Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Визуал оптикалық пиборлар: лупа, микроскоп, көру трубалары.




Қазіргі кездегі оптикалық приборлардың объективтері бірнеше линзалардан тұратындықтан, ал әртүрлі перископтарда бірнеше призмалар болады. Мұндай приборлардан өткен жарық бірнеше беттерден шағылады. Нәтижесінде жарық ағынының да шығыны көп болып, өткен жарықтың қарқындылығы азайып, приборды жарық күші кемиді, сапасы нашарлайды. Осы кемістікті болдырмау үшін, шағылу коэффиценттерін азайту керек. Сонда кескіннің жарықталынуы артады. Оптиканың жарқындалынуы деген термин осыдан шыққан. Ол үшін линза бетін сыну көрсеткіші линзаның сыну көрсеткішінен кіші болатын жұқа қабыршақпен қаптайды.

Лупа — көзге нашар көрінетін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық аспап. Бақыланатын нәрсе Лупаның f фокустық қашықтығынан (FF¢ —фокальжазықтығы) аз ғана кішірек қашықтыққа орналастырылады. Осының нәтижесінде Лупа нәрсенің тура, үлкейген және жорамал кескінін береді. Кескіннен шыққан сәуленің көзге түсу бұрышы (a) нәрсенің өзінен шыққан сәуленің түсу бұрышынан (j бұрышы) үлкен болады: Лупаның үлкейту әсері осымен түсіндіріледі. Лупаның үлкейтуі (Г) деп a бұрышының нәрсе Лупасыз ең жақсы көрінетін D=250 мм қашықтықтан көріну бұрышына (j) қатынасын айтады. Лупаның үлкейтуі оның фокустық қашықтығымен Г=250/f қатынасы арқылы байланысқан; Лупаның құралымына байланысты Г-ның мәні 2-ден 40 — 50-ге дейінгі аралықта жатады. Қарапайым Лупалар жинағыш жазық-дөңес линзаболып табылады; әдетте олардың үлкейтуі аз ~(2 — 3) болады. Орташа үлкейту (4 — 10) кезінде екі және үш линзалы жүйелер қолданылады (2-сурет). Аз және орташа үлкейтетін Лупаларда кескіннің көріну бұрышы (a) 15 — 20Ә-тан аспайды. Үлкейтуі үлкен Лупаның көріну бұрышы 80 — 100Ә-қа дейін жетеді. Мұндай Лупаның кемшілігі: нәрседен Лупаға дейінгі қашықтықтың тым аз болуынан жарықталынудың қиындайтындығы және бірқатар қолайсыздықтың туындайтындығы. Мұндай кемшілік алыстағы нысанды (Г=2,5), сондай-ақ, жақындағы нысанды (Г=6) бақылауға қолданылатын телелупаларда жойылған. Сонымен қатар, призматикалық линзалармен бинокльдер үйлестіріліп жасалған, аздап қана үлкейтетінбинокулярлық (стереоскоптық) Лупалар да қолданылады.

Лупа (оптикада)

Лупа - бұл шыныдан жасалған қосдөңес қысқа фокусты линза. Ол арқылы кішкентай нәрселердің бөліктерін көре аламыз. Бұл үшін нәрсені линза мен оның фокусының арасында қояды, яғни d<F. Линза нәрсенің ұсақ бөліктері жақсы көрінетін үлкейтілген кескінін береді. Фокустық ара қашықтығы азайған сайын линзаның үлкейуі артады. Лупа 25 есе үлкейте алады.

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді.Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гукжәне Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных