Арнайы қолдану кезіндегі техникалық қызмет көрсету
1 Тракторды пайдалану кезіндегі арнайы қолдану (төмен температурада, шөл далада, құмды және балшықты жерде, тасты грунтта) орнатылған
техникалық қызмет көрсету кезеңі мен көлемін сақтайды.
2 Тракторды пайдалану кезіндегі шөл далада, құмды жерде, жоғары температурада, шаңды жерде қосымша тағы келесі әрекеттерді жүзеге асыру:
- жабық тәсілмен қозғалтқышты май мен жанармайға толтыру, әр үш ауысымда (25-30 сағ) қозғалтқыштың ауатазалағышын тексеру, қажет жағдайда, ауатазалағыштың табандығындағы майды алмастыру;
- әр 125 сағаттан кейін қозғалтқыштың механикалық қоспасы бар майын тексеру (механикалық коспа шектелмейді), қажет жағдайда, майды ауыстыру;
- әр 125 сағат сайын су ағысын жуу және су радиатордың орталығын сығылған ауамен үрлеу,радиатор таза болуы керек,оның бетінде майдың ізі болмауы керек,
- әр 500 сағат сайын жанармай багының бітеуішін жуу;
3 Төмен температурада трактор пайдалану (-20°С-тан -45°С-қа дейін) қосымша келесі әрекеттерді орындау керек:
- +30°С-қа дейін алдын ала қозғалтқыштың ысытқышын іске қосып көру;
- ауысым соңында бакты жанармайға толтыру және пневможүйені баллондағы конденсатты төгу;
- бакты -30°С-тағы арктикалық жанармаймен толтыру;
- салқындатқыш жүйесін антифризамен толтыру;
4 Тасты грунтта және ормандарда тракторды пайдалануға қосымша келесі әрекеттерді орындау:
- жүріс жүйесін зақымдану болмауын тексеру және трактордың басқа қосалқы бөлшектерін тексеру;
- қозғалтқыш картерінің тығынын, артқы мен алдыңғы көпірдің беріктігін тексеру;
- қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесіндегі радиатор қақпағының герметикалығын тексеру.
5 Тракторды таулы жерлерде пайдалану кезінде қозғалтқыштың жұмыс жүрісінен істен шығуының алдын алу үшін, жанармай сорғышын реттеу, оның өнімділігін төмендету мақсатында келесі шектерге сәйкес:
- теңіз деңгейінде 1500 ден 2000м биіктікте 10% дейін өнімділігін төмендету;
- 2000- 2500 м биіктікте -15%;
- 2500- 3000 м биіктікте -20%.
теңіз деңгейінде 3000 м биіктіктен жоғары тракторды пайдалану ұсынылмайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|