Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зияты зақымдалған оқушылар ондықтармен




 

1 сыныпта     2 сыныптың І –тоқсанында танысады

Осы кезеңнің соңында оқушылар келесідей білімді меңгеруі керек.

 

1.1-ден 10-ға дейін санауды   2.10 шамасындағы сандардың қатарында әр санның орнын білу.

 

3. Сандарды салыстыру   4. Әр санның құрамын білу

 

5.10 шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарын орындау

 

Бірақ та екінші жылдың ортасында оқушылардың білім деңгейі бірдей болмайды. Мұғалім әр оқушының білім деңгейін білуі керек, сондықтан балаларға мінездеме жазылады.Ол алдағы уақытта оқыту барысында оқушыға жеке ықпал ету үшін қажетті.Мінездеме көрсетіледі:

 

1. Оқушы сандық қатарды біле ме, барлық сандарды ретімен атап бере ала ма, кері санай ала ма, берілген саннан берілген санға дейін санай ала ма.Алдыңғы және кейінгі сандарды біле ме, сандық қатарды біле ме.   2.Оқушы санды салыстыра ала ма: заттарға сүйеніп, сандық қатарға сүйеніп, ойша.

 

3.Оқушы санды жаза ала ма: үлгі бойынша, нүктелер бойынша, өздігімен   1. Санап шыға алады ма: затты қозғалту арқылы, саусағын санау арқылы, көзбен.  

 

2. Сомма мен қалдықты қалай шығарады: әр санның құрамын біле ме, нөлдің маңызын түсіне ме.  

 

 

Он шамасындағы сандарды оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер:

Санауға арналған әр түрлі ұсақ заттар: ойыншықтар, санау таяқшалар, геометрикалық фигуралар, кубиктер т.б.     Иллюстрациялар – бір түрлі және әр түрлі заттардың суреттері, цифрлар, цифрлық кассалар, есепшоты.  

Он шамасындағы сандардың әрқайсысына бірнеше сағат беріледі. Әр санның нөмірлеуін оқытуында келесі әдістемелік кезеңдер қарастырылады:

I. Санның құрылуы. Екі түрлі қарастырылады:

- алдыңғы санға бірді қосу

- артқы саннан бірді алу.

II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазу.

III. Санды және көптіктерді сәйкестендіру.

IV. Сан қатарындағы санның орны.

V. Берілген санға дейін санау.

VI. Сандарды салыстыру.

VII. Сандардың құрамы. Екі түрі қарастырылады:

- бірден және басқа сандардан

- екі кіші саннан құрылуы.

Мысалы: «5 саны» тақырыптың бірінші сабағының алдында келесі міндеттер қойылуы мүмкін.

Білім беру міндеттері: 4 -ке дейін санауды қайталау; төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуымен таныстыру; 5 цифрын жазуды үйрету; сан қатарындағы орнын бекіту; 5 көптігімен 5 санын сәйкестендіру.

Келесі сабақта келесі міндеттер қойылу мүмкін: төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуын бекіту. 5-ке дейін тура, теріс санауды үйрету. Бестен бірді алу арқылы төрт санның құрылуының екінші тәсілімен таныстыру. 5-ке дейін санадарды салыстыруды үйрету.

3-ші, 4-ші, 5-ші сабақтарда алдыңғы материалды бекітеміз және санның құрамымен таныстырамыз.

 

I. Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады: 1. Алдыңғы санға бірді қосу 2. Артқы саннан бірді алу. Барлық жұмыс заттық тәжірибелік іс-әрекетте ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға бірнеше затты ұсынып, тағы бір затты қосады, сөйтіп 5 саны пайда болғанын көрсетеді. Мысалы: Бізде бірнеше алма бар? Санаңдар, қанша? Дұрыс 4? Енді оған тағы алма қосамын? Қанша алма болды? Қорытынды: 5 саны қалай пайда болды? Қай санға бірді қостық?     II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазуды үйрету Санды жазуды үйрету бірнеше кезеңнен құрылады: 1. Санның жазбаша үлгісін көрсету. 2. Мұғалім тақтада санның жазуын көрсетеді. Орындаған ісін сөзбен айтып тұрады. 3. Әр балаға цифрдың моделі таратылып, балалар мұғалімнің басшылығымен бірге моделін саусақпен айналдырады. 4. Цифрды ауада жазу. 5. Жеке тақтаға жазу. 6. Дәптерде үлгі бойынша, пункттер бойынша жазу.  

 

III. Санды және көптіктерді сәйкестендіру Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы: мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар.     IV. Сан қатарындағы санның орны Сан қатарындағы санның орны екі негізгі сұрақ арқылы бекітіледі: - 5 саны қай санның алдында орналасқан? - 5 саны қай санның артында орналасқан? Бекіту тапсырмалары: - 1-ден 4-ке дейін сандарды ретімен қойып шық. - 1...3...5 сан қатарын толтыр. -...2... көршілерін тап.  

 

V. Берілген санға дейін санау Санау дегеніміз қанша деген сұраққа жауап беру. Санауға балаларға алғаш бірдей заттар, содан кейін әр түрлі заттар ұсынуға болады. Санау түрлері: тура, теріс, берілген саннан берілген санға дейін (2-ден 5-ке дейін). Санауға үйрету кезеңдері: 1. Заттарды қолымен ұстап дауыстап санау; 2. Саусақпен көрсетіп сыбырлап санау; 3. Көзбен іштей санау. Міндетті түрде балаларды сандық санау мен реттік санауды ажыратуға үйрету керек.     VI. Сандарды салыстыру. Алғаш салыстыруға көрші сандарды ұсынады, одан кейін басқа, әр түрлі сандарды береді. Салыстыруға үйрету шартты түрде үш кезеңнен тұрады: 1-ші кезеңде салыстыру көрнекіліктерге сүйеніп балалардың заттық-тәжірибелік іс-әрекетінде жүргізіледі. 2-ші кезеңде көрнекіліксіз тек сандарға сүйеніп. 3-ші кезеңде ойша салыстыру.  

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных