Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Структуралық ботаника» пәні бойынша емтихан сұрақтары




Өсімдіктер ұлпасы туралы түсінік. Жалпы сипаттама және классификациялық принциптері. Ұлпалар типтері.

Өсімдіктер-ң біркелкі болып келетін сулы ортадан жер бетіне ауысуы олардың біртектес вегетативтік денесінің белсенді түрде органдарға сабаққа, жапыраққа, тамырға бөлінуіне әкеліп соқтырады. Бұл органдар-ң құрылысы әр түрлі болып келетін, алайда қалай болса солай емес, белгілі бір жүйеде орналасқан, бір-бірінен оңай ажыратылатын клеткалардың тобынан тұрады. Атқаратын қызметі бірдей ж-е шығу тегі бір, морф-қ жағынан бір тектес болып келетін клет-ң тобын ұлпа д.а. Бұл ғылымның негізін салған италия ғалымы М.Мальпиги мен ағылш.ғалымы Н.Грю (1671ж) болған. Ұлпалар-ң негізінен 6 тобы бар: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі,арқаулық (механикалық), өткізгіш ж-е бөліп шығарушы ұлпалар. Өсім-ң жануарлардан айырмашылығы олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және органдар түзіп отырады. 1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі. 2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды. Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады. Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады. Мұны (емен, қарағаш, шаған) жуан ағаштардың қабығынан көруге болады. Қалың қыртыс ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, зиянды микробтардан қорғайды. Қыртыс жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.

3. Негізгі ұлпа. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді. Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Хлоропластары бір-біріне кедергі жасамайтындай белгілі ретпен орналасады. Бұл ұлпада өсімдікті органикалық заттар және энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтез реакциясы жүреді. Қор жинаушы ұлпалар өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Энергияға бай қосылыстар өсу кезінде қорға жиналып, өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады. Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды. Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді. 4. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады. Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, өрік, алхоры, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады. Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі тірек ұлпасы жетілмеген. 5. Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі-талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады. Сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі сүректегі өткізгіш ұлпаларымен қозғалып, өсімдік мүшелеріне жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың өтуі (қозғалуы) тоқталады. Өсімдік тыныштық күйге көшеді. Көктемде уыз тәрізді заттар еріп, жолдар ашылып, органикалық заттар қозғалысы қайта басталады. 6. Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді. Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.

 

2.Тұқымдардың және өскіндердің құрылысы. Жер үсті және жер асты өскін. Стратификация және скарификация. Тұқымдардың және өскіндердің құрылысы. Жер үсті және жер асты өскін. Стратификация және скарификация. Тұқым – тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі. Гүлді өсімдіктер тұқымның құрылысына байланысты қос ж-е даражарнақтылар д 2 бөлінеді. Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

. үрмебұршақ тұқымының құр-сы

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады. Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады. Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады. Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.

Тұқымдар бірден өне бермейді. Олар қолайлы жағдай туғанға дейін бұйығу кезеңінде болып, өнімділігін де ұзақ жылдар бойы сақтайды. Өсімдіктің бұйығуы түрліше. Бұйығу кезеңінің тұқымдар үшін басты маңызы қысы қатты болатын аудандарда мезгілсіз өніп кетуден сақтау. Бұйығу кезеңін қысқартудың жасанды әдістері: стратификация «тұқым тозаңыту) – ау.шар-да тұқымдарды төмен тем-да сақтап себу әдісі тоңазу кезеңінен өту кезеңі д-а. Тоңазу кезеңінен өткізу үшін тұқымдарды күзде жәшікке салынған ылғал құмға орналастырып, көктемге дейін топыраққа көміп қояды. Скарификация (тұқым қабығын жұқарту)- тұқ-ң сыртындағы қауызы өте қалың, тығыз, су өткізбейтін болса, қабығын ептеп қыру, жұқарту, ірі құммен ысқылау н-е қайнаған суға салып алу шараларын қолданады.

Тұқым өнуі дегеніміз – ұрықтан өскіннің дамуы. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті - өскін дейді.

 

3.Тамырдың апикальды өсуі. Тамырдың қызметтері. Тамырдың шығу тегінің эволюциясы. Жас тамыр ұшындағы аймақтар. Жас тамыр ұшындағы апикльды меристемалық клеткалар оймақшамен жабылған.оймақша клеткалырының ұзақтығы 4күннен 9 күнге дейн созылады.олардан шырыш бқлінеді.ол-полисахарид.тамыр оймақшасынң тағы бір қызметі-тамырдың гравитация реакциясына әсерін тигізеді.тұқымды өсімдіктерде апикальды меристеманың 2 түрін ажыратамыз.1-тамыр оймақшасы,ксилема,флоэма және қабық апикальды меристема клетка тобынан пайда болады.мысалы-жалаңаш тұқымдылар.2-тамыр оймақшысы,флоэма мен ксилема және қабық бір-біріне байланыссыз жеке клктка қабаттарынан пайда болады.клеткалардың бөлінуі бастама клеткалар аймағында емес,одан біраз қашықтықта біршма толастаған тыныштық орталығында болады.Апикальды меристема осы толастаған орталығымен қоса клеткалардың-бөліну аймағы деп аталады.клеткалардың бқліну аймағынан кейін шекарасыз-созылу аймағы орналасқан.созылу аймағынан кейін-пісіп жетілу аймағы орн.осы аймақта сонымен бірге тамыр түктері дамиды. Физиологиялық жіне морф жағынан бірыңғай тамырлар-тамыр жүйесін құрайды.оның 3 түрі бар.1-жанама2-қосалқы3-негізгі тамыр.Жанама тамырлар аналыққа жаөын орналасқандықтан оны эндогенді тамыр дейді.жанама тамырдың негізі перицмкл клеткаларының бөлініп орталық цилиндр бетінді меристемалық тқбешіктің пайда болуынан басталады.қосалқы тамыр-сабақтан тамырдан жапырақтан тамсабақтан өсіп шығады.тамыр жүйелерін зертттеу әдісі.1-ауа жағдайында өс дақылдардың2-мин заттардың судағы еріт өсір 3-вегатациялық ыдыстарда қс 4-топ ырақ салынған жәшіктерде 5-қазылған орда не құлама жарда яғни жарт табиғи жағдайда өс 6-табиғат жағ немесе ашық грунтта. Тамырдың қызметі. Тамыр әдеттегі жағдайда,өсімдіктің топырақтан қоректенуі қызметін атқаратын негізгі вегетативтік мүше.Тамыр ұшындағы меристема қызметі нәтижесінде ұзақ уақыт ұзындыққа өсе алатын қабілеті бар,радиальды симметриялы,білікті мүше.Тамыр әртүрлі физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олардың ішіндегі ең маңыздылары: 1. Тамыр арқ топырақтан сіңірілген су ж-е онда еріген минералды тұздар сабаққа өткізіледі. 2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады. 3. Әр түрлі орг-қ зат-ды (амин қыш.гормон т.б.) синтездейді. 4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды. 5. Кей өсім-ң тамырлары микроо-р ж-е саңыр-ң жіпшелермен әрекеттестіреді. 6. Вегетативтік көбеюге қатысады. Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтарына бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады. Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады. Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды. Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады. Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

4. Тамырдың бірінші және екінші құрылысы. Тамыр анатомиясы өсімдік тамырының ішкі құрылысын зерттейді. Анатомиялық құрылысы жағынан өсімдік тамырлары әртүрлі болады. Тіпті, бір өсімдіктің тамырларының алғашқы (бірінші) құрылысы мен оның соңғы (екінші) құрылсының арасында да біршама өзгешеліктер болады. Бұл өзгешеліктерді өсімдік тамырларының алғашқы және соңғы құрылыстарын зерттегенде байқауға болады. Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың тұрақты ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті оның көлденең кесіндісінен байқауға болады. Тамырдың алғашқы құрылысында оның сыртында ризодерма (эпиблема), алғашқы қабық және орталық шеңбер (цилиндр) өткізгіш ұлпалар жүйесі болады. Тамырлардың көпшілігінде өткізгіш ұлпалар жүйесі тұтас орталық цилиндр, ал кейбіреулерінде - өзектің айналасында болады.Ризодерма суды және минерал заттарды тамыр түктері арқылы сіңіреді. Тамыр түктері – ризодерма жасушаларының өскіндер (трихобластар). Тамыр түктері оның сіңіруші ауданын көбейтеді. Ризодерма астында орналасқан қабықтың ең сыртқы қабаттары экзодерма деп аталады. Ризодерма өлгеннен кейін экзодерма тамырда қорғаушы, жабындық ұлпаға айналады. Экзодерма жасушалары бір немесе кейде бірнеше қатарлы болуы мүмкін. Алғашқы қабық жасушаларында крахмал және басқа да заттар жиналады, ал хлоропластары болмайды. Қабықтың паренхимасында бірқатар зат алмасу процесі белсенді жүреді. Қабықтың паренхималық жасушалары ризодерманы пластикалық заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар заттарды сіңіру және өткізуге қатысады. Жалаңаштұқымды және қосжарнақты өсімдіктердің көпшілігінің тамырларында белсенді өсу соңғы өсу болғандықтан, олардың алғашқы қабықтары ерте түсіп қалады. Даражарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу болмағандықтан, олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдайды. Эндодермада жасушалардың өте тығыз орналасқандығынан және қас пари белдеушелерінің суды және де басқа заттарды өткізбейтіндігіне байланысты, заттарды орталық өткізгіш жүйесіне келуі және кетуі, экзодермалық жасушалардың протопластары арқылы жүреді. Ал экзодермалық жасушалар сүректелген жағдайда, ксилема сәулесінің тұсына орналасқан өткізгіш жасушалар арқылы заттарды өткізу жүреді. Бұл көпшілік жағдайда даражарнақтыларға немесе алғашқы қабығы өмірінің соңына дейін сақталатын өсімдіктер тобына сипатты. Тамыр құрылысында камбий шеңберінің пайда болғанынан кейінгі шыққан бөлімдері тамырдың анатомиялық соңғы құрылысына жатады. Жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктердің тамырларында алғашқы ксилема және флоэманың арасындағы қалған түзуші ұлпа прокамбийден шоқтық және перицикл (грек. «пери» айналасы, «сиклос» - шеңбер) жасушаларынан шоқтық камбий түзіледі де, екеуі қосыла келе ксилеманы қоршай алады. Камбий ішке қарай ксилема, ал сыртқа қарай флоэманы ығыстыруНәтижесінде, бірте-бірте камбий тамырдың көлденең кесіндісінде шеңберлі болып орналасады, бұны шеңберлік камбий деп атайды.

5.Өркеннің жалпы сипаттамасы. Өркеннің морфологиясының жіктелуі. Бүршіктер олардың құрылысы, орналасу ерекшеліктері және өсімдіктер тіршілігінің рөлі. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, ұзарған өркен, қысқа болса, қысқарған өркен деп аталады. Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді. Өркеннің морфологиясының жіктелуі. Нег өркен тұқ бүршігінің ұрығынан дамиды. Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, нәт-де сабақ бұтақталады. Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды олар жап-та, буынаралығында, тамырда болады. Ұзарған өркеннің буынаралығы алыс орн-н. Қысқарған өрк-ң буынаралығы жақын н-е қысқарған болады. Вегетативтік өркен жап-қ пен бүршік түзеді. Генеративтік өркенде репродуктивті мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады. Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі. Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарында дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш дінінің кесілген бұтақтары мен кесілген ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.

6. Тармақтану, олардың типтері және биологиялық маңызы. Жапырақтардың орналасуы және өркендердің өсу бағыттары. Өсу конусының құрылысы және қызметі. Өркендердің мамандануы және метаморфоз. Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі,онда органикалыққ зат түзіледі,газ алмасып,су буланады. Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:

  1. Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.
  2. Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады
  3. Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады.

 

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік – жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады. Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі – фотосинтез (жапырақтар арқылы). Споралы өркендер, сол сияқты гүлде көбею қызметін атқарады. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буын қоршалмай орналасса, ашық буын деп атайды. Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Егер буын аралықтары бір-бірінен жақын болса, оны қысқарған өркен деп (капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары және т.б.), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарған өркен деп атайды. Қысқарған өркенді гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп,вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды.Бүршік бой конусының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақ пен жетілу кезеңі әр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады.

Өркеннің бұтақтану типтері: А – дихотомиялы; Б – моноподийлі; В – симподийлі; Г – жалған дихотомиялы;1,2,3,4 – бірінші және одан кейінгі реттердегі остер.

Өркендердің мамандануы және метаморфозы. Өркендердің түрлене өзгеруі көп жағдайда олардың атқаратын қызметімен: өз бойына артық қор заттарын жинаймен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткеруімен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланысты болады. Тамыр сабақ. Бұл горизанталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көп жылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсімдіктердің қайта қалпына келуін реттейді және вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Тамыр сабақтың дедукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттар оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың өзарып өсуімен бұтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады. Тамырсабақ ұзын және жіңішке (бидайық-прей) немесе қысқа және жуан (құртқашаш-ирис) болуы мүмкін (99,Б,В-суреттері). Жыл сайын төбелік және бүйірлік бүршіктерден бір жылдық жер беті өркендері пайда болады. Тамырсабақтың ескірген бөліктері біртіндеп өліп отырады. Ұзын, горизанталь бағытта өсетін, көптеген жер беті өркендерін беруге қабілетті, тамырсабақты өсімдік, тез арада көптеген жерді алып кетеді. Егер ол арамшөп болса (пырей), онда олармен күресу өте қиынға түседі. Мұндай өсімдіктерді құмды бекітуге пайдаланады (қияқ-волоснец, ақселеу-триоснитца). Шалғындық тануда, ұзын горизанталь бағытта өсетін тамырсабағы бар астық тұқымдасын тамырсабақты (суоты-поливица, қоңырбас-мятлик), ал тамыр сабағы қысқа болып келетіндерін-түптенген немесе түптеніп өсетін өсімдіктер дееп атайды (аққылтан-белоусник, аққонақ-тимофеевка). Тамырсабақ негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерден кейде бұталарда (берейскелет) және бұта тектес өсімдіктерде болады (итбүлдірген-брусника, нағыз қара жидек-черника).

 

Сабақ, оның қызметі және морфологиялық ерекшелігі. Сабақтың алғашқы құрылысы.Екінші құрылысына ауысуы және камбий жұмысы.Шөптесін қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктерінің сабақтарының салыстырмалы анатомиялық құралысы.

Сабақ өсімдіктің денесінен жоғары көтеріп, тамырдың топырақтан сіңген су мен минералды тұздарын жоғары бағытта, жапыраққа қарай, ал жапырақта түзілген органикалық заттарды төмен өарай- тамырға өткізеді. Сонымен қатар сабаққа қорлық заттар жиналады. Өсімдік сабағы морфологиялық жағынан әр түрлі. Олар кеңістікте өсу бағытына байланысты орналасуына, көлденең кесіндісінің пішініне, консистенциясына қарай бірнеше топқа бөлінеді: 1. Тік сабақтар (жер бетінде өсетін көптеген өсімдіктер; 2. Жатаған сабақтар – жер бауырлап өсетін өсімдіктер (бүлдірген,қияр, асқабақ); 3. Өрмелегіш – жармасып жоғары өарай тік өрмелеп өсетін өсімдіктер; 4. Шырмалағыш – сабақтары жіңішке, жеңіл, ұзын, шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ). Өсімдік сабағының пішіні оның көлденең кесіндісіне қарай: жұмыр, жалпайған, үшқырлы, төртқырлы және көп қырлы болып бөлінеді. Консистенциясына қарай: шөптесін және сүректі. Сабақтың алғашқы құрылысында өсу конусы алғашқы жапырақтармен, бүршік қабыршақтарымен, сырты - эпидермамен жабылған. Эпидерма клеткаларының қабырғаларының қалыңдауы бір келкі емес. Эпидерманың астында механаикалық ұлпа – колленхима орналасқан. Жұқа паренхималық клеткалардан түзілген өзек айқын көрінеді, онда қоректік заттардың қоры жиналады. Сабақта флоэма және ксилема сілемдері өз ара бүйірлері түйісіп – коллатеральды формада орналасады. Сабақта паренхималық өзектік сәуле жақсы байқалады. Сабақтың алғашқы құрылысында екі топографиялық құрылым – алғашқы қабық және орталық цилиндр сақталады да, ортасында жндодерма болады.

Сабақтың екінші құрылысы екінші түзуі (меристемалық) ұлпа – камбий қызметіне тікелей байланысты. Соныдықтан екінші соңғы құрылысы тек ашық тітік-талшық шоқтары бар өсімдікке тән. Жабық түтік-талшық шоқтары бар даражарнақты өсімдіктерде сабақтың анатомиялық екінші құрылысы кездеспейді. Қосжарнақты өсімдік сабағының ұшында орналасқан промеристема шоғының қабық жағы – түпкілікті флоемаға, ал өзек жағы – ксилемаға айналады. Осы екеуінің арасында меристемалық қасиетін сақтап қалған жас клеткалар қабатын – камбий д.а. Камбийдің алғаш рет матафлоэма мен метаксилема элементтері п.б. кейінгі түзген бөлімдерін сабақтың екінші құрылымы д.а. Камбийдің п.б. және оның шапшаңдығы өсімдік түріне қарай әрқилы. Қосжарнақты өсімдіксабақтарының алғашқы құрылысында эпидерма клеткалары кәдімгі төрт жақты, сыртқы қабырғалары, ішкі жағынан қалың, беткі жағы кутинденген. Эпидерма клеткалары өте тығыз орналасқан. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейтіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушаларының қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндірде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп, сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы түйық коллатералды шоқ ашық коллатералды шоққа айналады. Орталық цилиндірдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесінде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабақ – перидерма жасалады. Алғашқы қабық өліп, түлеп түседі. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгіш элементтерінің сүректенуі және соңғы жабындық ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердің сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс (ритидом) алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан (либриформ) тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.

Даражарнақты өсімдіксабағында: эпидерма, алғашқы қабық және орталық цилиндр жақсы байқалады. Эпидерма – кәдімгі осы ұлпаға тән құрылысы ие, бірақ олардың клетка қабықшалары сүректелген, ал кейбір дара жарнақтыларда эпидерма клеткаларының қабырғалары өте қалың. Алғашқы қабық құрамында негізінен паренхима болуына байланысты, ол ассимиляциялық ұлпа қызметін атқарады, колленхима сирек кездеседі, көп жағдайда алғашқы қабықта склеренхима дамиды. Алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты эндодерма, ол тамыр сабақта жақсы байқалады. Перецикл барлығында кездесе бермейді, мысалы ол пияздың жер үсті сабғында көп қатарлы, сүректелген склеренхимадан тұрады. Даражарнақтылардың көпшілік өкілдерінде өзек жоқ. Даражарнақтылар сабағында талшықт өткізгіш шоқтары коллотеральді, жабық (камбий жоқ). Бұлардағы барлық өткізгіш элементтердің шығу тегі – прокамбий. Даражарнақтыларда сабақтың екінші (соңғы) өсуі аз кездеседі. Тек кей бір ағаш түрлерінже ғана. Онда да соңғы өсу табиғаты қосжарнақтыларға қарағанда мүлдем өзгеше. Сабақтың еткі аудандарында біршама меристемалық қасиеті бар клеткалар аймағы сақталады да, тангентальді бөлініп, ішке,негізгі паренхиманы қалыптастырады. Ал енді бір клеткалар тобы – прокамбий тәрізді бөлініп, өткізгіш шоқтардың жабық түріне бастама береді. Шоқтардың ксилема бөлігі тек трахеийдтерден ғана тұрады. Сыртына ығстырылған клеткалар тозға ұқсас жабындық ұлпа түзеді. Көп жылдық сабағы бар дара жарнақтылар мысалы, юккалар, алоэлар, агавалар өздерінің нашар екінші өсуімен сипатталады.

Жабық тұқымды өсімдіктер (жөке ағашы) және ашық тұқымды өсімдіктер (қарағай) сабақтарының анатомиялық құрылысы.

Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді. Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады, сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды. Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Ашықтұқымдылар сабағының құрылысы: Ашық тұқымдылар сүрегінің құрамында түтіктер жоқ, оның негізін трахеидтер құрайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде трахеидтер дұрыс көлденең (радиальды) қатарлармен орналасады да, оның әр қатарын камбийдің бір клеткасы қалыптастырады. Бұл трахеидтер өз бойымен суды өткізеді. Күзде н/е одан да кеш пайда болған сүректің трахеидтері қалың қабырғалы, өзегі тар, негізіннен арқаулық қызмет атқарады. Ашық тұқымдылар сүрегінде, жылдық сақиналар өте айқын көрінеді.Трахеидтер аралықтарынан сәулелер өтеді. Әрбір сәуленің екі түрлі клеткалар типінен құрылған тізбектен тұрады. Ол сәулелер сүректен камбий қатары арқылы қабыққа өтеді. Әрбір сәуленің жоғарғы және төменгі қабаттары өлі клеткалардан тұрады, олардың қабырғаларында жиектенген (көмкерілген) ұсақ саңылаулары көрінеді. Бұл клеткаларды сәулелер трахеидтері деп атайды, олар көлденең бағытта суды өткізуге қатысады. Сәуленің орта қабаты тірі паренхималық клеткалардан тұрады, олар радиальды бағытта пластикалық заттарды өткізеді. Ашық тұқымдылар сүрегінде шайыр каналдар жүйесі жақсы дамыған. СОонымен, ашық тұқымдылардың сүрегінде түтіктер болмайды. Бірақ, ондағы трахеидтердің суды өткізуші ж/е арқаулық болып бөлінуі, сәулелердің екі түрлі клеткалардан құралуы ж/е күрделі сүттіген жолдарының болуы, ашық тұқымдылардың сүрегінің құрылымдық деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.

 

Жабықтұқымдылар сабағының құрылысы: Жабықтұқымдылар сүрегі, өткізгіш қызмет атқаратын трахеядан (түтіктерден) ж/е трахеидтерден, арқаулық беріктікті қамтамасыз ететін сүректі талшықтардн (либриформ талшықтары) ж/е сүректі паренхима сәулелерінен тұрады. Көлденең кесіндіде түтіктер сопаұша пішінді. Ерте көктемдегі сүрек түтіктерінің өзегі кең, ал қабырғалары спираль (шиыршықты) тәрізді қалыңдаған, ұсақ жиектелген саңлаулары болады. Трахеидтердің дені күзгі сүректе кездеседі, олардың өзектері тар ішкі қабырғалары шиыршықты қалыңдаған. Либриформ н/е сүректік талшық өн бойынша ұзарған, қабырғалары қалыңдаған, прозенхималық клеткалардан тұрады. Сәулелі паренхима клеткалары көлденең (радиальды) бағытта, біршама созыңқы, біркелкі, қарапайым, морфологиялық бірыңғай клеткалардан тұрады. Олар қор жинаушы қызметін атқарады және көлденең бағытта заттарды өткізуге қатысады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных