Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылумен өңдеу режимі




 

Бұйымдарда бетонның қату режимдері. Қазіргі заманғы индустриялды жиналмалы темірбетон өндірісінде жылумен өңдеудің ерекшелігі өндірісті тиімді жылдамдату болып табылады. Бірнеше сағаттың ішінде бұйым тек 28 тәуліктен соң алатын 70% (одан да жоғары) беріктігін алады.

Жылумен өңдеу режимі параметрлерді автоматты түрде басқара алатын жүйемен бұйымды алдын-ала ұстаудан, температураны көтеруден, изотермиялық ұстайдан және суытудан тұрады.

Жылу әсері кезінде бетон құрылымы бұзылмас үшін бетон бастапқы беріктігене ие болу керек. Сонымен қатар, қалыптаудан кейін тез қыздыру цемент дәндерінің айналасындағы қабаттың мезгілден тыс тығыздалуына, рекациялардың жылдамдығының төмендеуіне және цементтңі жеткілікті пайдаланбауына алып келеді. Сондықтан қоршаған орта температурасында ашық бетті бұйымдарды алдын ала ұстау міндетті. Алдын-ала ұстау уақыты 1сағ.

Бетон температурасын көтеру. Бетонтемпературасын көтеру ең маңызды жылумен өңдеу сатысы болып табылады, бетонда мүмкін болған құрылымдық бұзылулар мүмкін болған жылумен өңдеу сатысы. Қалыптанған бұйымдарды жылумен өңдеуден алдын ұстап тұру бетонның жылумен өңдеу режиміне сәйкес температуралық қыздыруларды өз бойына қабылдауға қажетті беріктікті жинайды. Бетон температурасын көтеру уақыты цементтің активтілігіне және түріне, бетон араласпасының бастапқы құрамындағы суы, қоршаған орта температурасы, және қатуды жылдамдататын химиялық қоспаларды қолдануына тиімді. Температураны көтеру 3сағ деп қабылданды.

Изотермиялық қыздыру. Температураны булау камерасында изотермия-лық қыздыру кезінде портландцемент негізінде 80-850С қабылданған жөн. Төмен температурада изотермиялық қыздыру артады. Бұл жағдайда камералардың айналымы төмендеп өндірістің өнімдігі азайады.

Бұйымды қабылданған ең жоғары изотермиялық қыздыру температура-сында қабылданған цементте, С/Ц және температуралық қыздыру бетонның жылумен өңдеу аяқталғаннан кейінгі жинау қажет болған беріктігіне тәуелді. Керілген арматуралы бұйымдар үшін изотермиялық ұстау температурасы 800C болып табылады. Изотермиялық ұстау 5 сағат деп қабылданды.

Бетонды суыту. Жылумен өңдеу соңына қарай температураны түсіру маңызды этаптардың бірі болып табылады. Бұйымды жылдам температураны түсіруден сақтау керек, бұл сатыда баяу әрі бір қалыпты бұйымның барлық қиылысы бойынша температураны төмендету керек. Бұйымды камерадан шығарудан алдынғы температурасы қоршаған орта температурасынан 40 -450С аспауы қажет. Суыту уақыты 2сағат деп қабылданды.

М400 маркалы бетон үшін жылумен өңдеу уақыты 10 сағат (3+5+2).

 

  ТоС               1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 τ, сағ

Сурет 5. Кран асты арқалықты жылумен өңдеу уақыты

 

Стендті әдісте бұйымды жылумен өңдеу термоқалыптарда жүргізіледі.

Бұйымды шегенсіздеу және қалыпты дайындау. Қалыптың жұмыс бетін әр қалыптаудан соң қысылған ауа берілетін трубкалы қырғыш көмегімен тазалау және майлы құрамды беретін қармақпен майлау керек. Жұмыс бетін соққылы құралдармен тазалауға тыйым салынады. Майлау үшін бетонға жоғары адгезияланатын майлы эмульсия және басқа құрамдар қолданылады.

Қалыптар мен поддондарды майлау дайын бұйым сапасын анықтаудың ең маңызды факторы болып табылады.

Майлау материалдарының сапысы қалып бетімен бетонның ұстасуына, қалып материалдарының ұзақ тұрақтылығына және бұйымды қалыптан шешудің еңбек сыйымдылығына әсер етеді. Қазіргі таңда қалыпты қалыптың бетонмен адгезиясын жақсарту үшін ЭКС эмульсатор негізіндегі эмульсиялы майлағыштар қолданылады. Сәйкес майлағыштарды қолдану бетон бетінің сапасын жақсартады, қалыптан шешудің жеңілдетеді және қалыпты талыпты тазартуда елеулі әсер етеді.

Майлы құрам қалып бетін бетонның жабысуынан сақтайды, бұйым бетінде тесіктердің, қабыршақтардың және басқа да ақаулардың пайда болуынан сақтайды, бетон құрамының физика-механикалық қасиеттеріне кері әсерін тигізбейді және бұйым бетінің түсін өзгертпейді. Майдың жағымсыз иісі болмауы керек және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеуі керек, экономикалық тиімді болуы керек және механикалық әдіспен жағылуы тиіс.

Майлау материалдарына қойылатын талаптарды және констуркцияның ерекшелігін ескере отырып майланатын қалып бетінің 1м3-на 150г май жағу керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных