ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесінің пәні, міндеттері, әдістеріМатематика
МШБ математикаға оқытудың негізгі мақсаты – өзіндік өміріне және кәсіби еңбегіне қажетті қолайлы математикалық білім, біліктілік дағдылар жүйесін меңгерту. МШБ математикаға оқытудың әдістемесі келесі сұрақтарға жауап береді: 1. Математикаға не үшін оқыту? 2. Нені оқыту? 3. Қалай оқыту? Математика оқытудың арнайы әдістемесінің алдында келесі міндеттер қойылады: - дамуында ауытқуы бар балаларға математикалық білім беру мақсаттары мен міндеттерін анықтау; - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған математика бағдарламаларын құрастыру; - математика оқыту формалары мен әдістерін жүзеге асыру; - математика оқулықтарын құрастыру. Математика оқытудың арнайы әдістемесін ғылым ретіндегі зерттеу әдістері: бақылау, психолого-педагогикалық эксперименттер, социологиялық әдістер, құжаттарды зерттеу. МШБ математикаға оқытудың негізгі мақсаты – өзіндік өміріне және кәсіби еңбегіне қажетті қолайлы математикалық білім, біліктілік дағдылар жүйесін меңгерту. Осы мақсаттан 4 топты міндеттер шығады: 1. Білім беру міндеттері – оқыту барысында МШ балаларда келесі математикалық білім, біліктілік және дағдылары қалыптасу керек: - сандар туралы, сан қатары және сан қатарының негізгі заңдылығы туралы, ноль туралы, бөлшектер туралы; - сандар және бөлшектермен белгілі 4 арифметикалық амалдарды орындау; - мөлшерлер туралы білімдерін қалыптастыру және осы білімдерін тәжірибеде пайдалану; - геометрикалық фигуралар, олардың негізгі қасиеттерін білу, ажырата алу, алған білімдерін тәжірибеде қолдану; - қарапайым және күрделі арифметикалық есептерді шешу. 2. Коррекциялық міндеттер – оқыту барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың таным іс-әрекетінің және эмоциональды-жігерлі сферасының жетіспеушіліктерін түзету. Оның ішінде балалардың қабылдауын, зейінін, ойлау қабілетін дамыту; сөз қорын байыту; ұсақ моторикасы мен сезім түйсігін арттыру т.б. Осы мақсатпен математика оқытуында көптеген көрнекі-дидактикалық материалдарды балалардың заттық-тәжірибелік іс-әрекетінде пайдалану қажет. 3. Тәрбиелік міндеттер – білім, біліктіліктерін меңгертуімен қатар балаларда жеке тұлғалық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 4. Тәжірибелік міндеттер – әр сабақтың алдында қойылмайды, тек бір тәжірибелік дағдыларын қалыптастырғанда ғана осы міндеттерді жүзеге асырамыз. Мысалы: сағатпен қолдануды үйрету, сызу дағдыларын қалыптастыру т.б. Әдіс дегеніміз оқытушы мен оқытушылардың бірігіп істейтін іс - әрекеті. Осы іс - әрекетте оқушылар білімдер мен біліктіліктерді меңгереді, тәжірибелік дағдыларды игереді. Ал оқытушылар білімдерді береді. Мұғалім мен оқушының іс - әрекетін ұйымдастыру түріне қарай келесі әдістерді бөледі. - сөйлеу әдістерді (түсіндіру, әңгімелесу) - көрнекілік әдістері (көрсету, бақылау) - тәжірибелік (тапсырмалар, тәжірибелік іс - әрекет; сызу, өлшеу т.б.)
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|