ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ағза және адамның әлеуметтік қызметі1. Бейімдеушілік, стресс және ауру күйлері. 2. Дене еңбегі және ой еңбегі. 3. Организмнің бейімделуіне машықтанып иемдену. Иллюстративті материалдар: Стресс. Ағза өмірі -бұл зат алмасулық, субклеткалық, мүшелік, жүйелік, ағзалық сияқты ұйымдасырудың барлық деңгейіндегі қораныс- бейімделушілік механизмдерінің тұрақты жұмысы. Әдеттен тыс болсада, бірақ ағза үшін ұзақ тұрақты жғдай қолайсыз.Ол негізгі қорғаныш механизмдерін шынықтырмайды. Қандайда бір механизмнің үзілуі оның ұзақ уақыт әсерсіз кезінде болуы мүмкін, тіпті шамалы ғана ауру туғызатын әсердің өз бұл қорғаныс – бейімделушілік механизмнің қатардан шығаруы мүмкін. Сол кезде ауру дамиды. Біздің ағзамызда біз болжағанан гөрі ауру байқаусыз түрде жиі өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, адамдардың көбісі дені сау мен ауру жағдайдың арасында өмір сүреді, тек қорғаныш - бейімденуші механизмінің жақсы жұмысы ғана денсаулықты сақтайды, байқалатын ауруды жояды және ағзаны байқаусыз емдейді. Күшті жаттықтырушы тек табиғи физиологиялық факторлар бола алады. Көптеген зерттеушілер физиологиялық күйзелістің қолайлы әсерін бұрыннан айтп келеді, бірақ көптеген тұрғындар үшін, тіпті медицина қызметкерлері үшін стресс деген сөздің өзі ағза үшін теріс зиянды болып табылады. Г.Селье бойынша стересс анықтамасы былай: стресс кез – келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциасы. Стресс - күшті әсерлерге реакциясы, ал өз табиғаты бойынша стресстік жауап - сақымдаушы факторлар әсер еткенде организм тұрақтылыққа резизстентке жету әдәсі. Стресс - түрі бойынша жедел, созылмалы, күйзеліс деп бөледі. Бейімделу.Сыртқы ортаның әсерленуіне бейімделудің физиологиялық негіздері. Адаптация – лат адаптацио – бейімделу, яғни бейімделу сыртқы және ікі ортаның жағдайларының өзгеруіне сәйкес организмніңүйренуі. Ол әр деңгейде өтеді: молекулалық, клеткалық, мүше немесе мүшелер жүйесі және организм денгейінде болады. Шөл және шөлейт далада, солтүстік суықта, не оңтүстіктегі ыстықта, таулы биік жерде немесе теңіз бен мұхитта жұыс істеуге тура келген адам организмі өзінің тіршілік үрдісін өзгертіп, жаңа жағдайға сәйкес бейімделеді. Бейімделу тетігінің дұрыс қалыптасуы теңізшілермен ұшқыштар, әсіресе ғарышкерлер үшін өте қажет. Дене еңбегімен ой еңбегі біріне- бірі сәйкестелсе организмнің ішкі жасырын мүмкіндігі іск қосылып, бейімделу қабілеті артады. Бейімделу мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп екіге бөледі. Бейімделудің туа болатын, жүре болатын, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, төтенше және қалыпты, физиологиялық және психиологиялық түрлері болатынын ескерткен жөн. Бейімделудің бір неше кезеңін ажыратуға болады. Өзгерістен кейін бұрынғы қалыпты жағдайға көшкенде организмнің ерекше дезадаптация фран. дез-керісінше, адаптация күй туады, яғни организм кейін бейімделеді. Организм тығырықты күйге ұшырайды. Іс-әрекеттің бейімделу тетігі - лимбя жүйесі, торлы құрылым және ми қыртысының алдынғы аймағында орналасқын. Организмнің бейімделуіне машықтанып иемдеуіне қарай адамдарды екі топқа бөлуге болады. 1. Мінез-құлықтары шапшаң адамдар. Олар қоршаған ортаны оқыс әсерлеріне тез және оңай жауап беріп, тез бейімделеді. 2. Төэзімді адамдар. Олар ұзақ әсер ететін факторларға тиянақты және тұрақты түрде бейімделеді. Алшашқы балалық шаөта сәбидің денесі жылылықтан гөрі салқынға тезірек бейімделеді. Ікі мүшелерден қан сыртқы мүшелерге,ауысып ылуды көбірек шығарады. Жас балаларда - дене температурасын бір қалыпта ұстап реттейтін тетігі онша жетілмеген, сондықтан ата- анасы сыртқы ортаны температурасын ескеріп, дұрыс кйіндіруі керек. Ауа райының өзгерістеріне қарай бала организмі төзімділігін арттыру, саулыгын сақтау, күш қайратын және көңіл күйін қалыптастыру үшін тәлім – тәрбие шаоаларын дұрыс жүргізуді қадағалау қажет. Табиғи жағдайларға, жыл маусымына, ауа райына балалар тез және жақсы бейімделуі үшін жан – жақты шаралар қолданылады. Балаларда отығу үдемелі жүреді. Тыныс алу және қан өндіру мүшелерінің қызметі онша жақсы жетілмеген, сондықтан таулы жерлерде оттегі жетілінкіремейтін ауамен дем алғанда бейіделу қабілеті төмендейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|