ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жарықтың екі жақты қасиетінің бар екендігін кім айтты және ол неге сүйеніп дәлелдеді? 5 страницаАғылшын ғалымдары Күн температурасына тең жылуды қалыптастыра алатын лазер жасады. Олардың айтуынша, мұндай температурамен жылыту небары секундты 20 квадриллионға бөлгендегі уақытқа ғана созылады. Жаңа технология термоядролық синтез жасауда қолданылмақ. Imperial College London университетінің ғалымдары өздері жасаған лазердің кез келген затты қазіргі термоядролық зерттеу жұмыстарында қолданылып жүрген аналогынан 100 есе жылдам қыздырып жібере алатынын мәлімдеді. Ионның жылынуы арқылы жасалатын ғылыми-тәжірибелік әдіс туралы зерттеу жұмысы Nature Communications журналында жарияланды. Әдетте лазер заттарды оның электрондары арқылы жылытады. Ал жылудың электроннан ионға өтетіні белгілі. Ион заттың негізгі массасын құрайтынын ескерсек, жұмыс үдерісі баяу жүреді. Ғалымдар Күн сәулесінің электростатикалық толқынының көмегімен тікелей ионды жылыту мүмкіндігін жасады. Айта кетейік, зертханада термоядролық синтезді жасау үшін лазер көптен бері қолданылады. Ғалымдар көп жылдар бойы арзан әрі қиындықсыз қолдануға болатын энергия көзін іздестіріп келген. Бір сөзбен айтқанда, Күн сияқты энергия шығаратын механизмді құрастыруды мақсат етіп келген. Термоядролық реакция, термоядролық синтез - миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады. Жеңіл элементтерді (сутек, гелий, литий, т. б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта — жоғарғы температуралық плазма пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетін (барьерін) жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады: мұндағы k—Больцман тұрақтысы; Т—плазманың температурасы; m және v — бөлшектің массасы мен жылдамдығы. Температурасы жүздеген миллион градус болатын ыстық плазмадағы ядролар аса үлкен жылдамдықпен бір-біріне жақындап, ядролық күштердің әрекет аймағына енеді. Сол сәтте-ақ тегеурінді ядролық күш оларды біріктіріп, жаңа ядроны түзеді. Бұл кезде пайда болған m масса ақауы есебінен аса мол энергия босап шығады. Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдардың басында Қазақстанда (Семей полигоны) сутек бомбасын жару арқылы жүзеге асырылды. Қажетті жоғары температура атом бомбасын алдын ала жару үстінде алынды. Термоядролық бомбаның ішіне жоғары температура алу үшін атом бомбасының заряды және жеткілікті мөлшерде сутек изотоптары (мысалы, дейтерий) орналастырылады. Термоядролық жарылыста әуелі атом бомбасының заряды іске қосылады да, температура миллиондаған градусқа көтеріліп, сутек изотоптарының ядролары жаппай біріге бастайды. Осылайша әп-сәтте атом бомбасының жарылысы сутек бомбасының жарылысына ұласады. Қолдан басқарылатын термоядролық реакцияларды іске асыру зор қиындықтарға кезікті. Оларды жүзеге асыру үшін, негізінен, үш мәселені шешу керек. Біріншіден, сутек газын қыздыру арқылы ыстық плазманың температурасын ондаған миллион градусқа көтеру қажет. Екіншіден, термоядролық реакцияны тұтандыру үшін ыстық плазманы суытпай, белгілі бір көлемде кем дегенде 10-1-10~2 с ұстап тұру қажет. Үшіншіден, термоядролық реакция қарқынды жүріп, энергия шығыны қажетінше мол болуы үшін ыстық плазмадағы дейтерий ядроларының тығыздығы белгілі бір шамадан кем болмауы тиіс, яғни 1 м3 көлемде 1022 бөлшек болуы керек. Осы үш шарт қатарынан орындалса ғана басқарылатын термоядролық реакцияны іске асыруға болады. Алайда плазма заттың ең орнықсыз күйі болып табылады, сондықтан бұл шарттарды бір мезгілде орындау мәселесі әлі күнге шешуін таппай отыр. Бүгінде төрткүл әлемде электр энергиясының тапшылығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Елімізде бұл бағытта түрлі жобалар жанданып, электр әнергиясының өндірілуінен бастап, үнемді пайдалануы мықтап қолға алуда. Облыста да күрмеуі қиын бұл түйткіл күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қазір бірнеше жобалар қарқын алған. Бағдарламаның бірінші бесжылдығының өзінде ірі үш жобаның бойына қан жүгіріп, қуатты күшіне шығып отыр. Атап айтсақ, «Компания А/Т — энерго» ЖШС-ның жобасы 2013 жылы Шу ауданында іске қосылды. Тасөткел су қоймасындағы кіші ГЭС құрылысына 1050,0 млн. теңге жұмсалған. Қазір аталмыш су электр станциясы жиырма адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Жылдық қуаты 9,2 МВт. Алайда, дәл қазір станция 5,2 МВт-тық межені ғана көрсетуде. Өйткені, құрылысын жүргізген қытайлық компаниялар жобадан жаңылып, өткен жылы біраз қиындықтар туған болатын. Десе де, қазір нысан бастапқы көрсеткіштен жоғарылаған. Және жоба толықтай қуатты күшіне жеткенде Қырғызстанның жарығына тәуелділік азаяды деп күтілуде. Жалпы, көршілес Қырғыз елінің электріне мұқтаждықты азайту үшін шырайлы Шуда аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Шу ауданы әкімінің орынбасары Ержан Өміралиевтың айтуынша, Тасөткел су қоймасынан бөлек биыл елді мекенде тағы екі нысанның құрылысы қолға алынып жатыр екен. – Биыл Шоқпар ауылдық округінен жел электр станциясын салу көзделуде. Бұл құрылыс жұмысына шетелдік «Винхан» компаниясы қызығушылық танытып отыр. Қазір жобаның жүзеге асуына қажетті жер телімі белгіленіп қойды. Сондықтан, құрылыстың басталуына еш кедергі жоқ. Одан бөлек, Алға ауылдық округінен күн электр станциясын да салу жоспары бар. Оған қажетті жер телімі қаралу үстінде. Нысанның бірінші кезеңінде 109 МВт, екінші кезеңінде 250 МВт электр өндіріледі деп күтіліп отыр. Осылайша ауданның электр энергиясына деген мұқтаждығын толықтай шешпекпіз, – дейді аудан әкімінің орынбасары. Әрине, бұл жобалар жанданып, жемісті болып жатса, құба-құп. Оған қоса, үш станция Қырғыз жарығына деген тәуелділікті азайтып жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сондықтан, аталмыш бастамалардың болашағы баянды болсын деп тілейік. Шу ауданынан бөлек, 2013 жылы «ЭнергоСтройПроект» ЖШС жобасы Т.Рысқұлов ауданында жүзеге асты. Шағын ГЭС құрылысына сол кезде 1018,0 млн. теңге бөлінген болатын. Және жылдық қуаты 6 МВт шығады деп күтілген. Қазір бұл нысан алғашқы қарқынын алып, он адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, «Vista International» ЖШС 2014 жылы Қордай ауданынан жел электр станциясын іске қосты. Жобаның құны 6362,0 млн. теңгені құрап, жылдық қуаты 21 МВт деп жоспарланған. Қазір нысан алғашқы өнімін шығарып, 13 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Мұнда электр энергиясын 9 жел агрегаты өндіруде. Иә, бұл Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында жүзеге асқан жобалар. Енді, 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезең белгіленуде. Бұл бесжылдықта облыста ірі екі электр станция салынатын болады. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бас маманы Нұрлан Тұрмағанбетовтың айтуынша, қазір қос нысанның құрылысына қажетті барлық құжаттар рәсімделіп қойыпты. – «Burnoye Solar-1» ЖШС-ның Жуалы ауданындағы КЭС құрылысы 2014-2015 жылдарына жоспарланған болатын. Қазір бұл нысанның жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Жобаның құны 23,2 млрд. теңгені құраса, жылдық қуаты 50 МВт шығады деп күтілуде. Және аталмыш нысанда қазірдің өзінде жаңа 20 жұмыс орны ашылып отыр. Бұдан бөлек, «Ветроинвест» ЖШС жел электр станциясын Қордай ауданынан салуды көздеуде. Жобаны жүзеге асыру үшін 12 753,5 млн. теңге қаралды. Нысан келесі жылы толықтай іске қосылатын болады, – дейді бас маман. Иә, байқап тұрсақ, жанданған жаңа жобалар мен құрылысы аяқталуға таяу нысандар аз емес. Бұдан бөлек, бағдарламадан тыс қолға алынып жатқан шағын су, жел, күн электр станциялары да жетерлік. Әсіресе, өңірде күн электр станцияларын өндіріс саласында пайдалану кең етек жайып келеді. Бұл қондырғылардың қуаттылығы аз болғанымен, бір мекемені жарықпен қамтуға қауқарлы. Міне, осындай шағын жобалардың өзі облыстың электр энергиясын үнемдеуге мол мүмкіндік туғызуда. Жалпы, «Жасыл экономиканы» дамытуды жуырда өткен алқа мәжілісінде облыс әкімі де мықтап тапсырған еді. Аймақ басшысы облыста су, жел, күн электр станцияларын салуға бар мүмкіншілік жасалғанын шегелеп тұрып көрсеткен-ді. Тіпті, қай станцияның құрылысын алып қарасаңда, ол үшін өңірдің табиғи жағдайы қарайласып тұрғанын баса айтып өткен болатын. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, тірліктің тетігін тіктейтін кез жетті. Тек, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тың жобалар мен жаңа бастамаларды көптеп ұсынулары қажет. Сонда ғана өңірдің өрісті дамуы мен тәуелсіз электр энергиясына қол жеткізе аламыз. Таза болса табиғат-аман болар адамзат», - деп дана қазақ халқы айтқандай адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Ал адамның сол әсерінің салдары табиғатқа зиянды болуы мүмкін. Осыған орай көптеген мемлекеттерде «жасыл экономика» саясаты жүргізілуде. «Жасыл экономика» - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған экономика. «Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшырап жатқан ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Энергия үнемдеу қағидасына негізделген экологиялық қауіпсіз және арзан технологияларды қолданудың есебінен болашақта тамаша экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. «Жасыл» салалар халықты толық жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қалдықтардан органикалық тыңайтқыштар өндіру, көмірден және төмен сапалы кварциттен кремний өндіру, қоқыстарды пиролиздік әдіспен өртеуге негізделген электр стансасын құру, құнарсыз жерлерде құнарлығы жоғары дақылдар өсіру, жергілікті экологиялық материалдардан арзан және жеке үйлер салу сияқты бағыттарда. Мұндай экологиялық жобаларды іске асыру еліміздің халықаралық беделін арттырары анық. «Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік деңгейдегі өз «жасыл» технологиялары мен инновациялары бар екенін паш етеді. Бұл өз кезегінде, еліміздің халықаралық беделін жақсартып, оның жаңа «экологиялық» брендін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да елімізде табиғи ресурстарды және инвестицияларды экожүйелік қызметтерге экотиімді пайдалану трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Антропогендік ластануды және жер, су экожүйелерінің тозуын төмендету, табиғи жүйелерді басқарудың жаңа біріктірілген үлгілері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізу, инновациялық технологиялар мен механизмдерге оларды хабар ету үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі керек. Баламалы энергетика дегеніміз – бұл қоршаған ортаға тигізетін зияны өте аз болатын, пайдалануға тиімді, әрі өндірілуі анағұрлым жеңіл, сарқылмайтын энергиялар жиынтығы. Олардың қатарына мыналар жатады: жел энергиясы, биогаз, гелиоэнергия, баламалы гидроэнергетика, геотермальды энергетика, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия. Осылардың ішінде, баламалы қуат көзі болып саналатын жел энергиясы ресурсын зерттеудің ерекшеліктеріне кеңінен тоқталамыз. Жел энергиясы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ. энергия алады. Күн энергиясының 1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жерді суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Қазақстанда жел энергиясын өндіру. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күші мен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электрстанциялары мен жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың электрстанцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы «желполюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10-12 км, ұзындығы 80 км.) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш-Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8-7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4-5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтанда, әйгілі «Жоңғар қақпасындағы» мол энергияны өндіріп, пайдалануға бізде мүмкіндіктер көп. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңғызтөбе кентінің аумағында да бүгінде жел энергиясын өндіру қолға алынуда. Аймақта жел электр энергиясын өндіру паркінің құрылыс жұмыстарын бастау жөніндегі Германияның «EAST GE3000» ЖШС мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және аудан әкімдігімен үшжақты келісімге қол қойылып, Жаңғызтөбе кентінің іргесінен салынатын желден қуат өндіру паркі жұмысының алғашқы сатысы басталып кетті. Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, шетелдік компанияның тың жобасының аудан экономикасына қосар үлесі қомақты. Алдағы екі жылға жобаланған жобаның құрылыс жұмыстары аяқталысымен желден күші 70 мың мегаватты құрайтын электр знергиясы алынады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев бұл облыс бойынша қолға алынып отырған екінші тың жоба екендігін атап өтті. Бұл жұмыс өте ауқымды. Маңызы зор жұмысқа жергілікті мамандар барынша қолдау көрсетуі тиіс. Жоба толығымен жүзеге асқан уақыттан бастап өндірілген жел қуаты халыққа тиімді бағада ұсынылып, жобаның ақталу жағын мемлекет дотациялайтын болады. «EAST GE3000» ЖШС-нің бас директоры Бруно Хайдрих компанияның 20 жылдық тәжірибесі барын алға тартып, 2009 жылдан бастап Қазақстан нарығын зерттеп, инвестиция салуда біздің елімізді сенімді әріптес деп тапқандықтарын жеткізді. Ол ауданымызда жел электр құрылғыларын қондыру жұмыстарын қолға алып, жалпы жоба аясында 23 желден қуат өндіретін қондырғы орнатылатындығын айтты. Олар келер жылдың сәуір айынан қондырғылардың құрылыс жұмыстарын бастап, 2016 жылы пайдалануға беруді көздеп отыр. Орнатылатын заманауи құрылғылардан қоршаған ортаға еш зиян келмейтіндігін де атап өтті. Жалпы жоба құны шамамен 150-180 млн. еуроны құрайды. Жобаның инфрақұрылымын тартуды жергілікті мердігерлер жүргізбек. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай елорда төңірегіне 100 жел генераторын орнату жоспарлануда. Біз қала маңында жалпы қуаты 100 мегаватты құрайтын шамамен 100 жел генераторын орнатқымыз келеді. Бұл да елорда келбетіне өз үлесін қосар еді. Ұшақпен келген жолаушылар бұл жел генераторларын көретін болады. Қалашықта Энергияны зерттеу орталығы құрылатын болады. Ол адамның тіршілігін қамтамасыз ететін экологиялық тұрғыда таза үш зауыттың басын біріктіреді. Аумағы 25 гектарды құрайтын ғимараттардың бірінің күмбезі астында қатты қалдықтарды, жауын және кәріз суларын, күн батареясынан электр энергиясын жинайтын зауыт орналасады. Қалдықтар жинау жүйесі 174 гектар аумақты қамтиды. Көрме павильондары мен тұрғын үй орамдары жанында қалдық жинайтын шамамен 240 қазандық орналастырылады. Ал жауын және кәріз суларын жинайтын жүйе тәулігіне шамамен 750 текше метрді суды жинақтайды. Бұл су тазаланып, техникалық су ретінде кәдеге жаратылады. Мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика кенже қалған. Өкінішке қарай, бірнеше құрылысты, атап айтқанда, жел энергетикасы кешендерін салуға талпыныс жасалғанымен республикамызда бүгінгі күнге дейін бұл салада бірде-бір ірі жоба іске қосылмаған екен. Мәселен, бұрынғы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,03%-ды құраған. Яғни, жалпы энергия көлемінің бір пайызына да жетпейді. Бұл дегеніміз, бұл саланы әлі де болса жетілдіре түсу қажет екенін көрсетсе керек. Салыстыру үшін айтсақ, тіпті, озық қалпына келетін энергия көздерін қолдану бойынша әлемдік аутсайдерлердің қатарына кіретін Ресейде де оның үлесі төмен, жалпы өндірілген энергияның бар-жоғы 1%-ын құрайды. Сонымен қатар оның базасында алынған жылу энергиясы 3%-ға жуықтайды. Қазақстанда жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды. Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады. Елімізде жел энергетикасын дамытуға деген қызығушылық келесі артықшылықты факторлармен түсіндіріледі:
Жел энергетикасының дамуы қуаныш әкелгенмен, оның зиянды да әрекеті бар. Жел қондырғылардың айналып тұратын қалақшалары, механизмі, айнала ортаға дыбыс шуын шығарады, 40 децибелдан асатын дыбыс толқындары, адам организміне зиянды әрекетін тигізеді. Мысалы шу деңгейінің жоғары болуы дыбыс құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатып, организмнің жүйке-психологиялық әрекетіне зиянын тигізеді. Жел қондырғылары бір-бірінен мұнара биіктігімен салыстырғанда 5-10 есе қашықтықта орналасуы тиіс, осы территорияда орналасқан жел қондырғылар аймағында ешқандай ғимарат, орман болмауын ескеру қажет. Құстар жоғары кернеу жиіліктерімен антеннамен, ғимарат терезелерімен, кейде автомобиль терезесімен соқтығысып мертігіп жатады. Кейбір жел қондырғысы мұнарасының жоғары жағында қонақтайды, бұл құстардың өміріне қауіп әкеледі. Жел қондырғыларын салған кезде құстардың ұшу миграция маршрутын ескеру қажет. Жел қондырғысының металл бөліктері айналғанда қуатты дыбыс тербелістерін туғызады, сол маңайдағы радиотолқындармен жұмыс істейтін телевизиялық радио және радарлық құрылғыларға кері әсерін тигізеді. Әрине телевизиялық немесе радиоретрансия торын орнату қиын емес, бірақта бұлар арзанға түспейді. Жел энергетикасын дамыту мақсатында энергия жүйесін бағалау «Қазақстан – жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ-ның даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлескен жобасының шеңберінде 2011 жылғы 10 наурызда бұрынғы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «Қазақстанда жел энергетикасын дамыту мақсатында энергия жүйесін бағалау» тақырыбына тұсаукесер болды. Тұсаукесерге БҰҰДБ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Каздорпроект» АҚ, «Астананың жаңа университеті» (Назарбаев Университеті) АҚ, «Энергия» КазНИПИТЭС» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында жалпыға бірдей шолуға «VTT» фин компаниясының БҰҰДБ тапсырысы бойынша жел энергетикасының елдің энергия жүйесіне кірігу әсерін бағалау бойынша соңғы есебі ұсынылды. Бұл Қазақстанда жүргізілген қолданыстағы өндіруші қуатты бағалау бойынша алғашқы осындай зерттеу. Қазақстанның энергия жүйесін зерттеуге сәйкес орталықтандырылған теңгерімдеу бар. Бұл жел энергиясының кірігуіне ықпал етеді, өйткені жел энергиясының тұрақсыздығын деңгейлестіру бойынша ең жоғарғы нәтижені қамтамасыз етуге болады. Қазақстандағы жел электр станцияларының жалпы пайдаланатын өндіруші қуаты 80 % жоғары немесе жалпы белгіленген қуаттан 10 % төмен сирек болады. Жел энергиясын өндіру жөніндегі болжамдық сценарий 2015 жылы жылына шамамен 250 МВт және 2030 жылға қарай жылына шамамен 2000 МВт өндіруді көздейді. Жел энергетикасының жел энергиясын жалпы өндіруге кірігу деңгейі 2015 жылы электр энергиясын жалпы өндірудің 1 % -ын және 2030 жылға қарай шамамен 4 %-ды құрайтын болады. Энергетика жүйесінің орныққан тәртіптемесінің авариялық бұзылу зардаптарын үлгілеу нәтижелері осы зерттеуде қаралған жел энергиясын өндіру сценарийі энергетика жүйесінің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін көрсетті. 2030 жылы қуаты 300 МВт «Шелек» жел электрстанциясына ғана электрторабын күшейту қажеттілігі көрсетілген. Энергетика жүйесінің шығынын талдау жел энергиясы Қазақстанның энергетика жүйесіндегі шығынды қысқарта алатынын көрсетті. Жел энергиясын теңгерімдеу құны 2030 жылғы деңгейде жел энергиясының құнын 0.3 - 0.6 €/МВт/сағ-қа арттырады. Қазіргі кездегі жел энергиясын пайдалану мүмкіндіктері Жел энергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. Жел қондырғылардың жетілдіруі мен көп жылғы тәжірибе, жұмсалатын шығын мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Қазақстанда жел энергетикасының потенциалы өте жоғары (секундына 10 метр) 10 елді мекен бар. Жоңғар қақпасында жел жылдамдығы 40-50 метрге жетеді. Жалпы табиғаттың тікелей өз өнімдері – жел мен күн энергиясын пайдалану осы аталып өтілген кейбір кемшіліктеріне қарамастан әлем елдерінде ерекше маңызға ие.Аталмыш қуаткөздері өзінің экологиялық тиімділігі, экономикалық артықшылығы жағынан күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, керісінше, жаңғыртпалы энергияға, «жасыл» экономикаға қол созып, баламалы энергия көздерін табуға қажеттілік туған заманда жетекші орынға шықты. Қазақстанда арзан электр энергиясын қолданысқа енгізуге бағытталған 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жел және күн күшімен өндірілетін электр эрнергиясына қол жеткізу жолдары қарастырылуда. Дүниежүзі бойынша жел жіктелімінің 23 түрі тұрақты кездесетін, географиялық орналасуы және өте қатты ауа ағыны бар еліміздің кең байтақ даласы Қазақстанға мол жел энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Сарапшылар жарты ғасырдан соң жер бетіндегі тұрғындар саны қазіргіден екі есе артып, тиісінше адамзат тұтынатын қажеттіліктер де 2-3 есе көбейеді деген пікір айтады.Мұндай жағдайда шегі бар, сарқылатын байлықтардың түбі көрінуі бек мүмкін. Бұл жел мен күн, су энергиясы секілді сарқылмайтын энергия көздерін қолданысқа енгізуге алып келеді. Әлем қазірден-ақ осы қадамға бет бұруда, ал біздің алдымыздағы басты міндет - Отанымыз Қазақстан Республикасының экономикасының одан әрі қарыштап дамуына және де «жасыл» экономиканың басты орынға шығып,халық игілігіне жұмыс жасауы үшін бар біліміміз бен шеберлігімізді жұмсау. Әсіресе, біз экономисттер жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|