жатады. Америкада көбіне еуропалықтар мен үндістердің некелесуінен туған ұрпақтарды Метистер деп атайды. Латын Америка елдері мен АҚШ-та халықтың үлкен пайызын Метистер құрайды.

Микробиология өнеркәсібі – микробиология, химия, физиканың жетістіктері негізінде пайда болған өнеркәсіптің жаңа саласы. Азық емес (мұнай, газ) шикізатты, ағаш-химия өнімдерін, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалана отырып, құрама жемнің құнарлылығын арттыратын, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайтын препараттар, антибиотиктер және витамин өнімдерін шығарады.

Мегалополис – бұл атау 35 елді мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалополь атымен аталған. Бірнеше қала агломерациясының бірігуінен пайда болған ең ірі қоныстану формасы.

Миграция -[лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.

Моласса – тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған уйінді үгінділер.

Монархия (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

Мортмасса -өсімдіктер мен жануарлардың қурап қалған қалдықтары.

Морфоқұрылым – ішкі және сыртқы күштердің, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.

Морфомүсін – сыртқы күштер әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені. Мысалы, өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.

Мулат – еуропалықтар мен негрлердің ұрпақтары.

Муссон (фр. mousson, араб.: маусым‎ – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.

Мұздық — ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры.

Мұзтау (Айсберг; ағылшынша iceberg, ice — мұз, berg — тау) — мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бөлінген ірі шойтасты мұздар.

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі.

Мұхит және теңіз ағыстары — мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы; мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі.

Нанотехнология – жаңа өнім жасау мақсатында, мысалы, микрокомпьютерлер, атом және молекулаға бағытталған жаңа технологияның кең шеңбері. Ол материяның қандай жағдайда пайдаланылып, бақыланатындығын зерттейді.

Биотехнологиядан ерекшелігі – нанотехнология материяны қандай деңгейде жасауға болатындығын зерттейді. Олар әртүрлі ғылым салаларының жетістіктерін пайдаланып көптеген әлеуметтік-экономикалық мақсатқа жетуге бағытталған.

Нарық – жоспарлы түрде қызмет ететін қоғамның тауар айналымы. Тауар сатушылар мен сатыпалушылардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.

Нарықтық қатынас – тауар айырбасы кезінде сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынас.

Нарықтық экономиканың негізі – кәсіпорындарды мемлекет тарапынан алу, жекешелендіруді жүргізу және меншіктің жаңа формаларын қалыптастыру.

Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.

Нәсілдік кемсітушілік – қара және сары нәсіл өкілдерін шаруашылық, әлеуметтік және саяси мәселелер жөнінен кемсітіп ұстау, төмен көру.

Нивальді белдеу – таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

Оазис – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

Озондық қабат — 22—25 км биіктіктегі үш атомдық оттегі шоғырланған атмосфера қабаты. Мұнда озон аз мөлшерде кездессе де, жердегі тіршілік үшін оның маңызы өте зор. Үйткені барлық организмдерді өлтіріп жіберетін Күн көзінің ультракүлгін сәулесін озон өзіне сіңіріп алады.

Ойпат, ойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі). Ойпаттың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты).

Ойпат батпағы – жер бедерінің ойыстарын алып жататын, көбінесе еспе суымен молығатын батпақ.

Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

Орманды дала зоналары – орман мен дала алқаптары алмасып келетін табиғат зоналары. Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде таралған.

Орманды тундра – орман мен тундраның арасындағы өтпелі зона. Сирек орман тундра алқаптарымен алмасып келеді.

Орман зоналары – қоңыржай белдеуден экваторлық белдеуге дейінгі аралықтағы барлық белдеулерде кездесетін табиғат зоналары.

Органогенді шөгінді – органикалық жолмен тараған тау жынысы.

Өзен ағыны - өзеннен белгілі бір мерзімде ағып өтетін су мөлшері.

Өзен алабы (Речной бассейн) - жер беті және әрі жер асты арқылы (топырақ және таужыныстар қабаттары аркылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы.

Өзен жүйесі – суы бір-біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы.

Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын: шикізат, материал, электр энергиясы, еңбекақы, т.б кіреді.

Өндіріс айналымы – еңбек заттарының өнімді әзірлеуден бастап, дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процесінде болу мерзімі, уақыты.

Өндіріс құралдары – еңбек құрал-жабдықтарының негізгі және басты бөлігі. Оған әртүрлі машиналар, жабдықтар, саймандар, т.б кіреді.

Өндіріс саласы – шаруашылықтың материалдық игіліктерді өндіретін және оны тұтынушыларға жеткізетін салаларының жиынтығы. Өндіріс салаларына өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, т.б кіреді.

Өндіріс тиімділігі – шаруашылықты дамытудың аса маңызды көрсеткіштерінің бірі, өнім өндіру тиімділігінің шығынға шаққандағы арақатынасы.

Тиімділік еңбек өнімінің өсуінен, энергияны, шикізатты, материалдарды, көлік құралдарын үнемдеуден көрінеді.

Өндірісті жан басына есептегендегі көрсеткіш – бір тұрғынға немесе бір жұмыс істейтін адамға жазу арқылы есептеледі.

Өндірісті корпорациялау – жекелеген дербес кәсіпорынның негізгі өнімді өндіруге керекті шикізат, материал, жартылай дайындалған өнімдермен, яғни дайын бұйымды шығаруға қажетті заттармен дер кезінде қамтамасыз етуі үшін бірлескен өндірістік байланыс.

Өнеркәсіп – шаруашылықтың негізгі саласы. Қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына шешуші ықпал етеді.

Өнеркәсіп бірлестігі – бірыңғай шаруашылық есебіндегі өндірістік-шаруашылықтық кешен, өнеркәсіп, ғылыми-зерттеулер, құрастыру, жобалау кәсіпорындары мен мекемелері.

Өнеркәсіп торабы - өзара өндірістік байланысы бар, жақын орналасқан елді мекендердегі өнеркәсіп кәсіпорындарының тобы.

Өнеркәсіптің кооперациялануы – белгілі бір өнімді бірлесіп шығаруға маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс.

Өнім, бұйым – белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының немесе бүкіл шаруашылықтың жасап шығарған қнімінің жиынтығы. Өндірістің шығарған өнімі.

Өнім көлемі – жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтың не саланың белгілі уақыт ішінде шығарған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.

Өсім – дер кезінде орындалмаған міндеттеме төлемінен белгілі бір пайыз есебінде айыппұл алынуы.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өніміне осы жылғы егіннен алынған өнімдер құны, көпжылдық екпе ағаштарды өсіру құны және жыл басынан соңына дейін аяқталмаған өндіріс құнының өзгеруі кіреді.

Пампа (ис. pampa, кечуа тілінде - жазық, дала) – Оңтүстік Америкада Аргентина мен Уругвайдың едәуір бөлігін алып жатқан лесстен құралған субтропиктік жазық дала.

Параллель – Жер бетінде ойша экваторға параллель жүргізілген сызықтар.

Пассат (нем. Passat, ис. viento de pasada — көшкенге қолайлы жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде субтропиктік жоғары қысымды аймақтардан экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер.

План – жер бетінің шағын бөлігінің қағазға белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен түсірілген бейнесі. Картадан айырмасы: онда Жердің шар тәріздес екендігі ескерілмей, жер беті тегіс деп алынады және ірі масштабта сызылады.

Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді айнала қозғалатын, өздігінен жарық шығармайтын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.

Платформа жазығы – іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық.

Полонина – Карпат тауларындағы биік тау шыңдары.

Полярлық белдеулер – солтүстік пен оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеулер.

Полярлық күн – солтүстік және оңтүстік жарты шарларда поляр шеңберінен полюстерге қарай тәулік бойы Күннәі батпай қоюы. Ұзақтығы: поляр шеңберінде – 1 күн; полюстерде – жарты жыл.

Полярлық түн –екі жарты шарда да поляр шеңберінен полюстерге қарай Күннің шықпауы. Ұзақтығы: поляр шеңберінде – 1 күн; полюстерде – жарты жыл.

Поляр шеңбері – екі жарты шардағы 66,5º ендік арқылы жүргізілген параллельдер.

Прерия[1] (француз тілінде praіrіe, латын тілінде partum — шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бөлігіндегі үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте.

Промилле (лат. Pro mille - мыңға) - қандай да бір шаманың мыңнан бір бөлігі. Теңіз суы тұздылығының өлшем бірлігі, судың 1000 салмақтық бөлігіне тұздың қанша салмақтық бөлігі келетінін көрсетеді. Промилле ‰ деп белгіленеді.

Пушта – Венгрия жазықтарындағықұнарлы қара топырақты өңір.

Радиациялы жылу – күн сәулесінің жылуы.

Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландышафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.

Рекреациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, демалыс үшін жағдай жасайтын ресурстар.

Реликтілі ұсақ шоқы – қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық. Мысалы, Сарыарқа.

Репатриация – түрлі себептермен басқа мемлекеттерге қоныс аударған халықтың өз отанына қайта оралуы.

Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.

Ресурсты үнемдеу – нақтылы өндірісті (капитал, жер, еңбек) тиімді және уақтылы пайдалану бойынша жиынтық шаралар. Ресурсты үнемдейтін технологияны пайдалану;өнімнің қорды қажетсінуін төмендету; еңбек өнімділігін арттыру; нақты және затқа айналу еңбегін қысқарту; өнімнің сапасын арттыру; менеджерлер мен моркетологтердің еңбегін ұтымды қолдану; халықаралық еңбек бөлінісін пайдалану экономика тиімділігінің өсуіне, оның бәсекелестік қабілетінің көбеюіне мүмкіндік береді.

Реэкспорт – шетелден әкелген шикізатты ешбір өңдеуден өткізбей сату, сол сияқты тауарларды да қайта сату.

Рифт (ағылш. rіft — жарықшақ, жарылым), рифтік белдем — белгілі бағытта жүздеген, мыңдаған км-ге созылған, аса тереңде жаралатын жер қыртысының ірі тектоникалық құрылымы.

Саванна (ис. sabana - кариб үндістерінің тілінен енген) — тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биом түрі.

Саға — өзеннің теңізге, көлге (бөгенге), басқа өзенге және т.б. құйылатын жері; мұнда өзен суы булануға және топыраққа сіңуге шығындалумен қатар, суармалауға, сумен қамтуға және т.б. жұмсалып құрылық бетімен толық жайыла ағады.

Сай – ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістелген және беткейлері түйе-тайлыланып, өсімдік басқан кезі.

Саларес (ис. Salares) — Испаниядағы муниципалитет. Андалусия автономды бірлестігіне қарасты Малага провинциясының құрамына кіреді.

Салыстырмалы биіктік — тереңдік немесе биіктік бағытта қатар жатқан екі нүктенің арасындағы биіктік айырмашылығы. Мысалы, тау шыңдарының тау аңғарының табанынан немесе тау аралық жазықтар деңгейінен көтерілген биіктігі салыстырмалы биіктік болып табылады.

Самбо – негрлер мен үндістердің ұрпақтары.

Самум (құм бораны) — шаңтозаңдарды аспанға көтеріп, күнді мұнарландырып бірнеше сағат соғатын (бірақ құйын есебінде соғуы бірнеше минутқа ғана созылатын) Аравия мен Солтүстік Африканың тропиктік шөлдерінде соғатын өте ыстық, құрғаң жел.

Сапрофаг – шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.

Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады.

Сейсмикалық аймақ – жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ.

Сельва, сельвас (порт. selva - орман) — мезгіл-мезгіл су басатын ылғалды экваторлық орманның бразилиялык атауы. Негізінен, Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенінің алабында таралған.

Серіктес қалалар – ірі өнеркәсіп орталықтарына таяу орналасқан және олармен шаруашылық жағынан тығыз байланысты қалалар.

Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ. Мысалы, Каспий маңы ойпаты.

Скрэб (англ. scrub - бұта, қалың бұталы шөп) -Австралияның құрғақшыл аудандарда қуаң жер өсімдіктері, (ксерофильды), көбінесе мәңгі жасыл бұталардың және аласа ағаштардың қалың ормандары.

Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Стратосфера — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады.

Су буының сублимациялануы – ауадағы су буының төмен температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

Су энергетика ресурстары - өзендер ағыны мен суқоймалар энергиясы. Бұл потенциал ресурстарға, яғни өзен ағыны энергиясының барлық жиынтығы және экономикалық ресурстарға бөлінеді.

Субсидия – мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры. Сыртқы сауда айналымы – бір немесе бірнеше мемлекетте белгілі бір уақыт аралығындағы сыртқа шығарылған тауарлар мен сырттан әкелінген тауарлар құнының арақатынасы.

Суайрық – жер беті және атмосфералық жауын-шашын ағындарын екі беткейге бөлетін Жер бетіндегі шартты сызық. Суайрық негізгі немесе құрлықтық, бірінші реттік (шектес өзендер жүйелері арасындағы) және екінші реттік немесе бүйірлік (негізгі өзеннің шектес тармақтары арасындағы) болып бөлінеді.

Су Асты Жоталары, мұхиттық ортаңғы жоталар – дүниежүзілік мұхит табанындағы тау жоталарының тізбегі. Олар Жер геотектурасының жеке түрі ретінде қарастырылады. Жалпы ұзындығы 75000 км-ге жуық, ені 2000 км-дей, орташа биікт. 1000 – 3000 м, ең биік жерлері 6000 м-ге жетеді. Күрделі құрылымды жоталар тізбегінің биік бөліктерінде терең тектоникалық жарықтар жүйесі орналасқан. Су асты жоталарын кейде рифт белдемі деп атайды.

Су массалары – мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді су. Олар температурасы, тұздылығы, тығыздығы, мөлдірлігі, оттегінің мөлшері мен ондағы кездесетін тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылық жасайды. Су массалары тереңдікке және географиялықендікке, атмосфераның әсер етуінің өзгеруіне байланысты түзіледі.

Суккуленттер — сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын Өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған.

Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы).

СЭС тізбегі - өзен бойына жүйелі орналасқан ЭС тобы. ЭС-дың жүйелі орналасуы судың бірқалыпты өтуіне байланысты қосымша электр энергиясын алуға мүмкіндік береді.

Табиғат кешені - өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат құрамбөліктерінің өзіндік жиынтығымен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі.

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) — солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады.

Тайфун (ағылш. typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты.

Тақыр – шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

Тартпа сор – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанынды тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

Тау беткейінің айналымдық әрекеті – тау беткейінің ауа ағысын тосып қалу әрекеті.

Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті – тау беткейінің күн сәулесін тосып қалу әрекеті.

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі.

Тау жотасы – ұзыннан созылып жатқан, бір-біріне қарама-қарсы беткейлермен шектелген тау алқабы.

Тау жыныстары — жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы.

Таулы қырат — мегарельефтің формасы; биікте жоталар мен таулы үстірттер аралас кездесетін, таулы аймақтың бір түрі. Мысалы, Памир, Тянь-Шань, Алдыңғы — Азиялық (Кіші Азия, Армян, Иран), Орталық Азия (Тибет, Цайдам) таулы қыраттары.

Таулы үстірт — рельеф типі немесе макрорельеф формасы. Таулы үстірттердің кепшілігі таулы қыраттардың ішкі беліктері болып табылады. Мысалы, Кіші Азия таулы қыратындағы Анатолий таулы үстірті, Памир таулы қыратындағы ШығысПамир таулы үстірті тағы басқалар.

Тәлімі егіншілік – суарылатын егіншілік аудандарында ауылшаруашылық дақылдарын суармай өсіру.

Тектоника – геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының құрылымдарын планетаның уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

Тектоникалық жарық – жердің ішкі күшіне байланысты жер қыртысының жарылуынан пайда болған жарық.

Теңіз деңгейі – теңіз бетінің толқын көтерілмеген кездегі шартты түрде алынған биіктігі. Жер бетінің абсолют биіктігі теңіз деңгейінен бастап есептелінеді.

Теңіз трансгрессиясы – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлыұты басуы.

Терая – жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу.

Толысу және қайту – Айдың және Күннің тартуы әсерінен мұхит бетінің көтерілуі және төмен түсуі. Күніне 2 рет көтеріліп, 2 рет төмен түседі.

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру (Рекультивация) – карьерге, бос жыныс үйінділеріне пайдаланылған жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру.

Торнадо — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл.

Төбе – археологияда ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан мәдени қабаттар үйіндісі.

Тропиктер (гр. tropikos (kyklos) - бұрылыс шеңбері) – Жер шарының экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23`27` қашықтықта орналасқан жер бетіндегі екі жорымал параллель шеңбер.

Тропосфера – атмосфераның жер бетіне таяу, төменгі қабаты.

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі.

Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін, су жиынтығының мөлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды.

Түбек — теңізге немесе көлге сұғына орналасқан құрлықтың бөлігі.

Уәд -құрғақ өзен арналары.

Үңгір — тау жыныстары қабаттарындағы әр түрлі пішінді қуыстар.

Үстірт - платформа өңірінен көрініс беретін, теңіз деңгейінен біршама көтеріңкі орналасқан, тегіс жазықтармен сипатталатын ауқымды алап.

Фактор – қандай да бір процестің, соның ішінде, өндірісті орналастыру процесінің негізгі шарты.

Ферроқорытпа – сапалы болат алу үшін пайдаланылатын темірдің басқа металдармен қорытпасы.

Физикалық география — жер сферасы, географиялық орта және жер типтері — географиялық ландшафтар туралы ғылым саласы. Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі болып табылады.

ФЬОРД, фиорд (норв. fjord) — жағалаулары биік, тік құз, ені тар әрі терең, ұзына бойы созылған теңіз шығанағы. Өзен аңғары немесе тектон. жарықты мұздық жырып кеңейткеннен кейін теңіз суы басуынан пайда болады. Тереңд. 1000 м-ден асады, ұзындығы 200 км-ге дейін барады (Норвегиядағы Сочне-фьордтың ұзындығы 204 км, ені 1,5 — 6 км, тереңд. 1245 м).

Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.

Халықтың аймақтарға шоғырлануы (Концентрация) – халықтың жеке орталыққа, зонаға, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын қалыптастырады.

Халықтың жеке шаруашылығына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бақтар мен баубақшалар, саяжай үлескілері жатады.

Халықтың ұдайы өсуі – «адамның адаммен өндірісі» процесі, ұрпақтың үздіксіз ауысуы.

Хамада, Гамада, Гаммада (берберше — Тасили) — Сахарадағы тасты шөлдің атауы. Температураның күрт өзгеруі салдарынан қатты кристалдық тау жыныстарының шытынап, үгілуінен қалыптасқан. Майда қиыршық тас үйінділерінің ара-арасынан оқшау үстірттер көтеріліп тұрады. Ауданы 1 миллион шаршы километр. “Хамада” атауы кейде Жер шарының басқа да тасты шөлдеріне қолданылады.

Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі.

Циркті ойыс – аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных