ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бетон араласпасын жайғастыру
Бетон араласпасын жайғастыру. Өндірістің агрегатты-ағынды тәсілінде бетон араласпасын жайғастыру және тығыздау. Бетон араласпасын жайғастыру және тегістеу көп еңбекті қажет ететін операциялар, әсіресе қатты бетон араласпасынан күрделі конфегурациялы бұйымдар дайындау кезінде. Сондықтан заводтық жағдайда бетон араласпасын бункерлер, бетонжайғастырғыштар, фактуражайғастырғыштар көсегімен жайғастырады. Арнайыландырылған технологиялық бойлықтарда бетон араласпасын жайғастыру үшін дистанционды автоматты және жартылай автоматты басқару қолданылады. Бетонжайғастырғыштарды бетон араласпасын қалыптарда біркелкі жайғастыратын таспалы қоректендіргішпен, виброна-садкалармен, айналмалы варонкалармен, тегістегіштермен, вибролаток-тармен жабдықталады. Бетон араласпасын қалыптарға жайғастыру бетонжайғастырғыш көмегімен іске асады. Бетонжайғастырғыштың бос жүрісінің жылдамдығы (холостой ход) 25м/мин. Бетонжайғастырғыштың жұмыс жүрісінің максималды жылдамдығы 8,9м/мин. Плита ұзындығы 12м, жайғастыру уақыты 2,5мин. Бетон араласпасын қайта тығыздағандықтан жайғастыру уақыты 10мин дейін созылады. Стендті қалыптарда бетон араласпасын жайғастыру және тығыздау. Стендтерде бұйымдарды қалыптау қалыптау цехының үлкен ауданында орналастырылған және арнайыландырылған посттарда жүрмейтін болғандықтан стендті қалыптарға бетон араласпасын беру және жайғастыру қиындайды. Мұндай жағдайда бетондау процесі, әсіресе бір бұйым түріне арнайыландырылған стендтерде төменгі жағдайдалда механикаланады. Стационарлы қалыптарды есептегенде стендті тәсілде басты қалыптау қондырғылары өздігінен жүретін бетонтаратқыштардан, сонымен қатар жайғастыру мен тығыздау кезінде бетон араласпасын өңдеу үшін қалыптан қалыпқа ауысатын вибромеханизмдерден тұрады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|