Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Араб мұсылман философиялық ойларының ерекшеліктері.




Мұсылман әлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бiрге Шығыс мәдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу тегi жағынан араб емес, түркi және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемi Шығыспен рухани диалогының нәтижесiнде ерте грек дүниесiмен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттiң есiгiн ашты. Шығу тегi түрiк философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есiмдерiмен танысты.

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп аталатын капиталды еңбегiнде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелерi қарастырылған. Өзiнiң философиялық жүйесiн ибн Сина платондық iлiмнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесiндегi ғылымдар классификациясы өзiнiң ерекшелiгiмен қызықтырады. Әбу Әли философиялық бiлiмдi екi салаға бөледi: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, ал практикалық философия – игiлiкке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл әлемдi танудың құралы, ол барлық ғылымдарға тәсiл бередi. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады (метафизиканы ол бiрде философия, бiрде теология деп түсiндi). Жильсонның пiкiрiнше теологияның статусы туралы авиценалық шешiм iзгi хабарға жол ашады, бiрақ әрбiр құндылық туралы мәселеге толық жауап жоқ.

Газалидiң айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретiнде өзiнiң пайымдауларында кейде дiнсiздiкке жақын жағдайларға дейiн барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келедi: егер философия ақыл-ойдың мәлiметiне, дәлелге негiзделген шындық туралы бiлiм берсе, ал теологиялық бiлiм сенiмге негiзделедi. Өзiнiң батыл және ерекше дара идеялары үшiн ибн Сина үнемi қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезiндегi әл-Фарабидiң философиялық iзденiстерiнен өзiнiң бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан ары дамытқан оның заңды жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жiгiн ажыратып, олардың статусы туралы идеясын онан ары ибн-Рушд өзiнiң, қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных