Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айта өрлеу философиясындағы ерекшеліктер қандай?




Қайта Өрлеу дәуірінің дүниегекөзқарасының негізгі ерекшеліктері:

1) Өнерге көп көңіл бөлінуі. Қайта Өрлеу дәуіріні көркемдік-эстетикалық сипатта болды.

2) егер Антика дәуірі табиғат-космос, ал ортағасырларда адамның құдайға қатынасы орталық мәселе болса, Қайта Өрлеу дәуіріні адамды орталық орынға қойды, философиялық ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды. Қайта Өрлеу дәуірініде адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады. Орта ғасырлық рухани түсініктерден арылуға талпыныс өнердің, әдебиеттің гүлденуіне алып келді, сөйтіп гуманистік дүниетаным қалыптасты.

3) дүниені пантеистік тұрғыдан түсіну Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының өзіндік ерекшелігі болды. Пантеистік көзқарас құдайды табиғатпен теңестірді, табиғатты, адамды құдайлық дәрежеге көтерді.

4) Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті).

Пантеизм догматтық, діни дүниетанымнан табиғатты ғылыми тұрғыдан түсінудің жаңа формасы болды. Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудік эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.

Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер туғызатын Космосты, ортат ғасырда Құдайды, Қайта өрлеу дәуірінде Адамды қойды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі - антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды. Адам мен оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін, оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.

Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады.

Пантеизм - (pan - бәрі және tcheos - Құдай) - Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ ─ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты Кребс. Ол «Білместік ғылымдары туралы», «Шығу тегі туралы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы» еңбектерін жазды. Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама-қарсылық арқылы қозғалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных