Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының құқықтық жүйесі




Қазақ халқының мемлекеттік және билік дәстүрлері бірнеше мыңдаған жылдардың қойнауына барады. Бұл құбылыстардың Еуразия көшпелілерінің тарихында ерекше орны бар. Қазақ аңыздарын этнологиялық тұрғыдан талдау, оны лингвистикалық зерттеу әдістерімен кірістіру, салыстырмалы тіл білімін іске қосу қазақ жерінде сонау энеолит аталатын дәуірде, б.э.д. IV—III мыңжылдықтарда алғашқы жылқышы тайпалардың арасында мемлекет және билік институттарының қалыптаса бастағанын білдіреді.

Мемлекет және билік үлгілерінің көрсетілген межеден басталып бірнеше мың жыл даму барысында, неше рет өнделіп, соныңда Қазақ хандығы атты тарихи үлгіні өмірге әкелуі заңды. Қазақ көшпелілері XV ғасырдың ортасында Еуразиялық империя Алтын Орданың ыдырауы барысында дүниеге келген құбылыс, алғашқы күндерден бастап тарихтың ауыр сауалда-рына, сынына жауап бере бастады. Еуразия жерінде бірнеше мың жыл үстемдік жасаған көшпелілердің соңғы мемлекетіне тарихтың да, көрші мемлекеттердің де сын қоюы заңды.

Сол сынның алғашқы сұрағы, әрине, «сен кімсің, ата-тегің кім?» – деген сұрақтар. Қазақ елі болса өзінің түп – тегін, мем-лекетінің дәстүрін қадым заманда жасаған Алаша ханға байла-ныстырғанды жөн көрді. Ұлытаудан әдемілеп тұрып өзінің ұлы аруаққа деген ілтипатын білдіріп кесене-мавзолей салды. Қазақ руларының құрамы күрделі екені белгілі — сан алуан ру, сан алуан ел бар, олардың ішінде өз бетімен мемлекет-ұлыс құрғаны қаншама? Осы қарақұрым елге сенің түпкі бабаң Алаша хан еді деп мойындату да сол кезде оңай болған жоқ шығар. Ақыры қазақ үш жүз болып, бір атаның үш баласы болып өз идеологиясын түзді.

Сонымен Қазақ хандығының мемлекеттік дәстүрлері өзіне дейінгі қадым тарихқа сүйенеді, соған негізделеді. Ал Қазақ хандығы құрылған XV ғасырдан бергі тіршілік — мемлекет және билік үшін күрес ғасырлары.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі жаңадан құрылып, дамуда. Бұл жүйе, негізінен, континентальдық Еуропа елдерінің бағытында дамуға бет бұрып отыр. Біздің халқымыз өз елінің егемендігіне жетіп, мемлекеттің ықтимал зорлық-зомбылығынан жаңа Конституция (1995 ж.) арқылы қорғалған саяси-этникалық адамдар қауымдастығының дәстүрімен, мәдениетімен ұштасқан либерализм қағидалары негізінде әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістер жолымен дамудың ортақ тағдырына таңдау жасап отыр.

 


Орытынды

Конституция Қазақстаң Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Демократиялық мемлекетҚазақстан, ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысы және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.

Зайырлы мемлекет- Қазақстан Республикасы діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді жәнебұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекеторгандары қағидалық заң емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның басының шаруасы болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халыкаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттін өзара жауаптылығының болуы, т. б.

Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес коғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлык азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңден бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулык сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бір тұтас, Президенттік басқару жүйесіненегізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халык сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдыңда жауапты Үкіметті тағайындайды.

Бұл курстық жұмыста қазіргі замандағы әлем елдеріндегі құқықтық жүйелерге шолу жасалып оларды топтап бірнеше жүйеге бөлінетіндігі айқындап айтылды. Қорытындылай келе нақты ешбір кемшілігі жоқ, идеальды және барлық мемлекеттерге бірдей таңыла алатын ортақ құқықтық жүйе үлгісі болуы мүмкін еместігін айта кеткім келеді. Әрбір құқықтық жүйенің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігі байқалады.

Қазақстан таңдап алған құқықтық жүйенің негізі континентальдық, яғни романо-германдық үлгідегі құқықтық жүйе артықшылықтары жетерлік деп айтуға болады. Құқықтық нормалар айқын белгіленіп кодификацияланған. Құқыққолданушыға қандай да бір құқық нормасын тауып алу қиынға түспейді. Бірақ құқық пен заңның теңдігі кезінде теріс роль де ойнауы мүмкін. Мысалы мұндай жағдай 1930 жылдары Германия мен Италияда билік басына тоталитарлық режим келген кезде заңдарды өзгертіп ақырында заңдарды құқықтан жоғары қойғандығын есте сақтаған жөн.

Мысалы Ұлыбританияда қолданылатын англо-саксондық құқық жүйесі практикаға жақын болғанымен нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыруда прецеденттерді іздестіру мүлде қолайсыздыққа душар етеді.

Соңғы кездері жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір-біріне жақындай түсіп, ұқсастықтары көбейе түсуде.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных