ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ПАРЛАМЕНТАРИЗМ СОЦИОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Т Ү С І Н Д І Р М Е
Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган болып табылады. Сонымен қатар Парламент атқару билігінің қызметін де бақылайды. Адамзат өз әлеуметтік-саяси дамуында көптеген өкілеттік билік құрылымдарын өмірге әкелді. Әртүрлі елдерде құрылтай, мәжіліс, кеңес, сенат сияқты атаулар иеленді. Қазіргі парламентаризм өз бастауын Англиядан алған. Парламент ең басында монарх жанында ақсүйектер құрған кеңесші орган болды. Уақыт өте келе ол мемлекеттің ең ықпалды топтарының өкілдерін біріктірген билік тармағына айналды. Американ мемлекетінің негізін қалаушылар өкілеттік биліктен екі қажеттілікті көрді: 1) өкілеттік билік адамдар құқығын бұзуды қажетсіз бейімдігіне сенім; 2) өкілеттік билік өзін сайлаған адамдар құқығы мен бостандығын қорғайтындығына сенім. Өкілеттік билік мемлекеттік билік тармақтары жүйесінде бірін-бірі тежеу мен бақылау жүйесін құрды. Қазақстан Республикасының Парламенті қос палатадан тұрады. Сенат депутаттарын жергілікті өкілетті орган мәслихат депутаттары халық атынан сайлайды. Мәжіліс тікелей халық дауыс беруі арқылы сайланады. Бұл оқу курсының мақсаты студенттерге өкілеттік билік құрылымы туралы түсінік беру. Курста Ежелгі грек және Рим, Шығыс елдері өкілеттік билік пайда болуы, халық өкілеттігінің отандық тарихы, қазіргі парламентаризм бастауы, қазіргі заманғы парламенттер, Қазақстан Республикасы парламентінің құрылымы мен конституциялық өкілеттіктері және т.б. мәселелер қамтылған. Курс социология-демография мамандығы бойынша дәріс алушы оқу тобына арналған.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|