ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Биофизика пәні, мақсаты мен міндеттері.Биофизика, биологиялық физика (био.. және физика) — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды. Бейінді оқыту жағдайында жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану-математикалық бағытына құрастырылған «Биофизика» таңдау курсының бағдарламасы, оқыту әдістемесімен физика пәні мұғалімдеріне ұсынылып отыр.
Жоғарғы сатыдағы физика пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды осы заманғы ғылымның даму қағидаларымен таныстыру болып табылады. Осыдан өмірге, практикаға ене бастаған жаңа идеялардың негізін қалау қажеттілігі туындайды.
Екінші басты мақсат – оқушы санасына тірі және өлі табиғаттың бірлік және әртүрлілік қасиеттері туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Әлем туралы жалпы түсініктің тұтастығы түрлі әдістер мен пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.
Физика және биология, химия пәндері арасындағы байланыс – оқушылардың дүниетанымдық нанымдарын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Екінші жағынан, оқушылар физика заңдылықтарының техникадағы қолданысын ғана біліп қоймай, физиканың тірі табиғаттағы бет – бейнесін айқындайды. Ғылымдар арасындағы сабақтастық пен пәнаралық байланыс жүзеге асады, мамандық таңдауға қызығушылықтары туындайды. «Биофизика» курсы: Дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді; Қазақстандық медицина мен индустрияландыру пилоттық жобасы бойынша еліміздегі жетістіктер мен атқарылатын техника саласындағы зерттеулер бойынша оқушыларға ақпарат беруге көмегін береді; Интернетпен жұмыс істеу, ақпаратты өңдей білуге үйретеді.
Курстың дидактикалық мақсаты:
Табиғаттағы физика, биология, информатика, химия пәндері арасындағы байланысты көрсете отыра дүниенің біртұтас бейнесін оқушылар санасында қалыптастыру. Курсты әдістемелік жағынан қолдау
– Power Point бағдарламасымен мультимедиялық презентация жасауға үйрету;
– график, сызбалар, диаграммалармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;
– физикалық болжам, қорытынды жасауға бағыттау;
– тақырып бойынша ең маңыздыны ажырата білуге үйрету;
– топпен жұмыс істеу, шығармашылықтарын арттыру. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|