Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы




Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз - құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:

1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4. Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады.

Құқықтың дамып, қалыптасу кезендері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

З. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

1). Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы;

2). Құқық жүйесінің дамуы;

3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады.

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп, басқаруға көшуі мүмкін.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных