ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Толық ішкі шағылу құбылысыЖарық оптикаша тығыздығы кем ортадан тығыздығы артық ортаға өткенде, сәуле түсу нүктесінен жүргізілген нормальға жақындайды. Ал оптикаша тығыздығы артық оттадан, тығыздығы кем ортаға өткенде нормальда қашықтайды. Мылалы, судан ауаға өткен жағдайда r түсу бұрышы, і сыну бұрышы болса, онда r үлкейген сайын і да үлкейе береді. Түсу бұрышы белгілі бір шамаға ( теңелгенде сыну бұрышы і= болады да, сынған сәуле ауа мен судың шекаралық бетімен сырғанай таралады. Тәжірибеге қарағанда егер дарықтың түсу бұрышы r< болса, онда шекаралық беттен өтпейді. Түскен жарық толық шағылып, кейін серпіледі. Жарық оптикалық тығыздығы артық ортадан, тығыздығы кем ортаға өткенде байқалатын осы құбылыс толық ішкі шағылу деп, бұрышы толық ішкі шағылу бұрышы немесе шекті бұрышы деп аталады. Шекті бұрыштың мәнін жарық сыну заңына сүйеніп табуға болады. Бұл заң бойынша n*sin =sin i= , sini=1олай болса sin =1/n. Сөйтіп толық ішкі шағылу бұрышы заттың сыну көрсеткішіне байланысты. Мысалы жуықтап алғанда ауаға қатысты судың n=1.33 сонда оның шекті бұрышы , ауаға қатысы кәдімгі шынының оның шекті бұрышы 7 cонымен ақ жарық кәдімгі шынының бетіне түскендегі түсу бұрышы 42˚-тан үлкен болса, онда жарық шыны бетінен толық шағылады ауаға өтпейді. Осы жағдай толық ішкі шағылу призмаларымен айналдырғыш призмалар жасау үшін қолданылады. Олар кейбір оптикалық приборларда қолданылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|