Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі орта ұлпалары




Дәнекер ұлпалар (textus connectivus) сыртқы орта және дене қуысымен шектеспейдi, организмнiң iшкi ортасын құрып, тұрақтылығын сақтайды. Академик А.А. Заварзин оларды iшкi орта ұлпалары деп атады.

 

Дәнекер ұлпаларға мы

на ерекшеліктер немесе белгілер тән: барлық дәнекер ұлпалар ұрықтық кезеңде көп қабілеттi (полипотент), гетерогендi бастама-мезенхимадан дамиды. Бiрақ, құрамындағы ұлпа жасушаларының құрылысы, қызметi әртүрлi болады; қан тамырларымен жақсы жабдықталған, жасуша аралық заттегінің мөлшерi мол, құрамы, биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттерi әртүрлi: қан мен сөлде ол сұйық, шырышты ұлпаларда дiрiлдек тәрiздi, сүйекте қатты болады; аса әр түрлi ұлпа, оған жоғарыда аталған ұлпалардан басқа, қан өндiру және арнайы қасиеттi ретикулярлы, бояутек, май ұлпалары жатады; құрамындағы жасушалар осы ұлпаға тән жасуша аралық заттек өндiредi; жасушалары еркiн орналасады, қарқынды ауысып отыру қабылетiне ие, полюстенбейдi; дәнекер ұлпа жасушалары жылдам қалпына келедi, организмнiң қалпына келу процесiне қатысады.

 

Дәнекер ұлпалар организмнің iшкi орта тұрақтылығын қамтамасыз етiп, қоректiк (басқа ұлпаларды қоректiк заттармен қамтамасыз етедi), тыныс алу (басқа ұлпаларда газ алмасуын қамтамасыз етедi), реттеушi (басқа ұлпаларға биологиялық қарқынды заттар бөлiп, өзара iс–қимыл жасау арқылы әсер етедi), қорғаныш (түрлi қорғаныш, иммундық, басқа реакциялармен қамтамасыз етедi, фагоцитозға қатысады), тасымалдау, тiректік және организмнің қуат қоры (майды орналастырып, сақтайды) қызметтерiн атқарады, олармен қоса басқа ұлпалар, ағзалар құрылымын (негiзiн, стромасын құрады), пiшiнiн сақтайды.

 

Мезенхима - дәнекер ұлпалардың жалғыз даму көзi. Ұрық дамуының ерте сатысында пайда болады. Жетiлу кезеңiнде әр сомиттен екi мезенхима бастамасы бөлiнедi. Олар басқа ұрық жапырақшаларымен бiрiгiп, организм дамуында iшкi ортаны құрады. Мезенхима жасушаларының өсiндiлерi бiр бiрiмен «құлып тәрiздi» байланысып, торға ұқсас болады да, синцитий деп аталады. Жасушалары домалақтанып, басқа жасушалармен байланысын бұзып, жақсы жылжи алады. Мезенхима жасушаларының біразы заттарды тасымалдап, қорғаныш қызмет атқарып, қан жасушаларына айналады. Басқа жасушалары жылжымалы түрiнiң айналасында қабырға түзiп, тамырлар құрады. Ондағы қанды шеттiк деп атайды. Мезенхима жетiлген организмде дәнекер ұлпалардың дамуына қатысып, оларды құратындықтан жеке түрiнде болмайтын ұрықтық ұлпа.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных