Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бета-ыдырау. Бета-ыдырау түрлері, спектрі, оның түсіндірілуі. Нейтрино.




Бета-ыдырау деп ядроның электронның немесе позитронның қатысуымен өтетін түрленуін атайды. Бұл кезде ядроның атомдық нөмері ±1-ге өзгереді де, массалық саны өзгермейді. Ядро атомдық нөмері Z±1 изобарлық ядроға айналады. Қатысатын бөлшектердің түрі мен өтетін құбылыстарға қарай бета-ыдыраудың үш түрін ажыратады.

Электрондық b-ыдырау кезінде (А,Z) ядро электрон мен антинейтрино шығарып, (А,Z+1) ядроға айналады

(12.1)

бұған ядроның бір нейтронының протонға айналуы

(12.2)

сәйкес келеді.

Позитрондық ыдырау кезінде ядродан позитрон мен нейтрино бөлініп шығып, (А,Z) ядро (А,Z-1) ядроға айналады

(12.3)

оған, ядроның құрамындағы бір протонның нейтронға айналуы

(12.4)

сәйкес келеді.

Бета-ыдырауға (А,Z) ядроның атомның электрондық қабығынан бір электрон қарпып, (А,Z-1) ядроға айналуын да жатқызады.

(12.5)

Ол протонның электрон жұтып нейтронға түрленуіне сәйкес келеді

(12.6)

Бұл түрленуді электрондық қарпу деп атайды. Көбінесе К-орбитадағы электрондар қарпылады. Осыған орай электрондық қарпуды К-қарпу деп те атайды. Электрондық қарпу сирек болса да, басқа орбиталардағы (L,M) электрондармен де өтеді.

 

Электрондық ыдырау үшін

(12.7)

Мұндағы Мя –ядроның массасы, me – электронның массасы. Бұл жерде біз , деп алдық. Бұл теңсіздікті сәйкес атомдар үшін жазсақ

(12.8)

Позитрондық ыдырау үшін

(12.9)

немесе

(12.10)

Электрондық (К-) қарпу үшін

(12.11)

немесе

(12.12)

Бета-ыдыраудың тұтас спектрін түсіндірудін бірнеше жолдары ұсынылды:

1. Бета-ыдырау ұрпақ ядроның әртүрлі қозған күйлеріне өтеді. Егер қозған күйлердің саны көп және олар тығыз орналасқан болса, онда бөлшектердің спектрі тұтас дерлік болады.

2. Ядроның ыдырауы кезінде шығарылатын Те моноэнергиялы бөлшектер өзінің атомының немесе көршілес атомдардың электрондық қабықтарымен әсерлесіп, соның нәтижесінде спектр тұтас түрге көшеді.

3. Бета-ыдырау кезінде энергия мен импульстің сақталу заңдары бірге орындалмайды.

Егжей-тегжейлі зерттеулер бұл жорамалардың ешқайсысының да бета-ыдыраудың спектрін түсіндіруге жарамайтынын көрсетті.

 

 
 

1931-жылы Паули бета-ыдыраудың тұтас спектрінің жаңа түсіндірмесін ұсынды. Ол бета-ыдырау кезінде электронмен қатар тағы бір жеңіл бөлшек шығарылады деп пайымдады. Ол бөлшекті тіркеудің өте қиындығынан ол бөлшектің электр бейтарап және массасының мардымсыз болуы керектігі шығады. Оның массасының өте кішкентай болуы керектігін электрондардың спектрінің 0-ден басталатыны да қостайды. Бұл бөлшек нейтрино деп аталды.

Бета-ыдырау қатарына нейтрино мен антинейтриноның қатынасуымен өтетін

(12.13)

кері бета-ыдырауды да жатқызуға болады. Бірақ бұл құбылыс-өте сирек, табиғатта кездеспейді деуге болады. Нейтриноның затпен әсерлесуінің көлденен қимасы ~10-41см2. Оған оның кәдімгі заттағы еркін жүрімі 1016 км, ядролық заттағы жүрімі 1 км (ядроның мөлшерінен 1017 үлкен) сәйкес келеді.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных