Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Май қышқылды ашу үрдісі. Қоздырғыштары.




Майқышқылды ашудың қоздырғыштары— қатаң анаэробтар, қозғалғыш клостриалды немесе плектриалды типті спора түзуші таяқшалар. Түзілетін соңғы өніміне қарай май қышқылды ашуды нағыз май қышқылды ашу (глюкоза, крахмалдың ашуы), ацетонобутилды ашу және пектинді заттардың ашуы деп бөледі. Майқышқылды бактериялар топырақта кең таралған (топырақ үлгілерінің 90%-ын құрайды), көңде, ластанған су қоймаларында, шіріп жатқан өсімдік қалдықтарында, сүтте, өсімдіктердің сыртқы қабығында кездеседі. Майқышқылды бактериялар үшін энергетикалық материал ретінде крахмал, суда еритін көміртегі (декстриндер, ди-, моносахаридтер), органикалық қышқылдар (сүт, пирожүзім) және спирттер (маннит, глицерин) қолданылады. Азот көзі ретінде бактериялар әр түрлі азоттық қосылыстарды: пептонды, амин қышқылдарын, аммоний тұздарын, кейбіреулері атмосфералық азотты пайдаланады.Май қышқылды ашу Clostridium туысына жататын бактериялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты. Целлюлоза ақ немесе сүр түсті талшықты қатты зат. Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда және т.б. органикалық еріткіштерде ерімейді.Целлюлозаның нитраттары өте жанғыш және қопарылғыш заттар. Целлюлозадан толық емес нитрлеп, нитросырлар және лак алады. Толық нитрлеп, қопарылғыш зат (түтінсіз дәрі) өндіріледі.Целлюлозаға сірке кышқылымен (немесе сірке ангидридімен) күкірт қышқылы қатысында әсер етіп, целлюлозаның диацетатын немесе триацетатын алуға болады:Гемицеллюлоза және лигниннің мөлшері төмендейді де, олар дәнде крахмал мен гемицеллюлозаның синтезделуіне пайдаланылады. Сонымен, тұқымда крахмал мен гемицеллюлозаның жиналуы фотосинтез нәтижесінде пайда болатын жапырақтағы қанттардың есебіне байланысты да жүзеге асады. Демек, дәннің жалпы түсімінің көбеюімен қатар, жапырақ пен сабақ түсімінің үлесі азая түседі. Сондай-ақ, дәнде моносахаридтер мен сахарозаның мөлшері төмендеп, крахмалдың мөлшері көбейеді. Егер дәннің қалыптаса бастаған кезінде қанттардың мөлшері құрғақ заттардың 15-20 %-тін құраса, қамырланған және толық піскен кезде 2-3%-ке дейін төмендейді. Сонымен бірге күлдің мөлшері де азайып, күл құрамындағы элементтердің сапалық құрамы мен ара қатынасы өзгереді: фосфордың салыстырмалы мөлшері артып, калий, кальций және магнийлердікі төмендейді. Дәннің құрамында В1 және В2 витаминдерінің мөлшері 1,5-2 есе өсіп, каротиннің (провитамин А) мөлшері азаяды. С витаминінің мөлшері де күрт төмендеп, піскен дәнде мүлде болмайды.Өсімдік мүшелері арасындағы заттардың қайталанып тоқталуымен қатар, морфологиялық өзгерістер де байқалады: өсімдіктің түсі алдымен сұрланып сарғая бастайды да, соңында алтын-сары түстенеді. Бұршақ тұқымдастар дәнінің пісіп-жетілуінде белоктар, крахмал және клетчатка синтезі негізгі орын алады. Тек қытай бұршақ дәнінде ғана май көбірек пайда болып, крахмал өте аз мөлшерде болады.

Микориза– жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырларымен бірге саңырауқұлақ мицелийлерінің селбесуі.

Микоризалы өсімдіктер топырақта ылғал тапшылығы сезілгенде суды оңай сіңіреді, сондықтан құрғақшылықты оңай көтереді. Көптеген органикалық қосылыстар саңырауқұлақтармен, яғни, микориза түзушілермен минералданады, нәтижесінде өсімдіктердің қоректенуі жақсарады. Саңырауқұлақ – микориза түзушілер биологиялық белсенді заттарды синтездейді және осы қасиетінің арқасында өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді.

Микоризаның сыртқы түрі мен ішкі құрылымы қатты ауытқуы мүмкін. Осыған байланысты эктотрофты, эндотрофты және аралас (эктоэндотрофты) микоризаны бөліп қарастырады. Микоризаның осы типтерінің арасында мүмкін болатын барлық нұсқалар кездеседі. Ең көп тарағаны – эндотрофты микориза типі. Ол шөптесін өсімдіктерге, көптеген ағаштар мен бұталарға тән. Эндотрофты микоризаның қалыптасуында саңырауқұлақ мицелийі тек тоз қабатының паренхима жасушаларының арасына ғана таралмайды, сондай-ақ жасушаға енеді. Тамырдың эндотрофты микоризасында мицелийдің ұштарының бір бөлігі топыраққа шығады. Мұндай гифалар эмиссионды деп аталады. Олар қалың емес және эктотрофты микоризадағыдай саңырауқұлақ қабығын түзбейді. Сондықтан эндотрофты микоризада өсімдіктердің тамыр түктері негізінен сақталады.

Микроағзалар мен қоршаған орта. Температура, ылғалдылық, ортаның қышқылдығы, оттегінің әсері.Температура-мезофильді орташа температура 20-47с. Термофильдер жоғары температура ыстық бұлақтар дәнде қида нанда кездеседі. Орта қышқылдығы алкалофильдер рН 10 немесе одан жоғары болғанда,Ацидофил рН 3 немесеолардан төмен ортада тіршілік етеді.

Микроағзалардың ауаны ластау жолдары. Ауа және су арқылы жұқпалы аурулардың таралуы.Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етті. Түссіз бактерияларға қарағанда төзімділеу. Әдетте спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. Әр түрлі қоғамдық орындардың да ауасына микробтар саны бірдей болмайды. Бұдан адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада микроорганизмдер көп болатыны көрініп тұр.

Микроағзалардың өсімдіктермен қарым – қатынасы. Тамырдың сыртындағы және ризосферадағы микроағзалар саны топырақтың басқа массасымен салыстырғанда 100 есе көп. Жас тамыр аймағында негізінен спора түзбейтін бактериялар көбейеді (Pseudomonas, Mycobacterium және т.б.). Осы жерде микроскоптық саңырауқұлақтар, ашытқылар, балдырлар және басқа да микроағзалар кездеседі.

Микробиологиялық және химиялық денитрификация. Денитрификация кезінде топырақтағы азоттың жоғалуыКөміртегіне бай орг/лық заттар өте көп болғанда топ/та азот қышқылы тұздарының азайып кететіні анықталды.Бұл денитрлендіру процесі д/а.Бұл кезде азот қышқылы тұздары ыдырап,ондағы азот молекула күйінде атмосфераға кетеді.Нитраттар мен нитриттердің газ түріндегі азот қосылыстарына дейін тотықсыздануы тікелей н/е жанама жолдармен денитрлену нәт/де жүреді.Тікелей денитрлендіру дег/з нитраттардың био/қ жолмен тотықсыздануы;ал жанама нитраттардың химиялық түрдегі тотықсыздануы.Олар ассимиляторлық ж/е диссимиляторлық болып бөлінеді.Ассимиляторлық денитленуде нитраттар клетка заттарын құру үшін қажетті азот көзі аммиакка дейін тотықсызданады.Бұл көбінесе микроагзаларға тән.ал диссимиляторлықта молекула күйіндегі оттегінің орнына орг/лық заттар тотығады.Бұл нитратты тыныс алу д/а.

Мочевина топыраққа сүтқоректілердің зәрімен келіп түседі, сонымен қатар топырақ саңырауқұлақтарымен де синтезделеді. Мысалы, шампиньондарда оның мөлшері құрғақ биомассасының 13% дейін жетеді. Жер бетінде жылына 30 млн. тоннаға дейін мочевина түзіледі. Химиялық құрылысы жағынан көмір қышқылының амидіне ұқсайды және құрамында 46% азот болады.

Мочевинаны топырақта және күйіс қайтаратын жануарлардың қарындарында мекендейтін уробактериялар ыдыратады. Сондықтан мочевинаны жануарлардың азығына қосады, асқазанда микроағзалар оны ыдыратып (аммонийландырып), әрі қарай ақуызға айналдырады. Мочевинаны ыдырататын микроағзалар уреаза ферментін қалыптастырады. Уробактериялардың ішінде кокктар Micrococcus ureae, сарциналар Planosarcina ureae, бациллалар Bacillus probatus (Urobacillus pasteurii) кездеседі.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных