ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Плутон радиусы..... км. 1 страница264. Жер массасымен есептелінген Плутон массасы. 265.Плутонның экваториалдық сидерлік айналу периоды. 266.Астероидтардың күннен орташа қашықтығы а.б? 267.Галма кометасының сидерлік айналу периоды. Тропикалық жылмен есептеген: 268.Қандай кометалар периодты деп аталады? 269.Кометаның құйрығы неге әр уақытта күннен кері бағытталған: 270.Метеорлар деген не? 271.Ең жарық метеорлар деп нені атайды? 272.Жер бетіне түскен метеор денелер не деп аталады? 273.Тунгусс метеориті қай жылы құлап түсті? 274.Парсек деп нені атайды? 275.Бір парсек неше а.б. тең? 276.Бір жарық жылы неше км? 277.Бір парсек неше км. Тең? 278.Бір парсек неше жарық жылына тең? 279.Абсолют жұлдыздық шама деген не? 281.Жұлдыздардың әсер температурасы қандай заңмен анықталды? 282.Жұлдыздардың түстік температурасы қандай заңмен анықталады? 283.Жұлдыздар радиустары қандай құралмен анықталады? 284.Біздің Галактиканың түрі қандай? 285.Кпс-пен есептелген біздің Галактиканың қалыңдығы: 286.Біздің Галактиканың диаметрі Кпс-пен есптелген: 287.Бақылауға болатын Галактикалар саны: 288.Бізге ең жақын орналасқан Галактикалар қалай аталады? 289.Өте қаутты радиосәуле шығару сәуле көздері қалай аталады? 290.Допплер эффектісі: 291.Зиман эффекті: 292.Штарк эффекті: 293.Жер радиусы неше км..: 294.Жер экваторының ұзындығы неше км.: 295.Екі метр биіктіктен көріну горизонтының қашықтығы неше км.: 9. Баға қою саясаты. Баға қою саясаты әділділік, ашықтылық, икемділік және жоғары дифференциялау принциптеріне негізделеді. Бағалаудың үш түрі қолданылады - күнделікті, - ағымды /деканаттың графигі бойынша/ - аралық /академиялық периодтың аяғында бір рет өткізіледі/. Балдар төмендегідей бөлінеді: - күнделікті бақылауға /Тк/-40 балл, - ағымды бақылауға /Рк/-20 балл - аралық бақылауға /Пк/-40 балл Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі: -балл білімді бақылау кестесі бойынша қойылады, -егер студент семестр бойы бір сағатта сабақ жібермеген болса, әрі сабақтарға белсенді қатысса, онда оған қорытындысында мадақтау ретінде 1 балл қосылады. -егер студент себепсіз сабақ жіберсе және оны уақытында орындалмаса, оның бір балы кемітіледі /айып ретінде/ “Астрономия” пәні бойынша білімгерлерді бағалау әдісі
Ескерту: барлық балл саны-100, оның ішінде күнделікті бақылау /Тк/ 40 балл, Межелік бақылау /Рк/-20 балл, аралық бақылау /Пк-40 балл/ АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ЕМТИХАНДА БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ «Өте жақсы» деген баға: билетте көрсетілген сұрақтардың бәріне нақты және толық жауап беріп, қарастырылып отырған астрономиялық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын дұрыс түсіндіріп, дұрыс қорытынды жасаған, олардың формулаларын дұрыс қорытып, формулаға енетін астрономиялық шамалардың мағынасын дұрыс түсіндіре алған. жауабында тиісті сызбаларды, графиктерді дұрыс көрсете алған. Қосымша сұрақтарға нақты және толық жауап берген жағдайда қойылады. Берілген сұрақтарға берген жауабының дұрыстығы 90÷100% болғанда «өте жақсы» деген рейтингтік балл 37÷40. «Жақсы» деген баға билетте көрсетілген сұрақтарға бәріне нақты жауабы бар, қарастырылып отырған заңдылықтарда негізінен дұрыс түсіндіре алған, бірақ формулалардың толық қорытылуын бере алмаған жағдайда қойылады. Берілген сұрақтарға берген жауабының дұрыстығы 75÷89% болғанда «жақсы» деген баға қойылады. Рейтингтік балл 31÷36. «Қанағаттанарлық» деген баға билетте сұрақтың біреуіне толық жауап беріп, қалған сұрақтарында жасаған негізгі тұжырымдары нақты болмай, формула қорытындыларында қателіктер болса, жауабының дұрыстығы 50÷74% болғанда «қанағаттанарлық» деген баға қойылады. Бұған сәйкес рейтингтік балл 20÷30 «Қанағаттанарлықсыз» деген баға билетте көрсетілген сұрақтарға берген жауабы нақты емес, астрономиялық құбылыстардың мағыналарын түсіндіре алмаса, формулаларды қате айтқан жағдайда қойылады. Жауабының дұрыстығы 0÷49% «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Бұған сәйкес рейтингтік балл 0÷19 Астрономия пәнінен қорытынды баға төмендегі кесте бойынша қойылады.
Төмендегі кестеде кредиттік оқу жүйесінде қолданатын бағалар әріптермен көрсетілген.
Курс саясаты Сабаққа кешікпеу керек. Сабақ кезінде сөйлеспеу керек, газет оқымау керек, кәрезді /сотовый/ телефонды өшіріп қою керек, сағыз шайнамау керек. Сабаққа іс киімімен келу керек. Себепсіз сабақ жібермеу керек.Сабақтан қалған жағдайда, медициналық анықтама тапсыру керек. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта орындау керек. Тапсыр маны орындамаған жағдайда, қорытынды баға кемітіледі. Сабаққа күнде қатынасып, оқу процесі кезінде белсенділік көрсету керек. Үй тапсырмасын бар ынтамен орындау керек. Оқытушыларға, қызметкерлерге және курстастарына әр уақытта төзімді, ашық, тура және тілектес болуы керек. Институттың, факультеттің барлық тәрбиелік іс-шараларына қатынасу керек. Институт ішіндегі тәртіп мәдениетін бұлжытпай орындау керек. Корпустардағы тазалықты сақтау керек. Шылым тартуға біржола рұқсат етілмейді. Академиялық тәртіп және этика саясаты. Академилық тәртіп және этика ЖОО ішкі тәртібі ережелеріне, білімгерлердің этикалық кодексіне, дәлірек айтқанда: Оқытушылармен, қызметкерлермен жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға; Институттың, факультеттің тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысуға; Институтта мәдени тәртіптілікті ұстануға; Ғимараттарда тазалықты сақтауға негізделген
Б.Ж. Көшкімбаева «АСТРОНОМИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ Лекция № 1 Астрономия пән і. Астрономия аспан денелері мен олардың жүйелерін және бүкіл Әлемнің физикалық құрылысын, қозғалысын, пайда болуын және дамуын зерттейтін ғылым. Астрономия қарастыратын объектілер әртүрлі. Олардың саны астрономияның дамуына байланысты үздіксіз өсіп отырады және материалдық өмірдің (дүниенің) көпжақты және таусылмайтындығын үнемі дәлелдейді. Астрономиялық зерттеулердің дәстүрлі объектілері Күн, жұлдыздар, планеталар және олардың серіктері, метеорлық денелер, тұмандықтар, жұлдыздар жиыны, жұлдыздар жүйелері және барлық бүтіндей Әлем. Ғылымның дамуына байланысты жаңа объектілер ашылуда. Мыс.-пульсарлар, квазарлар, космостық сәулелер және т.б. сонымен бүкіл Әлем құрылысы теориясы тұрғысынан алғанда астрономия Әлемнің кеңістіктік-уақыттық құрылысын қарастырады. Астрономия гректің «астрон»-жұлдыз, шырақ және «номос»- заң деген сөзінен шыққан. Космостық дәуірдің басталуына дейін астрономия табиғаттың Жерден тыс (жерлік емес) объектілерін зерттейтін бірден-бір ғылым болды. Енді космостық зерттеулермен астрономия ғана емес ғылымның басқа да көптеген салалары айналысады. Мыс. Космостық биология, космостық медицина, спутниктік геодезия және т.с.с. Аспан денелерін зерттеуде астрономия алдына шешілуі тиіс негізгі үш мәселені қойды: 1. Аспан денелерінің кеңістіктегі көрінерлік, сосын нақты орны мен қозғалысын зерттеу, олардың өлшемі мен пішінін анықтау. 2. Аспан денелерінің физикалық құрылысын, яғни химиялық құрамын және аспан денелері беті мен қойнауларындағы физикалық жағдайларды (тығыздығы, температурасы және т.б.) зерттеу. 3. Аспан денелерінің пайда болуы және дамуы, яғни жеке аспан денелерімен олардың жүйелерінің тағдыры мәселелерін шешу. Астрономия құрылымы. Қазіргі астрономия Әлемді танып білуде әртүрлі әдістер қолданушы кең салалы ғылым. Астрономияның бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысқан және оларды алты негізгі бөлімге бөлуге болады. 1. Астрономия. Аспан сферасында өлшеудің техникасын, теориялық және оларды математикалық өңдеу әдістерін жасайды. Астрономияны жүргізуге уақыт қызметін, яғни астрономиялық бақылаулардан оны анықтау жатады және календарлар (күнтізбе) жатады. астрономияны екі бөлімге бөлуге болады: а) сфералық астрономия- аспан шырақтарының көрінерлік орны мен қозғалысын анықтаудың математикалық әдістерін және уақытты есептеу жүйесін жасайды. б) практикалық астрономия- астрономиялық құралдардың теориясын және оларды өңдеу бақылау әдістерін жасайды. 2. Аспан механикасы- аспан денелері мен олардың жүйелерінің өзара тартылыс және басқа физикалық күштер әсерімен кеңістіктік қозғалысы туралы ғылым. Аспан механикасы аспан денелерінің фигурасын және олардың орнықтылығын зерттейді. Зерттеу аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен даму процесстерін түсінуге мүмкіндік жасайды. Аспан механикасы практикалық мақсаты бақылау нәтижелері бойынша аспан денелерінің орбитасының элементтерін анықтау және алдын- ала аспан денелерінің көрінерлік орнын анықтау. Аспан денелерінің көрінерлік орнын есептеу және орбиталық аспан мехиникасының негізгі бөлімін құрайды және теориялық астрономия деп аталады. Қазіргі кезде орбитаны анықтаудың радиотехникалық және лазерлік өлшеулерге негізделген жаңа әдістері жасалуда. Аспан механикасы космонавтиканың сұранысы сәйкес қарқынды дамуда. 3. Астрофизика- қазіргі астрономияның көлемді бөлімінің бірі. Оның мақсаты аспан денелері бетінің және қойнауларының, физикалық күйі мен оларда болып жатқан процесстерді, химиялық құралдарын, аспан денелері аралығындағы орта қасиеттерін зерттеу. Астрофизика практикалық және теориялық болып бөлінеді. Практикалық астрофизика астрономиялық бақылаулар және оларды өңдеу әдістерін жасайды, астрофизикалық құралдарды практикада қолданумен айналысады. Теориялық астрофизика-аспан денелерінде болып жатқан физикалық процесстермен бақыланған құбылыстарды теориялық физика негізінде түсіндірумен айналысады. 4. Жұлдыздық астрономия жұлдыздардың газ-тозаң тұмандықтар мен жұлдыздар жүйесінің кеңістіктегі қозғалысын, олардың құрылысы мен дамуын, олардың тұрақтылығы проблемаларын қарастырады. 5. Космология- аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болу және даму проблемаларын, сонымен қатар Күн системасының пайда болу мәселелерін қарастыратын астрономия бөліім. Космогония зерттеулерінің дұрыс шешімдері Жер қойнауында болып жатқан геологиялық және геофизикалық процестерді түсінуге маңызы зор. Комоногия жұлдыз түзілу проблемасымен де айналысады. 6. Космология- астрономияның қарқынды дамып келе жатқан бөлімі. Оның мақсаты Әлемді біртіндей алып, Әлемнің геометриялық құрылысын анықтау, оны толтырушы барлық объектілердің дамуы мен пайда болуын анықтау. Космологияның бақылау негіздері астрофизика мен жұлдыздың астрономия нәтижелеріне, ол теориялық негіздері жалпы салыстырмалық теорияға элементар бөлшектер физикасына, электродинамикаға сүйенеді. Жұлдызды аспан және шоқжұлдыздар. Жердің кез-келген жерінен бақылаушы сфералық бет түрінде (аспан күмбезін) аспанды көреді. Күндіз бұлтсыз күні аспан түсі көгілдір, себебі күн сәулесі түсіп тұрған Жер атмосферасы молекулалары негізінен көк сәулелерді шашыратады. Күндізгі ашық көгілдір аспан жұлдыздарды көруге мүмкіндік бермейді. Түнде күн сәулесімен жарықтандыру болмаған кезде аспанда көптеген жұлдыздар көрінеді. Бақылаушы центрінде орналасқан өте үлкен сфераның ішкі бетіне аспан шырақтары орналасқан секілді де, бақылаушы сфераның жартысын ғана көретін сияқты, ал екінші жартысы Жердің бетінен көрінбейтін сияқты. Шындығында ешқандай сфера жоқ. Аспан денелері Жерден әртүрлі қашықтыққа шексіз дүние кеңістігінде қозғалыста болады. Бұл арақашықтықтар көзге елестетуге болмайтындай үлкен, оны біздің көзіміз көріп бағалай алмайды. Сондықтан барлық аспан шырақтары бізге бірдей қашықтықта орналасқан сияқты болып көрінеді. Жерден жұлдыздардың арақашықтығы өте үлкен болғандықтан олардың өзара орналасуы мыңдаған жылдар бойы өзгермейтін сияқты, сондықтан бұдан 3-4 мың жыл бұрынғы адамдар қазір аспан көрінісі қандай болса, сондай жұлдызды аспанды көрген. Ертедегі өркениетті мемлекеттің халықтары жұлдызды аспанды уақытты есептеу жүйесін жасау мақсатында, жылдық мерзімдерінің ауысуын есептеу және алыс жолдарда бағдарлау үшін зерттеген. Олар тек қана өте күшті жарқыраған, ерекшеленіп тұрған жұлдыздардың орналасуын, топқа біріктіріп немесе белгілі-бір бейнелерге келтіріп қарастырған. Бұндай өте жарық жұлдыздардан тұратын бейнелер шоқжұлдыздар деп аталған, кейін олардың қатарына әлсіздеу жұлдыздар да кірген. Шоқжұлдыздар аттары аңыздардан алынған, кейбіреулері жарық жұлдыздар құрайтын шоқжұлдыздардың кескін-кейпіне ұқсас нәрселермен, жануарлармен аталған. Мыс. жеті жарық жұлдыздан тұратын шоқжұлдыздар кескіні ожауға ұқсас, өте ертедегі гректер оны Үлкен Аю деп, ал ертедегі орыстар Ковуш, Кастрюля т.б. деп әртүрлі атаған, сібірліктер Лос (жолбарыс) деп, ал қазақтар оны Кіші Аю шоқжұлдызына қосып Ат деп атаған. Оны қазір қазақтар Жеті қарақшы деп те атайды. Б.э.д. ІІІ ғ. грек астрономдары шоқжұлдыздар атауларын бір жүйеге келтірген. Сондықтан осы уақытқа дейін жарық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың грекше аттары сақталған. Кейін зерттеу нәтижесінде аспанда бірден байқалмайтындай әлсіздеужұлдыздар құрайтын шоқжұлдыздар анықталды: Жираф, Кесіртке, Түлкі т.б. XVIII ғасырда техникалық атаулармен аталған шоқжұлдыздар да анықталды: Телескоп, микроскоп, Насос. Қазіргі кезде шоқжұлдыздар деп белгілі-бір шекарадағы аспанның бір аймағын ұғады. Бүкіл аспан 88 шоқжұлдызға бөлінген ТМД территориясынан оның 54-ін көруге болады. Осы кездегі шоқжұлдыздардың шекарасы мен аттары Халықаралық астрономиялық Одақтың І съезінде 1922 жылы бекітілген. Шоқжұлдыздардың көптеген жұлдыздары грек әріптерімен белгіленген. Шоқжұлдыздардың ең жарық жұлдызы α, одан соң β,γ т.т. грек алфавиті ретімен жарық мөлшерінің бәсеңдеуіне қарай белгіленеді. Ертеде шоқжұлдыздағы өте жарық жұлдыздарға меншікті ат берілген, мысалы Лира шоқжұлдызында Вега деген жұлдыз, Үлкен төбет шоқжұлдызында Сириус. Аспан күмбезіндегі шоқжұлдызды іздеп тапқанда, олардың ең жарық жұлдыздарын, жұлдыздар карталарында, белгілі- бір пішінге келтіріп, түзулермен ойша қосады. Жұлдыздардың жарқырауы «жұлдыздық шамамен» өлшенеді. «Жұлдыздық шама» (m әрпімен белгіленеді) деген атаудың жұлдыздың шын шамасына қатысы жоқ, ол жұлдыздан Жерге келетін жарық ағынын сипатайды. Оның мағынасы кейін түсіндіріледі. Жұлдыз жарық болған сайын оның жұлдыздық шамасы соғұрлым аз болады: ең жарық жұлдыздың жұлдыздық шамасы нольдік болады (0m), ал құралсыз көзге әзер көрінетін жұлдыздар 6-шы жұлдыздық шамадағы (6m) жұлдыздар. Егер екі жұлдыздың жұлдыздық шамаларының айырмасы бір жұлдыздық шамаға тең болса, жұлдыздардың көрінерлік жарықтығының өзгешелігі шамамен 2,5 есе болады. Қазіргі астрономия фотометрлерді қолданып жұлдыздық жарықтығын 0m, 01 дәлдікпен анықтайды. Мыс. Үлкен Аю шоқжұлдызының алты жарық жұлдызы жуықтап 2m жұлдыздар деп есептеледі (α,β,γ,ξ,η,ε). Ал дәл өлшеулер: 1m,77 (ε), 1m,79 (α), 1m,86 (п), 2m06(ξ), 2m37(β) және 2m44(γ) көрсетеді. Қазіргі кездегі бақылаулар әдісі 25 жұлдыздық шамаға дейінгі жұлдыздарды көрсетіп білдіре алады. Аспан сферасы. Жұлдызды аспанға қарасақ, барлық жұлдыздар бізден бердей қашықтықтарда орналасқан сияқты. Біз шындығында олай еместігіне көзіміз жетіп отырғанымен бізге аспан бізді айнала қоршап тұрған сфера сияқты көрінеді. Осы көрінерлік сфералық бет аспан денелерінің көрінерлік орнын анықтау үшін математикалық бейнелеу ретінде қолданылады және аспан сферасы деп аталады. Аспан сферасы дегеніміз центрі бақылаушыда орналасқан кез-келген радиуспен алынған жорамал сфералық бет. Аспан денелері аспан сферасына проекцияланады. Бақыланатын астрономиялық құбылысты дұрыс елестету үшін аспан сферасының R радиусын ең қашық деген шыраққа дейінгі ара қашықтықтан да үлкен деп есептеу қажет дегенмен шексіздікке тең болмауы керек. Себебі сфера радиусы шексіз болғанда сфералық бет жазықтыққа айналады, сфера өз мағынасын жояды. Жердің өлшемі Жердің әртүрлі жерінде орналасқан бақылаушыдан жұлдызға дейінгі арақашықтықпен салыстырғанда өте кішкене болғандықтан бақылаушы аспан сферасының центрінде орналасқан деп есептеуге болады. Бұдан аспан сферасының берілген нүктесі Жер бетінің әртүрлі нүктелерінен параллель бағыттар бойымен көрінеді деген аспан сферасының ерекше қасиетін тұжырымдауға болады. Аспан сферасы стереометриядағы сфераның барлық қасиеттеріне ие.Келешек қажет болатындарын атап айтсақ: 1. Сфералың центрі арқылы өтетін жазықтық сфераны екі бірдей жарты сфераға бөледі, және сфералық бетті радиусы сфера радиусына тең үлкен дөңгелекпен қиып өтеді. 2. Екі үлкен дөңгелек әрқашан диаметральды қарама-қарсы екі нүктеде қиылысады, олардың жазықтығы сфераның диаметрі бойымен қиылысады. 3. Бір диаметрдің бойында жатпайтын сфераның бетіндегі екі нүкте арқылы тек бір ғана үлкен дөңгелек жүргізуге болады. Оның үшінші нүктесі сфера центрі 0 болып табылады. 4. Сфераның диаметральды екі нүктесі арқылы шексіз көп үлікен дөңгелектер жүргізуге болады. 5. Сфераны оның центрінен тыс нүктеде қиятын жазықтық сфера бетінде радиусы сфера радиусынан кіші r>R кіші дөңгелектер сызады. Аспан сферасындағы барлық өлшеулер тек бұрыштық немесе доғалық бірліктермен, яғни бұрыштық градус, бұрыштық минут және бұрыштық секундпен өлшенеді. Аспан сферасының центрінде орналасқан бақылаушы тек бағыттар арасындағы бұрыштарды ғана өлшей алады. Аспан сферасындағы А және В нүктелері арасындағы қашықтық, яғни доғасы осы нүктелерге жүргізілген бағыттар арасындағы орталық бұрыш Р-мен өлшенеді. Сондықтан сызбаларда, Р емес сәйкес келетін доға көрсетіледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|