Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






НДІРІСТІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ




Химия өнеркәсібінде механикаландыру кешеніне және автоматтандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл – технологиялық процесстердің жүруінің үлкен жылдамдығымен, күрделілігімен, режимді бұзудың, жұмыс жағдайының зияндығымен, қайта өндіріген заттардың жарылыс және өрт қаупінің тууымен түсіндіріледі.

Өндірісті механикаландыру барысында ауыр еңбек жеңілдетіліп, жұмысшылар саны қысқарып, еңбек өнімділігі артады.

Механикаландыру деп ауыр қол еңбегін жеңілдетуге бағытталған механизмдер мен машиналарды енгізуді айтамыз.

Аппараттардың жүктемесінен, машиналар қуатының күшеюіне, өнеркәсіп аумағының ауырлығына, қысымның, температураның және химиялық реакция жылдамдығына байланысты қол еңбегін механикалық өнеркәсіпте пайдалану тиімсіз. Өйткені тәжірибелі жұмысшының өзі де, процесстің нормасынан ауытқу жағдайда тез арада икемделіп, әрекет жасай аламайды. Осындай жағдайлар салдарынан өрт, жарылыс апаттары болуы қауіпі бар.

Өнеркәсіптің дамуына – адам организмінің мүмкіндігінің шектеулігі, адамның тез шаршауы, қоршаған ортаның өзгеруіне және түсіп жатқан ақпараттардың мөлшеріне дер кезінде көңіл аудармауы, жағдайы субьективті бағалау сияқты факторлар кедергі келтіреді.

Адамзатты өндірістегі еңбектен босататын, технологиялық процесстерді, механизмдері машиналарды басқаруды автоматтандыратын, машина өндірісінің жаңа түрі – автоматтандыру заманы келді. Автоматтандыру өндірістің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар өнімнің санының сапасының өсуін арттырып, шығарылған өнімнің арзан болуына септігін тигізеді.

Автоматтық қондырғыларды енгізу арқылы өнімнің сапасы артып, қалдық азайып, сапасыз өнім саны қысқарып шикізат пен энергияны үнемделіп, жұмысшылар саны қысқарып, құралдардың көп уақытқа шыдауына қол жеткізіледі.

Арнайы автоматтық құралдарды енгізу жабдықтарды апаттан сақтайды және атмосфераны, су қойнауларын өнеркәсіп қалдықтарының ластануынан қорғайды.

Химиялық технологияның кешенді автоматтандырылуы түрлі автоматтық жабдықтарымен қамтамасыз етіп қоймай, жөндеу жұмыстарына арналған жабдықтарды қауіпті жағдайларда автоматты түрде қосу және тоқтатуды автоматты түрде басқарады.

Өндірістік процесстерді автоматтандыру техникалық прогрестің жетекші бағыты, қоғамдық еңбектің өнімділігін ұлғайтудың неғұрлым тиімді жолдарының бірі және мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Өндірістік процессрерді автоматтандыру технолгиялық құрал-жабдықтар жұмысының дәлірек, сенімдірек және сапалы болуына септігін тигізетінімді, ұтымды технологиялық процесстер жасауға мүмкіндік беретіндігі белгілі. Бұдан бөлек, ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды сондай- ақ кәсіпорындардың ұйымдық құрылымның жетілдірудің тиімді құралы болып табылады.

Операциялар мен процесстерді автоматтандыру, сонымен қатар едәуір экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік береді. Автоматтандырудың экономикалық тиімділігі көп жағдайда бұрыннан келе жатқан құрал-жабдықтар мен техгологияларды модернизация жасаумен, сондай-ақ жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялық процесстерді жасаумен байланысты.

Автоматтандырудың маңызды міндеттердің бірі өнім бірлігіне жұмсалатын материалдық және еңбек шығындарын төмендету, яғни өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады.

Әр түрлі өндірістік процесстер мен операцияларды автоматтандыру нәтижесінде өнім бірлігіне жұмсалатын шығындарды төмендету әр алуан факторлар: қызметкерлердің босатылуы, жоғалымдардың немесе материалдар жұмсалуының қысқаруы, өнім өндіру көоемінің ұлғаюы, құрал-жабдықтар жұмысын жөндеу арқылы кезеңін және қызмет ету мерзімінің ұлғаюы және тағы басқа есебінен жеткізідетін іс-тәжірибе көрсетті.

Автоматтандыруға жұмсалатын шығындар автоматтандырудың тандап алынған схемалары және көлеміне автоматика құралдарының құнына және тағы сол сияқты байланысты,

Біріңғай агрегатты жүйенің регуляторлар және басқада приборлардың пайда болуымен реттеудің көп контурлы жүйелерді қолдана басталды. Тікелей технологиялық қондырғылар орналастырылатын, химия өндірісіндегі өнімдердің сапасына ағынды бақылау жасаудың үздіксіз автоматты приборлары пайда болды. Бұл технологиялық параметрлерге өнімдердің сапасын көрсеткіштері жағынан әсер ету арқылы реттеудің көп контурлы жүйелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Процесс параметріне бақылау жасау үшін жеке приборларды қондырғының көптеген нүктелерінде қолдану кешенді автоматтандыру жолындағы кедергі болып табылады, прибор қалқандардың өлшемдері ұлғаяды, соның салдарынан операторларға олардың көрсеткіштеріне қадағалау қиынға соғады. Бұл кемшілікті жою үшін бақылау қалқанына орналасқан технологиялық процесстің микросхемаларына монтаждалатын аз өлшемді приборлар ұолданыла бастады. Бұл олардың көрсеткіштеріне бақылак жасауды жеңілдетіп, қалқандардың өлшемдерін қысқартады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных