Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Стелярлық теория. Стелдер типтері.




Стела теориясының негізін қалаған Ф. Ван-Тигем және А. Румло (1886). Олар тұңғыш рет стела ұғымын тамырдағы алғашқы өткізгіш ұлпалар мен оларды қоршаған перицикл жиынтығына қолданды. Онан соң бұл ұғым сабақ стеласына таралды. Сабақ стеласы -оның алғашқы өткізгіш ұлпалар жиынтығы мен олардың арасындағы паренхималар және перицикл. Стела теориясы өсімдіктің осьтік мүшелерінің анатомиялық құрылысының эволюциясын жүйелеу және оның негізгі даму бағыттарын анықтау қажеттілігенен пайда болған. Стела теориясы бойынша ең ертедегі және қарапайым стеланың түрі- гаплостела (грек. «гаплос»-қарапайым, жай) н/е протостела. Мүк тәріздестердің кейбір өкілдерінде кездеседі. Гаплостелада ксилема ортада біртұтас ал флоэма оны қоршай орналасады. Гаплостеладан актиностела (грек. «актинос»-сәуле) дамиды. Сабақ ортасында ксилема жұлдыз орналасады, ал флоэма оның сәулелерінің арасында орнал-ды. Бұл түр шырмауықтарға, қырықбуындарға тән. Келесі сифоностела (грек. «сифон»-түтік). Мұнда стела құрылысында өзектік паренхима пайда болады. Сифоностелаға дейін механикалық ұлпа ролін атқарған ксилема, енді сабақтың шетіне қарай ығысып, сабақ түтік тәрізді болып, беріктігі артады. Өткізгіш элементтердің тірі паренхималық клеткалармен жанасу ауданы ұлғайып, қоректік заттарды қорға жинақтауға мүмкіндік туады. Алғашқы рет өзектік паренхима диктиостелада (грек. «диктион»-тор) дамиды. Оның айналасында шеңбер құра флоэмамен қоршалған ксилема сілемдері орналасқан. Эустела (грек. «эу»-жақсы, ақиқат). Ортасында өзектік паренхима орналасады, ксилема мен флоэма өзара, бүйірлері жанасып, коллатеральды ашық, шеңбер тәрізді орналасқан талшықты өткізгіш шоқтар түзеді. Стеланың бұл түрі қосжарнақты өсімдіктер сабағына тән. Жоғары дәрежедегі стела – атактостела (грек. «а»-жоққа шығару, «тактос»-ретпен орналасу). Атактостеланың эустеладан ерекшелігі: ксилема және флоэма аралығында камбий болмайды, сабақта талшықты өткізгіш шоқтар ретсіз орналасқан. Ерекшелігі сабағындағы жапырақтар жақсы дамып, олардағы өткізгіш шоқтар ізінің орталық шеңберге көптеп қосылуына бай-ты. Даражарнақты өсімдіктерге тән.

Жапырақ және оның қызметі. Жапырақтар бөліктері және олардың қызметі. Жапырақтардың морфологиялық құрылысы. Жапырақ тақтасының (гүлді өсімдіктердің және қылқан жапырақтылардың) анатомиялық құрылысы. Жапырақтардың тіршілігінің ұзақтығы. Жапырақ басудың биологиялық маңызы.

Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

Жапырақ өзінің даму барысында екі кезеңді басынан өткізеді, олар бүршік ішіндегі және бүршік сыртындағы кезеңдер. Бірінші кезеңде жапырақ бастамасы негізінен клеткалардың бөлінуі есебінен көлемін ұлғайтып, біртіндеп жапыраққа тән пішінге келе бастайды, бірақ қабатталған н/е бүктелген кішкентай қалпында қалады. Екінші кезеңде жапырақ жазылып, жасушалардың бөлінуі мен созылу есебінен көлемін тез ұлғайтады.

Жапырақ - өсімдіктер денесіңде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілетін, ауа алмасатын (тыныс) - көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын (транскпирация) маңызды вегетативтік мүше. Осы негізгі қызметтерімен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ кор заттарын жинау, қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін де атқарады.

Жапырақтың негізгі бөліктері жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады (1-сурет). Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.

1-сурет. Жапырақ бөлімдері: І-сағакты; ІІ-қондырмалы; ІІІ-жастықшалы;IV- а қынапты; IV- б қобылы; Ү-бос бөбешік жапырақты; VI-кіріккен бөбешік жапыракты; VII-қолтық бөбешік жапырақты; 1 - жапырақ тақтасы; 2 - жапырақ негізі; 3 – қынап; 4 - қобы; 5-бөбешік жапырақтар; 6 - сағақ; 7 - қолтық бүршік; 8 – қыстырма.

Жапырақтың негізгі бөлігі - оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады. Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз - жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырак деп аталады. Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатынасады деген сөз.Астық тұқымдасының басым көпшілігінде қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде тілше деп аталатын кішірек жұқа үлпек қабыршақ көрінеді. Осы буындағы жапырақ тақтасының екі бүйірінен сабақты тығыз қаусырған жіңішке екі өскінше жетіледі, бұлар құлақшалар деп аталады. Тілшелер мен құлақшалардың пішіні астық дақылдарында алуан түрлі.

Жапырақтардың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және жоғарғы жапырақ (2-сурет). Төменгі жапырақтар - қорғаньпптық немесе қор жинаушы және т.б. арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы, бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіндегі өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады. Ортаңғы жапырақтар - белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі - фотосинтез, транспирация (суды булаңдыру) және ауа алмастыру (тыныстану). Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады. Бұлар, әдетте, толық жетілмеген және жапыраққа тән қызмет атқармайды.

2 – сурет. Жай жапырақ пішіндері:1- ине (қылқан) жапырақ; 2 - таспа жапырақ; 3 - сопақша жапырақ; 4 - қаңдауыр жапырақ: 5 - сопақ жапырақ; 6 - дөңгелек жапырақ; 7 - жұмыртқа тәрізді жапырақ; 8 - теріс жұмыртқа тәрізді жапырак; 9 – ромб тәрізді жапырақ; 10 – қалақ жапырақ; 11 - жүрек тәрізді жапырақ; 12 – бүйрек тәрізді жапырақ; 13 - стрелка тәрізді жапырақ; 14 - жебе тәрізді жапырақ; 15 - қалқан тәрізді жапырақ.

Гетерофиллия. Әр түрлі жапырақтылық (гетерофиллия грекше гетерос - әр түрлі) бір өсімдікте әр түрлі пішіндегі жапырақтардың болуы. Жапырақ - сыртқы орта жағдайларының өзгеруін тез сезінетін өсімдік мүшесі. Жарық, жылу, ылғал, қоректену және т.б. жағдайлардың әсерінен жапырақ пішіні өзгеріске түседі. Анизофиллия. Анизофилли (грекше «анизос» -тең емес) дегеніміз өркеннің бір буыныңда орналасқан (қарама-қарсы, шоқтанып) жапырақтардың пішіндері мен көлемдерінің әр түрлі болып келуі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратын жабындық ұлпа - эпидерма; 2) ассимиляциялаушы қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі - мезофилл; 3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар.Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа - эпидерма жауып тұрады. Эпидерма жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз тіркесіп бір қатар, екі қатар, сирек жағдайда көп қатар түзіп, орналасады (6-сурет). Негізгі қызметі - жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кебуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Эпидерма жасушаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады. Бұл қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.Мезофилл (mesos - орталық, phyllon - жапырақ) морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жасуша құрамындағы хлоропластарға байланысты бұл бөлімнің реңі жасыл болатындықтан, ол мезофилл хлоренхима (грекше chloros - жасыл, enqchyma - құйылған) деп те аталады.

Көптеген өсімдіктерде бағаналы ұлпа бір қабатты, кейде екі қабатты (камелия, фикус, кәдімгі серігүлдің жарық сүйгіш жапырақтары), сирек жағдайда көп қабатты (ақ тұт ағашы) болып келеді.Борпылдақ ұлпа жасушалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай жасуша аралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орналасады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен болып келеді. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.

Жапырақтағы өткізгіш шоқ - тұйық коллатералды. Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан. Кейбір өсімдіктерде шоқты сырт жағынан қоршап тұратын бірнеше жұқа қабықшалы, құрамында хлоропластары жоқ арнаулы паренхималық жасушалар түзіледі. Бұлар жапырақтың ассимиляциялық ұлпасында түзілген қоректік заттарды флоэманың сүзгілі түгіктеріне бағыттап отырады.Өткізгіш шоқтар қоректік заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет атқарады. Флоэма мен ксилеманың сырт жағында, кейде шоқты қоршай склеренхима орналасады. Эпидерманы астарлай, шоқтың үстіңгі және астыңғы жақтарында колленхима жатады. Жапырақ құрамында сондай-ақ тасты жасушалар - идиобластар да бар. Олар камелия, шай, түңғиық және т.б. өсімдіктердің жапырағынан көрінеді.

 

Қос жарнақтылар жапырағының жартылай схемалық көлемдік көрінісі:1 - үстінгі эпидерма; 2 - астыңғы эпидерма: 3 - бағаналы паренхима; 4 - борпылдақ паренхима; 5-ксилема; 6-флоэма; 7 - склеренхима; 8 - колленхима; 9 - шоқты қоршаған клеткалар; 10 - устьице; 11 - безді түк; 12 - жабындық түктер.

Қылқанның сыртын қалың қабырғалы жасушалардан тұратын эпидерма жауып тұрады. Эпидерма жасушаларының, қабықшасы сүректенеді және кутикуламен жабылады. Устьицелер эпидерманың гиподерма қабатының деңгейіндегі ойыстарда жапырақтың екі бетінде түгел таралған. Эпидермадан төмен склеренхима талшықтарынан тұратын гиподерма қабаты бар. Бұл қабат механикалық қызметпен қатар, судың көбірек булануынан сақтайды.Мезофилл бөлігінің ерекшелігі — оның бірыңғай паренхималық жасушалардан тұруы. Бұл жасушалардың қабырғалары жасуша жолағына енетін ерекше қатпарлар түзеді. Цитоплазма мен хлоропластар осы қатпарлардың ұзына бойына орнасалады. Қатпарлы паренхима жасушаларының мұндай құрылысы қылқан мезофилінің ассимиляциялық бетін едәуір ұлғайтады.

Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Оның мерзімі 2—3 аптадан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа созылады. Көп жылдық өсімдіктерде жапырақтар тіршілігі оның өстік мүшелері — сабағы мен тамырына қарағанда ұзаққа бармайды. Бұл ерекшелік қалыптасқан жапырақ ұлпаларының қайтадан жаңармауына және салыстырмалы қысқа уақыт ішінде фотосинтез жүруін белсенді атқаратьм мүше қызметіне байланысты.

Өсімдіктер жапырағының түсуі -биологиялық заңды құбылыс. Ол өсімдіктерде жүретін тіршілік әрекеттерімен тікелей байланысты. Жапырақ түсіру-өсімдіктер тіршілігі үшін ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделудің сырттай көрінісі.Қоңыржай белдеуде жапырақтар күзде температура төмендеген кезде түседі. Бұл уақытта ауа райының қолайсыз болуына байланысты өсімдік топырақтан белгілі бір мөлшерде қажетті ылғал ала алмайды. Соның салдарынан жапырақ клеткаларында жүретін тіршілік әрекеттерінің (фотосинтез, тыныстану) қарқындылығы күрт төмендейді. Рибонуклеин қышқылының, азот және калий қосылыстарының мөлшері азаяды. Мұнда заттардың түзілуінен ыдырауы басым, жасушаларда ыдыраудың соңғы өнімдері (мысалы, қальций оксалатының кристалдары) жиналады. Ең бағалы минералдық және органикалық қосылыстар өркенде қалыптасын, өсіп келе жатқан мүшелерге немесе арнаулы қор жинау ұлпаларына қарай ағады.Сүректі өсімдіктердің көбінде күзде байқалатын нәрсе — жапырактардың жасыл реңдеріннің өзгеруі (сары, қызыл сары, қызыл қоңыр, қызыл түстерге ауысады). Бұл жапырақтың жасуша құрамындағы пигменттердің, хлорофилдің бұзылуына, каротин, ксантофилл пигменттерінің ұзағырақ сақталуына және жасуша шырынының құрамында антоцин пигменттерінің болуына байланысты. Сілтілі ортада антоцин көгілдір көк рең, ал қышқылды ортада — қызғылт рең береді. Кейбір өсімдіктер (мысалы, қаңдағаш, серігүл) жапырақтарының реңі тіршілігінің, соңына дейін жасыл қалпында қалады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных