Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ 1 страница




Апта № Дәріс атауы және тезистері
  Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесін зерттеу. Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы.   Жоспар: 1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең. 2. Естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. 3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. 4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең. 5. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі.   1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең. Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кеміс балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғылымның даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжірибесіне лайық жүреді. Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы құрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады. Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кеміс тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н. Малофеев қоғамның кеміс тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен. Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғаммен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым –қатынас өте төмен дәрежеде болды.Ол кезде оларды азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды. Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды. Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кепірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру 4-5 ғасырды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Ал ежелгі Грек елінің ұлы филослфы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты»-жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік»-деп тұжырымдады. Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сенушілер алып келді.Олар діни сезімталдықпен жан ашу қасиетін енгізді.Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде емес, ол әр бір христианның міндеті болып жарияланды. Қамқсоколықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. 1.Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. ХІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кеміс тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды.Реннесанс мәдениеті(қайта өрлеу дәуірі) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі) ақыл-ойымен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекетпен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктерін өзгертті, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарасты өзгертуіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді. Орта ғасырлар кезінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістікті ата-аналарының кінәләрі үшін жіберілген деген. Олармен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздықпен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномальды балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. ХІІ ғасырдан ХVІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кеміс балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл үрдіс баяу және күрделі жолмен дамыды. Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Естімейтін және көрмейтін балаларды жеке дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты жанұядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады. Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекеттерден жинақталған балаларды жеке дар оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады. 2. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің басында естімейтіндермен көрмейтіндер үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемістіктері бар және ақыл-ойы кеміс балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кеміс балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылумен ерекшеленеді.Ең маңыздысы кеміс тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін заңды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі. 1817 ж – Дания – естімейтіндерді міндетті түрде оқыту туралы акт; 1873 ж – Саксония – көзі көрмейтіндерді, естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды; 1881 ж – Норвегия – естімейтіндерді оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды; 1882 ж – Норвегия - ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң; 1884 ж – Пруссия – көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім. 1887 ж – Швеция – кедей және ақыл-ойы кем балаларға бастауыш білім туралы Заң; 1889 ж – Швеция – естімейтін балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң; 1892 ж – Пруссия – көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі туралы Заң; 1893 ж – Великобритания – естімейтін, мүлдем естімейтін балаларға бастауыш білім туралы Заң; 1896 ж – Швеция - естімейтін балаларды міндетті түрде оқыту туралы Заң; 1899 ж – Великобритания ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң; 1990 ж – Пруссия - көзі көрмейтіндерді, мүлдем естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң; 1914 ж – Бельгия – көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң; 1920 ж – Нидерланды - ақыл-ойы кем, көзі көрмейтін, естімейтін және нашар еститін балалаларға білім беру туралы қағида.
  Дамудың бірінші-үшінші кезеңі: агрессия мен жеккөрушіліктен оқу қажеттілігін түсінуге дейін.   Қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарастарының дәрежесіне байланысты Н.Н.Малофеев 5 кезеңді бөліп көрсетті: 1-кезең.(Хғ-1198)Шет Батыс Еуропалық өркениетте дамуында ауытқуы бар адамдарға төзімсіздік пен қорқыныш сезімде болды. 2-кезең.(ХІІ-ХVІІғ) мүмкіндігі шектеулі балалардың бір бөлігін оқыту мүмкіндігінің бар екенін дәлелдейді. 1770 жылы Парижде есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балаға, 1784 жылы көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп ашылды. 3-кезең.(ХVІІ-ХХғ)сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқытудың мойындалу кезеңі. Дәл осы уақытта көру, есту, ақыл-есі бұзылыстары бар балаларды біріктіріп оқытуға арналған арнайы мектептер ашыла бастады. 4-кезең. ХХғ басынан -70 ж қарай дамуында бұзылыстары бар балалардың барлығын оқыту қажеттілігі туындады. 5-кезең.ХХғ 70ж аяғы-ХХІғ бөлектенуден кіріктіруге ауысу кезеңі. Осы кезеңде антидисикриминадциялық заңдастырылған акттер қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау өзіне мыналарды қарастыру керек: -бағытты мемілекеттік әлеуметтік саясат, осы интреграциялаудың саясатқа негізделген қоғам мүшелері мен құрылымының тұрақтылығы; -практикалық қолдау мен түзету-дамыту шараларына ерте кезеңнен аралсау; -мүмкінділігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмектің өмір бойына жалғасуы; -қоғамда мүмкіндігі шектеулі толеранттылық көзқарастық қалыптасуы; -қоғам мен әлеуметтік ортаның балаға әсері; -осы процеске баланың белсенді қатынасуы; -әлеуметтік қатынастардың біркелкі жаңа системасы қоғамның жаңаруын талап етеді. Әртүрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциялаудың базалық құрылымы-білім алудағы тең құқық. Осының барысында интеграция 2 түрлі формада қалыптасады. Олар: әлеуметтік және педагогикалық. Әлеуметтік интеграция-бұл интеграцияланатын оқыту ортасының негізінде жалпы әлеуметтік ортаға мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі. Әлеуметтік интеграция түрлері, кезеңдері мен формалар аумағы өзінің жүзеге асырылуын тұлғаның 4 әлеуметтік интеграциясынан табады: 1.Отбасылық (отбасынан тыс) 2.Әлеуметтік оқыту 3.Әлеуметтік еңбек 4.Әлеуметтік реинтеграция дәрежесі Педагогикалық интеграция-жалпы оқу жоспары,заңмен белгіленген жалпы оқу бағдарламасы мен оқу материалдарын игерудің мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыптасуы. Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балаладың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес. Дегенмен «ерекше» балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе болып қалып отыр. Аталған балалар категориясын қоғамға интеграциялауға дайындаудағы жағымды беталыстардың алдын-алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады. Л.С.Выготский мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін балаларға кірістіру керек екенін айтқан болатын. Ол баланы арнайы мекемелерде оқыту-оның қалыптасу мен даму аймағының тек өзінің ауытқушылығы аймағында шектеліп қалатынын көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға интеграциялануы, яғни кірігуі қарым-қатынас аясында жүзеге асады: 1.Отбасыішілік ата-ананың әлеуметтік қарым-қатынасы 2.Жақын отбасы аралық байланыс 3.Мектепке дейінгі тұрғылықты білім беру аумағы 4.Орта білім беру қабырғасы 5.Негізгі білім беру кезеңі 6.Зейнеткерлік кезең Дамуында ауытқуы бар балалардың интеграциясын мектепке дейінгі жастан әлеуметтік интеграциядан бастау керек. Мына шарттар орындау қажет: -интеграциялау бағдарламада әртүрлі әдістермен оқытылатын балалармен етене қатынасты болуы керек. -бағдарлама бала жағдайына байланысты қатынастың ашық және жеңіл түрінде құрылуы -бағдарлама өзіне мектептегі оқыту бағдарламасымен қатар, мектептен тыс іс-әрекеттің қарым-қатынас байланысын қамтуы қажет. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалардың қиындық аумағын әлеуметтік интеграция 3 деңгейге бөледі: 1-деңгей. Микроәлеуметтік деңгей. Отбасыішілік 2-деңгей.Аралық әлеуметтік деңгей. Білім беру жүйесі 3-деңгей.Макроәлеуметтік деңгей. Қоғам.  
  Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы Жоспары: 1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары 2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі 3. Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру 4. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту   1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары Отандық арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайық даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсақ, олар- ерте жастан түзету педагогикалық қолдау көрсету мен кемтар балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дұрыс ұйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның көрінісі арнайы білім беру ұйымдарының кеңеюі, жаңа педагогикалық технологиялардың еңуі, кемтар балаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, түзеу арқылы қолдау). Арнайы білім берудің жетістіктерінің бірі зиятында шамалы ауытқуы бар балаларды көмекші мектептерде оқыту мүмкіндіктердің кеңейтілуі, нақты арнайы білім беру бағдарламардың жобалары әзірленіп, тәжірибеден өтуде. “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңды қабылдау мен жүзеге асыру арнайы білім беру жүйесінде көптеген өзгерістерге себеп болғандығын дәлелі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың бұрынғы 120 мыннан 60 мын балаға ашылуын келтіруге болады. 2008 жылы республикамызда 56 ПМПК қызмет етуде, бірақ бұл саңда әлі күнге дейін жеткіліксіз. Қазір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері белсенді барлық аудан орталықтарында ашылып жатыр, саңы 113. Оңалту орталықтары да белсенді мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету қызметін атқаруда, олардын саны 12 жетті. Сонымен қатар кемтар баласы бар отбасымен жұмысты дамыту мәселелерімен әлеуметтік, денсаулық сақтау және педагогикалық мекемелер айналысып жатыр. Елімізде 212 әлеуметтік көмек көрсету орталықтары дамуында кемістіктері бар балаларға қызмет етуде. Жоғарыда аталған Заңың жүзеге асыру әлеуметтік, медициналық-педагогикалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін қалыптастыруға жол ашты және сол жүйені ғылыми-әдістемелік, материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды талап етті. 2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады. Отандық (Ерсарина А.Қ., Жалмүхамедова А.Қ., Сұлейменова Р.А. т.б.) және шетел (Bloom A.S.,. Goerdt A., Walton G.M.,.Bannister C.M., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А. т.б) ғылыми зерттеулер бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмыстын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтардың алдын алуға жол ашады. Осы бағытта жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру кемтар балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтік бейімделу және қоғамға бірігу мүмкіндіктерін жоғарлатады. Аталмыш балалармен түзету жұмысын жүргізуде емдік шаралардан ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауға көңіл бөлу қажет. Түзеу педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары да ерте жастан түзетушілік көмектің тиімділігің ғылыми түрде дәләлдеген. Қазір республикамызда бес деңгейлік мемлекеттік мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Сұлейменова Р.А.) жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе емханалар мен перзентханалардағы скрининг әдістемесінең басталады да, кейін арнайы білім беру ұйымдарында жалғасады. Нақты жүйе келесі деңгейлерден құрастырылған. 1 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды скрининг әдістемесінен өткізу. Скрининг–қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Бұл міндетті медициналық қызметкерлер атқарады. 2 деңгей – дене және психикалық дамудағы ауытқушылықтарды терең кешенді тексеру. Бұл қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орындайды. 3 деңгей – түзетшілік көмек көрсету қызметің оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен арнайы балабақшалар және жалпы үлгідегі балабақшалардағы арнайы топтар атқарады. 4 деңгей – ерте көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ғылыми зерттеу орталықтары мен зерттханалар жүргізеді. 5 деңгей –ерте көмек көрсету жүйесін мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету қызметің мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды басқару ұйымдары атқаруға тиіс. Отандық арнайы білім беру жүйесінде қазіргі уақытқа дейін мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы көмек көрсету саласы өзектілігін жоғалтпады. Жалпы білім беру ұйымдарынын мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 23 % аса саңы арнайы көмек алуда. Ерекше мәселе ретінде ерте және мектеп жасына дейінгі терең кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиеуді қарастыру, зерттеу қажеттілігі өзекті. 3. Шет елдерде біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру Қазіргі кезде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және мемлекет тарапынан қарастырылартын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы білім беру ұйымдарында қажетті мөлшерде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мәселесі жаңадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибені алмасу қажеттілігін туындап, өзектілігін білдірді. 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламанкалық декларация” (1994). 2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагоггтармен қызмет көрсететін қосымша персонал сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар). Қазіргі уақытта көптеген шет елдерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беру ұйымдарында бірге оқыту жағдайлары ұйымдастырылған. Бұл дегеніміз мемлекеттік иклюзивті саясатының енгізілуін білдіреді, яғни әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қолдаудың мазмұны мен түрі әр оқушының жеке қажеттіліктеріне тәуелді. 4. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр. Бұл жерде арнайы педагогиканың болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселелерін әзірлеу болып келеді. Республикада қазіргі қоғам көз қарасын нығайтуына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат – міндеттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласында жалпы ұлттық қызығушылықты және оған деген әлеуметтік талап етуді етлейтін жаңа білім беру саясатының жақтылануы мен құрылуы қажет екендігін білдіреді. ҚР арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбұр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымың еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет. Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасу жолында. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет. Сонымен, отандық арнайы білім беру жүйе алдында көптеген мақсат-міндеттер өз өзектілігін білдіреді, болашақта ерте түзету педагогикалық қолдауды кеңінен еңгізіп, мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығының білім алу мекемелерің еркін таңдауға құқықтарын қамтамасыз ету жетекші бағыттар. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім берудің құқықтық базасы: 1. Декларация о правах инвалидов (ООН, 1971) 2. Декларация о правах умственно отсталых лиц (ООН, 1975) 3. Бала құқықтары туралы Конвенция. (БҰҰ 1989) 4. Стандартные правила обеспечения равных возможностей для инвалидов, принятые Генеральной Ассамблеей ООН в 1993. 5. Саламанкская Декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями. – Саламанка, 1994; 6. ҚР “Баланың құқықтары туралы” Заңы (2002) 7. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама: - ҚР “Білім туралы” Заңы (өзгертулер және толықтырулармен 2007 жылдың 25 мамырына берілген); - ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң (2002) - Қазақстан Республикасында білм беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген; - Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №5 96 қаулысымен бекітілген; - Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысымен бекітілген; - Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген; - Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысымен бекітілген; - Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан № 300; - Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген; - Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұймдастыру тәртібі туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген; - Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген; - Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытыңды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген; - Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысымен бекітілген; - Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 1305 қаулысымен бекітілген; - Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиленушілерін жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпараттармен және оларды кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді қамтамасыз ету мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек № 1347; 8. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттар: - Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын санын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бұйрық №781; - Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы №721 бұйрығымен бекітілген; - Оналту орталыгының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 1 Қосымша; - Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 712 Бұйрығына 2 Қосымша); - Логопедтік пунктің қызметін қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 2 Қосымша.  
  Тақырыбы: Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі 1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет екені сөзсіз. Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық. Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді. Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн. Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердін қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді. Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген. Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді. Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалыптасады, олар: - гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру; - фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру; - интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді.. 2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі. Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде және совет одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды. Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған. Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті. Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде «екінші сортты адамдар» деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы шектейтін – қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың екінші жартысында, соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең жоғары құндылық - адам өмірі мен амандығы екенің көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап “Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы” қабылдағаннан кейін бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес құра бастады. Бұл контестегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта құрылуына деген жаңа көзқарастың мәнінің негізі – ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме онысына қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету идеясы болып саналады.   3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психология пәні – тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кеміс балалардың психикасын зерттейді. Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын табуын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады. Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі. Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлардың қисындасуы арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады. Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады. Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Екіншілік ауытқулар баланың психикалық даму құрылымын өзгертеді. Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелділігі, олардың бірі – бірімен байланысы, теуелділігі. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі. Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетіне қосуды ұсынған. Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және – сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.   4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды. Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырыла алмайды. Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар “Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация”, “Бала құқықтары жайлы Конвенция” т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР “Білім туралы” Заңы (2007), ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы (2002),, ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңы (2002),. “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары. Олардың ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бапта кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті. “Баланың құқықтары туралы Конвенцияда” мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген. Аталған құжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар: әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға; білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға; инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы; жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру; арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б. Мүмкіндіктері шектеулі балардың құқықтарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру  
  Тақырыбы: Арнайы мектептегі оқыту процесі Жоспары: 1. Арнайы оқыту процесіне сипаттама 2.Арнайы оқыту процесінің ерекшіліктері 3.Арнайы мектеп оқушылардың білімін тексеру 4. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні 5. Арнайы білім беру мазмұны   Түсініктер: оқыту, білім беру, оқу, дидактика, таным.   1. Оқыту процесі туралы түсінік Арнайы педагогиканың дидактикасы – мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады және оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды. Дидактика нысаны – тұлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.. Арнайы педагогикада оқыту, білім беру, оқу, білім алу арнайы мектеп оқушыларының қоғамдық мәнін міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты педагогикалық процес тұрғысында сипатталады. Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту. Арнайы білім беру мен оқытудың бойында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды жан – жақты дамыту мен кемістікті түзетуге қуатты жағдайы бар. Осы жағдайларды ашу және жүзеге асыру – арнайы білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Педагогика ұлы орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов жасаған жоғарғы жоғарғы жүйке жүйесінің іс-әрекеті жөніндегі алдыңғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Жүйке жүйесінің қызметінің шартты рефлекторық теориясы оқушылардың таным процесінің және олардың қоғамдық негізінің дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ал, оқыту процесі – оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бұл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің басқа түрлері мен формалары ұқсастығын білдіреді. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту құрылымының ойын, көркем- бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады. 2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдарды қызықтырған (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.) Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейтді, қоршаған әлемді таниды. Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әркеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді. Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді: - сезіммен қабылдау, - абстрактілі ойлау, - тәжірибе. Оқытуда келесі құрылымдылық бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланысты. Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтығын, нақтылығын және барабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін аңықтайды, нақты: - күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі; - оқыту үрдісі баяу өтеді; - оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады; - оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; - сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттелігі. Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процес, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқылданған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге ((талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады. Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкештікке, жүйелісіздікке, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс. Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсінілмей қалмауын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс. Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді жәнен әрекет тәсілдерін қатйта құру жүзеге асырылады. Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады. Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді. Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау; Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық етуін талап ету, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қаж





Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных