Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мүмкіндігі шектелген балаларға уақытты өлшеуді оқытудың әдісі.




 

Тәулік. 1-сыныпта тәулік ұғымымен танысады: күн, түн, кеше, бүгін. Күнді, түнді, кешті ажырата алу үйретіледі. Мыс: бүгін күн ашық, ертең жаңбыр жауады.

Апта. Бұл тақырыпты 1-2 сыныптарда үйренеді. Қазір аптаның қай күні, ертең аптаның қай күні, сендер аптаның қай күндері оқисыңдар деген сұрақтар қойылады.

Ай аттары. 3-сыныпта таныса бастайды. Әр сабақ барысында ай аттарын және қай күн екенін айтып отырады. Қандай ай аты жоқ, ай аттарын дұрыс орналастыр деген ойындар ойнатуға болады.

 

Уақыт. Секунд. Сағат. 2-сыныпта танысады. Сағат суретін көрсетіп, минуттық тілін бір жүргізіп өткені 1 минутты, ал сағаттың тілі жүргізгені 1 сағаттың өткендігін білдіретінін айтады.

 

75.Күрделі есептерді оқытудың

1. Есептің шартына сұрақ ойлап табу.

2. Берліген сұраққа есептің шарттың құрастыру.

3. Екі бір-бірімен байланысты арифметикалық есептерді шешу

4. Қарапайым есепті күрделі есепке айналдыру үшін сұрағын өзгерту.

5. Есептің шартын өзгерту. Сұрақтарды қоюда бір ғана жауап болу керек.

  Математика бағдарламасының құрылымдық компоненттері. І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Ауызша санау кезеңі – қозғалмалы кезең, сабақтың басында, ортасында, аяғында берілуі мүмкін. Ауызша санау тапсырмалары үш түрге бөлінеді: - көру анализаторына сүйенген - есту, анализіне сүйенген - көру және есту анализаторларына сүйенген ІІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі тек тексеру емес, көбінесе қайталау мақсатпен өткізіледі. Өткізудің түрлері: - таңдап тексеру (ауызша) - жаппай тексеру (дәптерлерін жинау) ІV. Жаңа материалды меңгеруіне дайындық кезеңі.Мақсаты - бұрын игерген материалдарды еске түсіру, бір-бірімен байланыстыру, жаңа тақырыбпен байланысын анықтау. Бұл кезеңнің уақыты ұзақ болмау керек V. Жаңа материалмен таныстыру кезеңі жаңа тақырыбқа жаймен көшу болады немесе проблемалық жағдай жасау арқылы. Мұғалім дайын білімдерді бермей, оқушыларды жұмыс істетіп, жаңа білімдерді өздері табу жағдайды ұйымдастыру қажет. VІ. Бекіту кезеңдері тағыда екі кіші кезеңге бөлінеді: - Бекіту кезеңінң бастапқы сатысы - тапсырмалар жаңа тақырыбты түсіндірген тапсырмаларға ұқсас болу керек - Екінші сатылықбекіту кезеңі - басқа жағдайда, бөлек көрнекілік материалдар пайдаланатын тапсырмалар берілу мүмкін немесе өзіндік жұмыс ұсынады. VІІ. Үй тапсырманы беру. Үй тапсырмасы сабақтың әр уақытысына берілу мүмкін. Бастауыш сыныпта үй жұмысы сабақтың жұмысынан 1/3 бөлігін алу керек және сыныптағы жұмыстан жеңілдірек болған жөн. VІІІ. Баға қойылу кезеңі. Осы кезеңде мұғалім міндетті түрде баға не үшін қойылғанын жәриялау керек. Жоғарғы сыныптарда өздері өздерін бағалауы мүмкін. ІХ. Сабақтың қорытындысын шығару кезеңі. Сұрақтары сабақтың негізгі мәселелерін көтеріп, оқу материалдардың бәрін талдап, жинақтау қажет.
  10 санының шамасындағы оқыту әдістемесі. Жоспары: 1. Бірінші конценттрдің міндеттері, оның мазмұны 2. Он көлеміндегі сандардың номірлеуін оқыту әдістемесі 3. Он шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарды үйрету әдістемесі -1- Зияты зақымдалған оқушылары ондықтармен 1 сыныпта және 2 сыныптың бірінші тоқсанында танысады. Осы кезеңнің соңында оқушылар келесідей білімді меңгерулері керек: 1. 1- ден 10-ға дейін санауды. 2. 10 шамасындағы сандардың қатарында әр санның орнын білу. 3. Сандарды салыстыру. 4. Әр санның құрамын білу. 5. 10 шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарын орындау. Бірақ та екінші жылдың ортасында оқушылардың білім деңгейі бірдей болмайды. Мұғалім әр оқушының білім деңгейін білуі керек, сондықтан балаларға мінездеме құрылады. Ол алдағы уақытта оқыту барысында оқушыға жеке ықпал ету үшін қажетті. Мінездемеде көрсетіледі: 3. Оқушы сандық қатарды біле ме, барлық сандарды ретімен атап бере ала ма, кері санай ала ма, берілген саннан берілген санға дейін санай ала ма. Алдыңғы және кейінгі сандарды біле ме, сандық қатарды біле ме. 4. Оқушы санды салыстыра ала ма: заттарға сүйеніп, сандық қатарға сүйеніп, ойша. 5. Оқушы санды жаза ала ма: үлгі бойынша, нүктелер бойынша, өздігімен. 6. Санап шыға алады ма: затты қозғалту арқылы, саусағын санау арқылы, көзбен. 7. Сомма мен қалдықты қалай шығарады: әр санның құрамын біле ме, нөлдің маңызын түсіне ме. Он шамасындағы сандарды оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер: · Санауға арналған әр түрлі ұсақ заттар: ойыншықтар, санау таяқшалар, геометрикалық фигуралар, кубиктер т.б. · Иллюстрациялар – бір түрлі және әр түрлі заттардың суреттері, цифрлар, цифрлық кассалар, есепшоты. -2- Он шамасындағы сандардың әрқайсысына бірнеше сағат беріледі. Әр санның нөмірлеуін оқытуында келесі әдістемелік кезеңдер қарастырылады: I. Санның құрылуы. Екі түрлі қарастырылады: - алдыңғы санға бірді қосу - артқы саннан бірді алу. II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазу. III. Санды және көптіктерді сәйкестендіру. IV. Сан қатарындағы санның орны. V. Берілген санға дейін санау. VI. Сандарды салыстыру. VII. Сандардың құрамы. Екі түрі қарастырылады: - бірден және басқа сандардан - екі кіші саннан құрылуы. Мысалы: «5 саны» тақырыптың бірінші сабағының алдында келесі міндеттер қойылуы мүмкін. Білім беру міндеттері: 4 -ке дейін санауды қайталау; төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуымен таныстыру; 5 цифрын жазуды үйрету; сан қатарындағы орнын бекіту; 5 көптігімен 5 санын сәйкестендіру. Келесі сабақта келесі міндеттер қойылу мүмкін: төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуын бекіту. 5-ке дейін тура, теріс санауды үйрету. Бестен бірді алу арқылы төрт санның құрылуының екінші тәсілімен таныстыру. 5-ке дейін санадарды салыстыруды үйрету. 3-ші, 4-ші, 5-ші сабақтарда алдыңғы материалды бекітеміз және санның құрамымен таныстырамыз.
  Мөлшерді өлшеуден шыққан сандарды оқытудың әдістемесі. Мақсаты: а) Мүмкіндігішектеулі балаларға метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесін оқытудың маңызы, бағдарлама талаптары және ұзындық, баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін оқыту әдістемесі. б)Баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін анықтау үшін жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды оқыту әдістемесі.   Бағдарлама мазмұны: 1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері, міндеттері мен маңызы. 2) Көмекші мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар. 3) Көмекші мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі. а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі. б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі. в) Сиымдылық өлшемін оқыту әдістемесі. Г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі. Көрнекілік: «Баға өлшемі» кестелер. «Ұзындық өлшемі» «Салмақ өлшемі» -1- Сандарды оқумен қатар көлемдік өлшемдермен танысады: баға, ұзындық, салмақ, сиымдылық және қарапайым құралдармен өлшеп, өлшем бірліктерін түрлендіреді. Осы бөлімді оқытуда қойылатын міндеттер: - білімділік, - коррекциялық- тәрбиелік, - тәжірибелік маңызы Білімділік:Сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдің өлшемін білдіретін сандарды түрлендіру.Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді. Коррекциялық- тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастыруда. Материал ойлау операцияларын, ес, зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшықет және сипап сезу, көз мөлшерін, елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады. Тәжірибелік маңызы:Математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты: оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды, приборларды қолдануды үйренеді   Материалды меңгеруде кездесетін қиындықтар. Материал балаларға қиындық туғызады, ұзындықтың өлшем бірліктерін шатастырады. Мысалы: 1т.5км.(мысалы: км. С кг, немесе кв метр., мл.кг) Ақыл – ойы төмен оқушылар ұзындық өлшемдерді меңгеруде бірліктердің арақатынасын шатастырады. Мысалы: 1 км.=10см. Өлшем бірліктерді түрлендіргенде: 2км=20см. 10дм=10м. Өлшеуден шыққан сандармен арифметикалық амалдар орындағанда өлшем бірліктерін ескермейді.   5м+60см=65см. Ұзындық өлшемдерінің атауын атағанда көп қате жібереді: 125м* 80* 1ООООметр = 1 ОООметр. Ұзындық өлшемдерін жазғанда орындарын ауыстырып жазады, тастап кетеді, өлшем бірлігін дұрыс жазбайды. 5км 52см:/52м 5см. 52см 5м. Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер. 1. Мектепте бағдарлауының ерекшеліктері. Мысалы:өлшеуді 1 см.-ден бастайды. 2. Ұсақ маторикасының дамымауы салдарынан өлшемдерді толық өлшемейді. 3. Сызылған ұзындықтың шешімін есептеудің қиындығы.   -2- Кездесетін қиындықтарды жою үшін жалпы ұзындық өлшемдердің жүйесін келесі әдістемелік талаптарға сай жүргіземіз: 1. Жаңа өлшеммен таныстырғанда оқушылар заттық-тәжірибелік әрекет ұйымдастыру керек. - күнделікті өмірде қолданатын іс-әрекет тәжірибесін бақылау. Болмаса қалыптастыру.   Тәжірибелік әрекет және жаттығулар өлшеудің барлық кезеңдеріне бағытталған болуы керек. 2. Мөлшерлердің біркелкі және әртүрлі өлшем бірліктермен өлшеуге болатынын түсіндіру. 3. Жаңа өлшем түсінікті болу үшін жаңа өлшемге байланысты мақсатты ситуациялық жағдай туғызу қажет. 4. Өлшеуде балалардың көз мөлшері мен бұлшықет сезімдеріне сүйену арқылы жүргізу қажет. 5. Аталған материалды математика сабағында емес, басқа сабақтарда (сурет, еңбек, денешынықтыру, география т.с.с.) сабақтан тыс уақытта бекіту.   -3- Ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі. Ұзындық өлшемдер сандармен қатар оқытылады. 2 сынып – ұзындық өлшемдерімен танысады: сантиметр, дециметр, олардың арақатынасымен: 1дм = 10см. З сынып – ұзындық өлшем бірлігі «метр». Бірліктер арақатынасы: 1м=100см, 1м=10дм. 4 сынып - ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр, арақатынасы 1 см=10мм. 5 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – километр, арақатынасы: 1км= 1000м.   Ұзындық өлшемдерді оқытудың міндеттері: 1. Балаларға ұзындықты, енді, биіктікті ұзындық өлшеммен өлшеуге болатынын түсіндіру. 2. Ұзындық өлшемдермен және олардың арақатынасын таныстыру. 3. Өлшем инструменттерін (сызғыш) қолдануды үйрету, нәтижесін қысқаша дұрыс жазуды үйрету. 5км, 5м, 5см,   Ұзындық өлшемі сантиметр. Білімділік міндеттері:ұзындық өлшемі «сантиметрмен» таныстыру. Сандарды жазудың қысқа түрімен таныстыру. см. жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру. Өлшем ұғымын және өлшем көмегімен өлшей білуді қайталау. Тапсырманы орындау алдында жұмыс барысы әрдайым талқыланады. Берілген ұзындыққа кесінді жасау алгоритмі: 1. Тігінен жасау. 2. Кесінді басынна нүкте қою. 3. Осы нүктемен нөлдік бөлуді қосарлау және одан берілген см. есептеу. 4. Нүктелерді сызғыш бойынша түрлі – түсті қаламмен сызу, осы кесінді ұзындығын атау. Ұзындық өлшемі - дециметр. Білімділік міндеті: См. ұзындық өлшемін қайталау. Балаларды дециметр ұзындық өлшемімен таныстыру. Дециметр туралы дұрыс ұғым қалыптастыру. Дециметр моделі көмегімен биіктікті, енін, ұзындықты өлшеуге үйрету. Сандарды қысқаша жазумен таныстыру. Тапсырма:Партаның енін өлшеңдер. см.,өлшеу өте ұзақ жүреді, партаның енін өлшеу ыңғайсыз, оқушылар шатасады. Ұзындық, ені, биіктікті өлшеуге үлкен өлшем – дециметр бар. Міндетті түрде сөздермен сөздік жұмыс жүргізілуі керек. 5 сынып 2 тоқсан. Өлшеуден алынған сандарды түрлендірумен таныстыру. Дециметр моделін оқушылар ұғынған соң, сантиметр мен дециметр өлшемдерді салыстырылады. - Ал енді парта енін дециметр өлшемімен өлшеп көріңдер. Өлшеу нәтижелері жазылады. Оқушылар қысқа жазбаша белгіленуімен танысады. Ұзындық өлшемі – метр. Ұзындық өлшемі метрді таныстыру дециметрді аналогиялы түрде таныстырады. Ұзындық өлшемі - миллиметр. Тапсырма: Оқушыларға 2 кесінді бірінің астына бірі сызылған карточкалар беріледі. Бірінің ұзындығы 4 см, екіншісі - 4см 5мм. -Кесінділердің ұзындығы бірдей ма - Қай кесінді ұзын? (қысқа)? Біреуі 4см. екіншісі 4 см және кішкене 1 см жетпейтін қалдығы бар. -Қалдығын өлшеуге бола ма? -Ұзындық өлшемінің қай өлшемімен өлшеуге болады? Мұғалім оқушыларға миллиметрді сызғышта, миллиметрлік қағазда көрсетеді. Сөздік жұмыс жүргізіп, қысқыша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2мм., 5мм. Оқушылар см. және мм. сәйкестігін өздері сантиметрлік сызғышта неше мм бар екенін анықтайды. Одан кейін кесінділерді см., мм. өлшеп, ретімен жазу тапсырмасы беріледі. Нәтижесін дәптерге жазады.   Ұзындық өлшемі - километр. «км» ұғымын сыныпта таныстыра алмаймыз. Жаңа өлшеммен экскурсия барысында таныстырамыз. Мұғалім алдын ала мектептен 1 км. Қашықтықты белгілеп қоюы керек. Мүмкіндігінше жол түзу болғаны дұрыс.   Салмақтық өлшемдерді оқыту әдістемесі. З сынып. I тоқсан –салмақ өлшемі - килограмм. Белгіленуі - кг. 4сынып. 1 тоқсан –салмақ өлшемі - центнер. Салмақ өлшемдерінің арақатынасы. 1ц= 100кг. 5 сынып. 1 тоқсан.- салмақ өлшемі - грамм., тонна. Арақатынасы: 1кг=1000г. 1т= 1000кг. 1т=10ц. Тапсырма: Оқушылар заттың салмағын қолмен емес, шашкалық таразымен өлшеп үйренеді. Құрал-жабдықтар: шашкалық таразы, қант, тары. Бақылау көрсеткендей көмекші мектеп оқушылары салмақтық өлшем туралы біледі, бірақ оларда шынайы елестету жоқ. Осы өлшем туралы әңгіме ұйымдастыру керек. Алғашқы тапсырма: бұлшықет арқылы сезінуге арналған оқушыларға 1 кг гирді алдымен оң қол сосын сол қолмен көтеру тапсырылады. Бұлшықеттерге сүйеніп заттың 1 кг тең екендігі анықталады. Салыстыруға 0,5кг, 1 кг; 2 кг заттармен қапталған азықтар беріледі. Оқушылар заттың салмағы мен гирдің салмағын салыстырады. Одан кейін заттарды шашкалық таразымен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі міндетті түрде дәптерге жазылады. Сиымдылық өлшемі - литр. Сиымдылық өлшемімен танысу дайындық кезеңінде басталады. Көп, аз ұғымдарымен танысу арқылы жаңа өлшеммен 3 сынып 2 тоқсанында танысады. Ол үшін әр түрлі көлемдегі ыдыстар қажет. Мысалы: банка 1 л; 2 л; 3л.Сондай-ақ оқушылардың осы өлшеммен қандай сұйықтықтарды өлшейтінін сұраймыз.(сүт, шырын, сұйық май, бензин). Нақты ұғым қалыптастыру үшін әр түрлі көлемдегі ыдыс қолданылады: өлшеуіш кружкасы, шелек, банка, бөтелке. 1 кезеңде оқушыларға 1 л көлеміндегі әртүрлі бірнеше ыдыстар беріледі.Нәтижесінде оқушылар берілген ыдыстардың көлемдерінің бірдей екендігін анықтайды. Осындай тапсырмаларды әр оқушы өзі жасау керек. Нәтижесін дәптерге жазады.Сөздік жұмысын жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады.Мысалы: 2 л; 10 л; 5 л. -3- Баға өлшемін оқыту әдістемесі.. Баға бірлігі – тиынмен 1 сыныпта ондықтарды үйрену барысында танысады. 1кезекте 5т., 10т./ 20т., 50т. танысады. 1 теңгемен 3 сыныпта 100 шамасындағы сандармен танысу кезінде танысады. Зияты зақымдалған балалар үшін ең қиыны тиынды – тиынға, тиынды – теңгеге және керісінше ауыстыру өте қиын.  
  Арнайы мектепте математика бағдарламасының негізгі қағидалары. 1. Әр жыл бойы жаңа білімдер көлемінің аздығы. Бұл принцип бойынша жалпы білім беру бағдарламасына қарағанда арнайы мектептің бағдарламаның мазмұны ұзартылған. Мысалы: көмекші мектептің бірінші сыныбында балалар он шамасындағы сандармен танысады, екінші сыныпта 20 шамасындағы сандармен, ал үшінші сыныпты 100 шамасындағы сандармен. 2. Үздіксіз қайталау принципі. Арнайы мектеп оқушыларының жиі есте сақтау процесстері толығанан қалыптаспаған немесе зақымдалған болуы мүмкін. Сол себептен жаңа материалды ұзақ есте сақтап тез ұмытып қалады. Аталған принцип бойынша әр жылдың, тоқсанның басында өткен сыныптың материалын қайталау қажет. 3. «Алға ұмтылу» принципі. Жаңа әсіресе күрделі материалды ұсынудың алдында дайындық кезеңі болуы тиіс. Осы кезеңінде жаңа материалды меңгеруге дайындайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін ұсынады. Мысалы: көбейту, бөлу кестесімен таныстырар алдында бірдей қосылғыштарды қосуға арналған тапсырмалар ұсынады. 4. Оқыту барысында міндетті түрде балалардың заттық тәжірибелік іс-әрекетінде көптеген көрнекі-дидактикалық жабдықтарды қолдану. 5. Оқу материалының концентрикалық түрде орналасуы. Осы принцип математика пәнінің өзгешілігіне сүйенген. Материалдың концентрикалық түрде орналасуы оның меңгеруді жеңілдетеді. Әр жыл сайын материал қайталана отырып күрделене түседі. Аталған принцип бойынша көмекші мектептің математикалық материалы 5 концентрге бөлінеді: - бірінші концентрдың мазмұны бірінші сыныпты және екінші сыныптың басын қосады (10 көлеміндегі сандар, сантиметр). - екінші концентр – 2 сыныпқа тең (20 шамасындағы сандар, дециметр). - үшінші концентр – 3-4 сыныптарға тең (100 шамасындағы сандар, метр). - төртінші концентр – 5 сыныпқа тең (1000 шамасындағы сандар, миллиметр, километр). - бесінші концентр – 6-9 сыныптардың материалын біріктіреді (көптаңбалы сандар). ҚР 2002 жылы шыққан экспериментальды математика пәнінің бағдарламасының негізгі өзгерістері келесіде: 1. Пропедевтикалық сыныптың пайда болуы, яғни дайындық кезең бір тоқсаннан бір жыл бір тоқсанға дейін ұзартылды. 2. Бұрынғы бағдарлама бойынша көмекші мектептің оқушылары бірінші сыныпта он шамасындағы сандармен танысатын. 2002 жылғы бағдарлама бойынша осы материал 2 жылға ұзартылған: бірінші сыныпта – 5 шамасындағы сандар; екінші сыныптың бірінші тоқсанында – 6-10-ға дейінгі сандар.
  Мүмкіндігі шектелген балаларға метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі. Мақсаты: а) Мүмкіндігішектеулі балаларға метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесін оқытудың маңызы, бағдарлама талаптары және ұзындық, баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін оқыту әдістемесі. б)Баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін анықтау үшін жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды оқыту әдістемесі.   Бағдарлама мазмұны: 1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері, міндеттері мен маңызы. 2) Көмекші мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар. 3) Көмекші мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі. а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі. б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі. в) Сиымдылық өлшемін оқыту әдістемесі. Г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі. Білімділік:Сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдің өлшемін білдіретін сандарды түрлендіру.Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді. Коррекциялық- тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастыруда. Материал ойлау операцияларын, ес, зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшықет және сипап сезу, көз мөлшерін, елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады. Тәжірибелік маңызы:Математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты: оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды, приборларды қолдануды үйренеді   Материалды меңгеруде кездесетін қиындықтар. Материал балаларға қиындық туғызады, ұзындықтың өлшем бірліктерін шатастырады. Мысалы: 1т.5км.(мысалы: км. С кг, немесе кв метр., мл.кг) Ақыл – ойы төмен оқушылар ұзындық өлшемдерді меңгеруде бірліктердің арақатынасын шатастырады. Мысалы: 1 км.=10см. Өлшем бірліктерді түрлендіргенде: 2км=20см. 10дм=10м. Өлшеуден шыққан сандармен арифметикалық амалдар орындағанда өлшем бірліктерін ескермейді.   5м+60см=65см. Ұзындық өлшемдерінің атауын атағанда көп қате жібереді: 125м* 80* 1ООООметр = 1 ОООметр. Ұзындық өлшемдерін жазғанда орындарын ауыстырып жазады, тастап кетеді, өлшем бірлігін дұрыс жазбайды. 5км 52см:/52м 5см. 52см 5м. Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер. 1. Мектепте бағдарлауының ерекшеліктері. Мысалы:өлшеуді 1 см.-ден бастайды. 2. Ұсақ маторикасының дамымауы салдарынан өлшемдерді толық өлшемейді. 3. Сызылған ұзындықтың шешімін есептеудің қиындығы.   -2- Кездесетін қиындықтарды жою үшін жалпы ұзындық өлшемдердің жүйесін келесі әдістемелік талаптарға сай жүргіземіз: 1. Жаңа өлшеммен таныстырғанда оқушылар заттық-тәжірибелік әрекет ұйымдастыру керек. - күнделікті өмірде қолданатын іс-әрекет тәжірибесін бақылау. Болмаса қалыптастыру.   Тәжірибелік әрекет және жаттығулар өлшеудің барлық кезеңдеріне бағытталған болуы керек. 2. Мөлшерлердің біркелкі және әртүрлі өлшем бірліктермен өлшеуге болатынын түсіндіру. 3. Жаңа өлшем түсінікті болу үшін жаңа өлшемге байланысты мақсатты ситуациялық жағдай туғызу қажет. 4. Өлшеуде балалардың көз мөлшері мен бұлшықет сезімдеріне сүйену арқылы жүргізу қажет. 5. Аталған материалды математика сабағында емес, басқа сабақтарда (сурет, еңбек, денешынықтыру, география т.с.с.) сабақтан тыс уақытта бекіту.  

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных