Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






практикалық дағдыларының тізімі

Оқу жылында стоматология факультетінің 4 курс студенттеріне

Стоматологиялық аурулардың физиотерапиясы» пәнінен

Емтиханның екінші кезеңін қабылдауға арналған

практикалық дағдыларының тізімі

1. Фантомды блокта өзекішілік электрофорезді калий иодидімен жүргізу

2. Мыс-кальций депофорезін жүргізудің әдісі мен маңызы

3. Қызылиек үстіне электрофорез жасаудың әдісі мен маңызы

4. Жоғарғы жақ орталық күрек тісіне электроодонтодиагностика жүргізудің әдісі мен маңызы

5. Қызылиекке дарсонвализация (ұшқынды, жанаспалы) жүргізудің әдісі мен маңызы

6. Дарсонвализация жүргізудің әдісі мен маңызы

7. Жедел периодонт қабынуы кезінде УВЧ-терапия жүргізудің әдісі мен маңызы

8. Өзекішілік озонотерапия жүргізудің әдісі мен маңызы

9. УФО жүргізудің әдісі мен маңызы

10. ИГНЛ жүргізудің әдісі мен маңызы

11. Ультра дыбыспен емдеу жүргізудің әдісі мен маңызы

12. ИҚ сәулемен емдеу жүргізудің әдісі мен маңызы

13. ЭОД жүргізудің әдісі мен маңызы

14. Флюктуоризация жүргізудің әдісі мен маңызы

15. Гидротерапия жүргізудің әдісі мен маңызы

16. Аэрозольтерапия жүргізудің әдісі мен маңызы

17. Вибромассаж жүргізудің әдісі мен маңызы

18. Саусақпен массаж жүргізудің әдісі мен маңызы

19. Парафинотерапия жүргізудің әдісі мен маңызы

20. Криотерапия жүргізудің әдісі мен маңызы

21. 18 жастағы жігіт дәрігерге тіс тазалағанда және қатты тағам қабылдағанда қызыл иегінің қанайтынына шағымданып келді. Дәрігер созылмалы катаральді гингивит деген нақтама қойды. Дәрігер жергілікті ем жүргізіп физиоемге жіберді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс?

 

22. 58 жастағы ер адамға пародонтоздың орта дәрежесі деген диагноз қойды. Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

23. 30 жастағы әйелге пародонттың жайыла қабынуы орта дәрежесі деген диагноз қойылды. Жергілікті емді жүргізгеннен кейін дәрігер физиотерапиялық бөлмеге жолдама берді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз

24. 32 жастағы науқас дәрігерге 36 тістің периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы диагнозымен қаралды. Эндодонтық ем жүргізгеннен кейін, дәрігер физиотерапиялық бөлмеге жолдама берді. Ол жерде келесі процедуралар жүргізілді: бір электродты шынтаққа бекітіп, тісті сілекейден оқшаулап, ауыз қуысына дәрілік препараттарға малынған мақталы тампонды енгізді, электродты тексеріп және қуысты парафинмен немесе жабысқақ балауызбен жапты. Екінші электродтың ұшын клемме аппаратына байланыстырды, ол жердегі тоқ күшін 3 мкА дейін түсірді. Әсер ету уақыты 15-20 минут.

Қандай дәрілік препараттармен жұмыс істеген неғұрлым дұрыс және физиотерапиялық әдістің әсер ету механизмі қандай? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

25. Ауыз-қуысының эрозиялы- жаралы зақымдалуы кезінде қандай физиотерапиялық ем әдісін жүргізген дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

26. 22 жастағы жігіт,тісінің тұрақты сыздап ауыратынына және тістеген кезде ауру сезімінің ұлғаятынына шағымданып келді. Эндодонттық ем жүргізу кезеңінде түбір өзегінде аспап сынып қалды.

Физиотерапиялық әдістің әсер ету механизмі қандай және қандай дәрілік препараттармен жұмыс істеген неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

27. 24 тістің түбір өзегін пломбылағаннан кейін, науқаста тістеу кезінде ауру сезімі пайда болды. Дәрігер физиотерапиялық бөлмеге жолдама берді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс?

 

28. 43 жастағы әйел адамда, эндодонттық ем жүргізу кезінде 36 тістің медиальді ұрттық түбір өзегінде Н-файл сынды, оны жылжыту мүмкін емес. Дентальды рентгенограммада дистальді және медиальді тілдік түбір өзектері физиологиялық апекске дейін пломбыланган. Медиальді ұрттық түбір өзегінде рентгеноконтрасты бөгде дене көрінеді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

 

29. 35 жастағы науқас тісінің тұрақты сыздап ауыратынына шағымданады. Апта бойы тіске периодонттың созылмалы қабынуының өршуі диагнозымен ем жүргізілген, бірақ тіс герметизмге төзбейді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

30. 30 жастағы науқас төменгі оң жақтағы тісінің сыздап ауыратына шағымданады. Апта бойы тіске периодонттың созылмалы қабынуының өршуі диагнозымен ем жүргізілген. Қарап тексергенде 46 тісте уақытша пломба, түбір аймағындағы қызылиегінің шырышты қабығы өзгеріссіз. Перкуссияда ауру сезімі бар. Уақытша пломбаны алғаннан кейі, дәрігер түбірге антисептикалық ерітінділермен медикаментозды өңдеу жүргізді.Экссудат жоқ. Дәрігер науқасқа физиотерапиялық бөлмеге жолдама берді.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

31. 36 жастағы науқас температауралық тітіркендіргіштерден болатын ауру сезіміне шағымданып келді.Қарап тексергенде терең тіс жегі қуысы,тіс қуысымен байланысқан.Терең сүңгілегенде ауру сезімі бар, перкуссияда ауру сезімі жоқ. Түбір өзегіне эндодонттық ем жүргізгеннен кейін дәрігер науқасқа физиотерапиялық бөлімшеге жолдама берді. Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

32. 20 жастағы бойжеткенге, дәрігер физиокабинетке жолдама берді.Науқастың ауыз қуысында көптеген афтозды элементтер бар,шырышты қабық қызарған фиброзды қақпен жабылған.Физиоемді жүргізуі кезінде науқасты орындыққа отырғызды және сәулелендіргішті ауыз қуысының бүйір бөлігінен орнатты және тағайындалған нақты процедураны жүргізді.

Физиотерапиялық әдістің қай түрі туралы айтылған? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

33. 43жастағы әйел пародонтологтың емінен кейін физиоемге жолдама алды.Оның электр тоғына төзімсіз екені анықталды.. Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

34. 25 жастағы науқасқа физиоем жүргізілді, келесі іс-шараларды қамтиды: «Поток-1»аппаратына екі электродты байланыстырады,пассивті электродты науқастың шынтағына бекітті,ал активті электродты линкомицин дәрісі сіңірілген дәке түрінде қызыл иекке бекітті.

Физиоемнің қай түрі туралы айтылған және дәрінің әсер ету механизмі қандай? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

35. 18 жастығы науқас косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарау кезінде: 22 тістің вестибулярлы бетінде бор тәрізді дақ анықталды, ол метилен көгімен боялады.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

36. Дәрігер ауыз-қуысындағы зақымдалған аймаққа 15-30 секунд сәулелендіру жүргізді. Емдеу кезеңі 7-10 процедура.

Физиоемнің қай түрі туралы айтылған? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

37. 35 жастағы ер адам тағам қабылдау кезінде болатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 16 тістің қызыл иек аймағында афта анықталды.

Физиоемнің қай түрін науқасқа тағайындаған неғұрлым дұрыс? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

38. Дәрігер процедура жүргізу кезінде зақымдалған аймаққа тубусты енгізді және шырышты қабатқа жақындатпай сәулелендіру жүргізді.

Физиоемнің қай түрі туралы айтылған? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

 

39. 25 жастағы ер адамға, ем-шара жүргізетін беткейді мұқият тазалаған соң, дәрігер, окси-спрейді шашты, Пайлер-жарығымен бірден әсер етті.

Физиоемнің қай түрі туралы айтылған? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

40. 30 жастағы науқасқа медбике келесі процедураларды жүргізді: төменгі жақ сүйекке Искра-1 аппаратының вакумдық электродын жақындатты, күлгін жарықтандыру пайда болғанша кернеу берді,төменгі жақ сүйектің бойымен қысқа толқынды электродты ілгері-кейін жылжытты.

Физиоемнің қай түрі туралы айтылған? Ем жүргізудің әдісі мен маңызын ашыңыз.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Перечень вопросов для проведения экзамена. Строение металлов и их особенности. | МЕТОДИКА ИССЛЕДОВАНИЯ


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных