Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат




АҚ «Есіл-Агро»- Гарант» ауылшаруашылық және арнайы техникалармен қызмет көрсету сату, сервистік кепіл бойынша Қазақстан Республикасындағы жетекші фирманың бірі. Қазіргі уақытта кәсіпорын Ресейде, Украинада және Беларусь дайындаушы зауыттармен дилерлік келісімі бар. АҚ «Есіл-Агро»- Гарант» ҚР заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Оның дербес балансы, банктік шоттары бар, ол өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра алады, міндеттер атқарады, сотта талап қояды және жауап береді.Негізгі және ең бастысы сервистік және қызмет көрсету кепілдігі, жоғары біліктендірілген мамандардың сервистік орталығы, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, монтаждау, демонтаж, аспалы жабдықтау. Ауылшаруашылық машиналарды дұрыс пайдалану жөнінде кеңес беріледі және әр тұтынушыға жеке және сапалы қөз-қарас. Сату алдындағы дайындық жұмыстар жүргізіледі, олар: 1. Трактор жинағын тексеру. Куәлікте көрсетілген шасси мен қозғалтқыштың нөмірін тексеру; 2. Сақтандырғыш қабын шешу; 3. Тракторды шаң мен кірден тазалау, консервационды майды өшіру; 4. Су радиаторы мен цилиндр блогына түсу шүмегін енгізу. 5. Су радиаторындағы салқындатқыш сұйықтығының деңгейін тексеру. Егер салқындатқыш сұйықтығын бақылау деңгейіне дейін құю керек болған жағдайда. 6. Жанармай багындағы тұндырғыны төгіп тастау, фильтр жанармайды дөрекі тазалау. 7. Майдың деңгейін тексеру, жетпеген жағдайда, тағы құю:

- қозғалтқыш картері;

- ауатазалағыш қозғалтқышының табандығы;

- күштік беріліс корпусы;

- гидрожүйе мен рулдік басқарудың май багы;

- рулдік басқарудың май багы;

- айқартопса жетегінің алдыңғы жетекші көпірдің аралық тірек корпусы;

- ақырғы берілістің алдыңғы жетекші көпірінің редуктор корпусы.

8. Консистентті маймен майлау:

- мойынтірек қайырмасының ілінісі;

- артқы аспалы қондырғының реттегіш қиғаш тіреу тістегергіші;

- артқы аспалы қондырғының бұрмалы біліктің төлкесі;

- рулдік басқару гидроцилиндр топсасы.

9. Аккумулятор батареясын тексеру және, керек жағдайда, жұмыс жағдайына келтіру.

10. алдыңғы және артқы дөңгелек шинасыныңауа қысымын тексеру.

11. Тексеру, керек жағдайда, реттеу:

- желдеткіштің белдігінің керілуін;

- генератор белдігінің керілуін;

- қыздырғыш кабинасымен кранды басқаруын;

- алдыңғы жетекші көпірімен таратқыш қорап жетегін басқаруын;

- ілініс басқыш ерікті қадамын;

- жұмысшы тежеуіш басқышының толық қадамын;

- бекемділік тежегішінің иінтірек қадамын;

Шаруашылыққа экономикалық тиімділігі мен минималды шығын болуы осы және басқа да техника түрін, әр түрлі шаруашылық кәсіп түріне байланысты өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына, құс шаруашылығына қажетті ауылшаруашылық құралдар, агрегаттар, тракторлар таңдалынады. Кәсіпорынның орналасқан жері Астана қаласы, Промзона 101/8.

Мекеменің алып жатқан ауданы, шаршы/метр.

Офис  
Ашық алаң  
Бокс  

 

Еңбек төлем ақысы бір күн жұмыс атқарған күнге төленеді. Бір айлық жалақыға есептелген көлем: 1514905,91тг, ал жылдық 18178870,92тг. Механиктің сервис және кепілдік жөнінде қызмет көрсету маманының орташа жалақысы 201300тг, ал қолға 150000тг. Кәсіпорынның басқару құрылымының сұлбасы 1.1 суретте көрсетілген.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных