ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
БАСҚАРУ СОЦИОЛОГИЯСЫПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
А Л Ғ Ы С Ө З Пост-коммунистік кезеңдегі дамып келе жатқан демократия уақыт пен төзімділікті қажет етеді. Ең алдымен демократияландыру үрдісінің мәнін түсіну қажет. Демократия өзінен-өзі пайда болмайды, оны құру қажет. Демократиялық құрылысты қалыптастыруда қоғамдағы басқару қызметтерінің маңызы зор. Қоғамдық басқарудың қалыптасу үрдісі белгілі бір уақытты қажет етеді. Сонымен қатар оның нысандары өзгеріп отырады. Қоғамдағы басқару нысандарының ішіндегі ең маңыздысы мемлекеттік басқару болып табылады. Бұл пәннің мақсаты студенттерді мемлекеттік басқару негіздерімен таныстыру. Себебі, өзіміз ғұмыр кешіп отырған елдің белсенді Һәм игілік өндіруші мүшесі болу үшін мемлекетіміздің бізге қандай үміт артатынын білуіміз қажет. Сайлау - қоғамдық басқаруды қалыптастырудың ең маңызды тетігі болып табылады. Курс мазмұнында сайлау жүйелеріне де көңіл бөлінген. Себебі, әр азамат өз елінің болашағы үшін жауапкершілікте. Азаматтар өз жауапкершілігін толық мәнінде сайлау арқылы көрсете алады. Сонымен қатар пән мазмұнында экономика, әлеуметтік-мәдени, құқық сияқты аса маңызды қоғамдық салалардағы басқару туралы мағлұматтар да қамтылған. Басқару социологиясы курсы-студенттерді қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді араласуына қажетті теориялық базамен қамтамасыз етуге арналған. Оқу пәні саясаттану, социология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған.
1-ТАҚЫРЫП. КІРІСПЕ /2 сағат/ Басқару социология пәні мен оның міндеттері. Басқару социологиясы пәнінде қолданылатын зерттеу әдістері. Басқару социологиясы пәнінде қамтылатын негізгі теориялық тұжырымдар. Пән құрылымы. Басқару социологиясы туралы шетелдік зерттеулер. Басқару социологиясы пәнінің отандық ғылымда қалыптасуы. Д.Көшім зерттеулері. Саяси биліктердің түрлі формалары. Негізгі қоғамдық салалардағы басқару.
2-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК / 2 сағат/ Мемлекет-саяси жүйенің ең басты институты ретінде. Мемлекеттік билік ұғымы. Демократиялық құндылықтар және мемлекеттік билік. Мемлекеттік биліктің қоғам өміріне әсері. Мемлекеттік биліктің қоғамдағы басқа да билік түрлерінен айырмашылығы мен олармен қарым-қатынасы. Мемлекеттік биліктің жергілікті аймақтарға әсері. Саяси үстемдік. Саяси үстемдік туралы М.Вебер зерттеулері. Мемлекеттік билікті іске асыру әдістері мен тетіктері.
3-ТАҚЫРЫП. БИЛІК БҰТАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ /2 сағат/ Билік бөлінісі теориясының өмірге келуі. Д.Локк, Ш.Л.Монтескье тұжырымдары. Қазіргі саяси жүйелердегі билік бөлінісінің конституциялық ұстанымдары. Заң шығару, атқару және сот биліктері. Олардың арасындағы қарым-қатынастың саяси-теориялық негіздері. Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісінің Конституциялық негіздері. Билік бұтақтарының тепе-теңдікті сақтау тетіктері.
4-ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ҮКІМЕТТЕР / 2 сағат/ Саяси теориядағы ұлттық үкімет ұғымы. Ұлттық үкіметтің жергілікті-аймақтық саяси басқарумен қарым-қатынасы. Унитарлық басқару нысаны, оның түрлері. Федеративті басқару нысаны. Федерация субъектілерінің конституциялық-құқықтық жағдайлары. Унитарлы және федеративтік басқару нысандарындағы ұлттық үкіметтердің конституциялық-құқықтық жағдайлары. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
5-ТАҚЫРЫП. ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ /2 сағат/ Президенттік басқару нысанының саяси өмірге келуі. Саяси-теориялық негіздері. Т. Джефферсон мен А. Гамильтон еңбектері. Американ конституциясының идеялық-теориялық бастамалары. Президент қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Президентті сайлау жолдары. Президент өкіметтігінің саяси теорияда көрініс табуы. Президенттің басқа саяси-биліктік құрылымдармен қарым-қатынасы.
6-ТАҚЫРЫП. ПАРЛАМЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ. /2 сағат/ Парламенттік басқару нысанының саяси өмірге келуі. Саяси-теориялық негіздері. Джон Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо еңбектері. Парламент қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Парламент депутаттарын сайлау жүйелері. Парламент өкілеттігінің саяси теорияда көрініс табуы. Парламенттің басқа саяси-биліктік құрылымдармен қарым-қатынасы. Парламенттік республикадағы Үкімет басшысының ролі.
7-ТАҚЫРЫП. ЖАРТЫЛАЙ ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ /2сағат/ Жартылай президенттік басқару нысанының конституциялық-құқықтық негізделуі. Жартылай президенттік республикадағы Президент пен Парламент қарым-қатынасы. Үкімет құрамын бекіту тәртіптері. Үкімет басшысының ролі. Президент пен Парламентті сайлау тәртіптері. Президент өкілеттіктері. Парламент өкілеттіліктері.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|