Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






НДІРІСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ




Көбіне кәсіпорындарда орын алатын жазатайым жағдайлар жобалау кезінде ережелер мен нормалардан ауытқу, сәйкес техникалық регламент талаптарын бұзу себептеріне байланысты болады, сәйкесінше ол қауіпсіздік шарттарының бұзылуына әкеліп соғады.

Жобалау кезінде жіберілген жеке қателіктер мен кемшіліктер жазатайым жағдайлардың, техногенді апаттардың, өрттер мен кәсіптік науқастанудың жанама, тіпті тікелей себебі де болуы мүмкін. Бұл себептердің барлық ұйымдастырушылық және техникалық құралдармен алдын-алу олардың пайда болуының мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіріс басшылары мен мамандардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Соңғы кәсіби жұмыста орындалатын қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар оса салада қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, қауіпсіздік бойынша міндетті нормалар мен жетекшілік ережелеріне сәйкес болуы қажет.

Жобалау кезінде, әсіресе жаңа технологиялық үрдістері көзделген нысандарды жобалау кезінде (оған қоса қолданыстағы нормалар мен ережелерді дамыту), жаңа қорғаныс құралдары мен қауіпсіздік бойынша белгілі әдістерді жаңа шарттарда пайдалануды негіздеу және өзіндік ұйымдастыру мәселелері аса маңызды.

Соңғы кәсіби жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы техника және ТЖ кезіндегі қорғаныс бойынша туындайтын сұрақтар ауыртпалылығы және мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Демек, аталған сұрақтар бойынша қабылданатын шешімдер қарастылып отырған кәсіпорынның немесе өндіріс цехының технологиялық үрдісімен тығыз байланысын айқын көрсетуі шарт.

Жоба тақырыбына байланысты қауіпсіздік талаптары мен шарттарын ұйымдастыру және жанжақты мұқият бағалау, кейбір мәселелер бойынша

 

ерекше негізделген шешімдер, сәйкесінше жұмыстың құндылығын арттыра түседі, бітіруші студенттің университет қабырғасында алған теориялық білімі мен тәжірибелік икемін көрсетеді.

Өндірістік қауіпсіздік талаптары қамтылмаған, толық ашылып қарастырылмаған немесе технологиялық үрдіспен байланыстырылмаған соңғы кәсіби жұмыс толыққанды және қорғауға жіберілген жұмыс деп таныла алмайды.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдық жобаны орындауда көмек беруге арналған.

Дипломдық жобалау жұмысының тиімді әрі жүйелі түрде орындалуы үшін шығарушы кафедра ТҚжҚОҚ кафедрасымен соңғы курс студенттерінің тақырыптары мен ғылыми кеңесшілерін бекіткен сәтінен бастап тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных