Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Технологиялық машиналарын орналастыру, техникалық қызмет көрсету




Машина мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету орындалу мерзімі және операциялар түрлеріне байланысты, күнделікті және кезеңді техникалық қызметтер (КТҚ, ТҚК-1, ТҚК-2) болып бөлінеді.[2]

КТҚ жұмыс органдарының және қосылыс бірліктердің техникалық жағдайын тексеру мақсатында, сонымен қатар машинаның жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету мақсатында орындалады. Ол үшін машинаны тазалайды және жуады, сыртқы бекітулер тексеріледі және тартылады, жабдық сораптар ыдыстары маймен толықтырылады және жабдықтардың, басқа құрама бірліктердің майланатын жерлері де қажет жағдайда толықтырылады, ағып, тамып тұрған жерлер бекітіледі, су құбыр мен автосуарғыштардың тығыз еместіктері жойылады және қажеттілігіне байланысты реттеу жұмыстары атқарылады.

ТҚК-1, негізінде, айына бір рет жүргізіледі. Оған КТҚ барлық операциялары кіреді, сонымен қатар қосылыс бірліктер мен механизмдерді майлайды, жұмыс органдары тексеріледі. Осы техникалық қызметтің мақсаты – машина және жабдықтардың техникалық жағдайын тексеру, сонымен қатар олардың пайдаланулық ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.

ТҚК-2 6 айда бір рет жүргізіледі. Оған ТҚК-1 барлық операциялары кіреді, сонымен қатар жабдықты толық бөлшектеу, бөлшектерді тазалау және жуу, мойынтірек тұрғылары мен редукторларда майларды ауыстыру, тозған бөлшектерді айырбастау, жұмыс органдарды реттеу және зақымданған сырлы беттерді қайта қалпына келтіру жүргізіледі.

Маусымдық техникалық бақылау (МТБ) жабдықтарға жылына (көктемде және күзде) 2 рет жүргізіледі, яғни көктемгі-жазғы немесе күзгі- қысқы жұмысқа (пайдалануға) дайындық ретінде атқарылады. Кейбір жағдайларда, мысалы малды бордақылауда, МТБ малдар тобын ауыстырған кезде орындалады. МТБ күнделікті және кезеңдік техникалық қызмет операциялары толығымен кіреді, сонымен қатар техникалық инспекторлардың қатысуымен машиналар бақылаудан өтеді, оның негізгі мақсаты – пайдалану ережелерінің орындалуын тексеру, машинаның әрі қарай жарамдылығын анықтау, жөндеуге қажеттілігін табу және жөндеу жұмыс көлемін, мерзімін анықтау болып саналады.[3]

Диагностикалау – машинаның бөлшектеусіз техникалық жағдайының параметрлерін, олардың олардың сараптамаларын, қосылыс саңылауларын, бөлшектер өлшемдерін және олардың айырбастауға қажеттілігі, қосылыстарды реттеу немесе машиналардың кейбір агрегаттарын айырбастауға жіберу, анықтау жұмыстары жатады. Диагностикалау тоқтап қалуды ескерту нәтижесінде машинаның техникалық түзуеместіктерін азайтады, машинаның жөндеу аралық техникалық қоры ұзартылады, механизмдерді жиі бөлшектеу қажет емес, яғни үйкеліспен беттер бұзылмайды, бөлшектердегі тозу деңгейі төмендейді, сенімділігі жоғарылайды, техникалық қызмет көрсету жұмыстарының еңбексиымдылығы азаяды.

Техникалық қызметтің жоспарлы–ескертулі жүйесі цехтағы барлық жабдықтарының жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылу және олардың есебіне негізделген, шаруашылықтарда қажет мөлшерде агрегаттар, тораптар айырбастау қорларының болуын, қажет материалдар мен қосалқы бөлшектердің болуын және техникалық қызмет жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орындарында қажет құрал-жабдықтың, аспаптардың, саймандардың болуына негізделген.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных