![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Франк-Герц тәжірибелеріБор постулаттарының дұрыс екендігін неміс физиктері Джеймс Франк (1882-1964)және Густав Герц (1887-1975)жасаған тәжірибелері (1913 ж) айқын көрсетті. Олар тежегін потенциал әдісімен электрондардың газ атомдарымен соқтығысуын зерттеу арқылы атомның энергия мәндері дискретті болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Тәжірибенің идеясы мынадай. Электронның атоммен серпімсіз соқтығысуы кезінде электроннан атомға энергия бөлінеді. Егер атомның ішкі энергиясы үздісіз өзгеретін болса, онда атомға энергияның кез келген мөлшері берілуі мүмкін. Егер атом күйлері дискретті болса, онда оның ішкі энергиясы электронмен соқтығысқан кезде де дискретті өзгеруі атомның стационарлық күйлердегі ішкі энергиясының айырымына тең мәндерге өзгеруі тиіс. Демек серпісіз соқтығысқанда электрон атомға белгілі энергия мөлшерін ғана бере алады. Бұларды өлшеп, атомның стационарлық күйлерінің энергиялары мәндерін анықтауға болады.
Сонымен егер қандай да бір электрон тордан 0,5В- тан кем энергиямен өтетін болса, онда ол анодқа жете алмайды. Тордан өткен кезде энергиясы 0,5 В- тан артық электрондар ғана анодқа жетіп өлшеуге келетін І анодтық тоқты құрайтын болады. Тәжірибеде І анодтық тоқтың U үдеткіш кернеуден І (U) тәуелділігі зерттенлген. Алынған нәтижелер 2.2-суретте келтірілген. Максимумдар Е1 =4,9 эВ, Е2 = 2 эВ,Е1 және т.т энергия мәндеріне сәйкес келеді. І (U) тәуелділігінің осындай түрі атомдардың шынында да 4,9 эВ- қа тең, тек дискретті энергия мөлшерін жұта алатындығымен түсіндіріледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|