Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар. СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, негізгі құралда1 және оны есепке алу




СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, негізгі құралда1 және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

Тапсырма 1 Берілген есептерді орындаңыз

№1 Есеп. Кәсіпорын 230 000 000 теңгеге ұшақ сатып алады. Келісім-шарт бойынша ұшаққа меншік құқығы жабдықтаушы зауытында сатып алушыға беру кезінде өтеді. Сатушы 5 200 000 теңге баж салығын төлейді. Сондықтан бұл соманы шот-фактура сомасына қосады да, алынуға тиісті шот сомасы 235 200 000 теңгені құрады. Ұшақты сатып алушы орналасқан жерге дейін жеткізу шығыны 10 000 000 теңге болды.Тасымалдау кезінде ұшақтың корпусы зақымдалған және оны жөндеуге 80 000 теңге жұмсалды. Ұшақты сатып алған күннен екі аптадан кейін ғана пайдалана бастады. Ұшақ тұрағын (ангарды) күтіп ұстауға ай сайын 20 000 теңге кетеді. Сатып алушы төленуге тиісті шот сомасын ұшақты сатып алған күні төледі.

Ұшақтың корпусының, оның двигателі мен салон жабдығының пайдалы қызмет мерзімдері әр түрлі. Сатушының сатып алушыға жіберген шотында ұшақтың жалпы құны ғана көрсетілген. Алайда, сатып алушы құрған қаржылық есептілік ҚЕХС талаптарына сай келуі үшін, двигателдің, ұшақтың корпусының және салонының бастапқы құнын анықтау қажет.

Негізгі құралдар есебін жүргізген бухгалтер қалпына келтіру құны бойынша бағалауды кәрзеңкелік әдіспен жүргізу туралы шешім қабылдады. Ол дәл осындай двигательдер мен салон жабдықтарын сататын жабдықтаушылардан олардың бағасы туралы мәліметтер алады. Алынған мәліметтер бойынша орта баға:

- двигательдер 140 000 000

- салон жабдығы 50 000 000

Ұшақты негізгі құрал объектісі ретінде танумен байланысты бухгалтерлік өткізбелерді құрастырыңыз.

№2 Есеп. Кәсіпорын жаңа қызметі үшін жер учаскесін сатып алмақшы. Жердің сатып алу құны – 170 000 теңге, көрсеткен қызметі үшін брокерге – 6 000, адвокатқа 2 000 теңге төлейді. Жойылу құны 4 000 теңгені құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10 000 теңге және жерді тегістеуге 1 000 теңге жұмсады. «Негізгі құралдар/Жер» шотының дебетіне тіркелетін соманы есептеңіз.

№3 Есеп. Активтің бастапқы құны - 100 000 теңге. Бастапқы пайдалы қызмет мерзімі -10 жыл. Тозуды есептеудің бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылып келген және ешқанда жойылу құны болжанбаған. Активті екі жыл пайдаланғаннан кейін бухгалтер оның пайдалы қызмет мерзімін қайта қарастырып, 6 жылға теңеді. Активтің қалған пайдалы қызмет мерзіміне тозу шығындарын қай та есептеңіз.

№4 Есеп. «Сәуле» пиццериясы пиццаны тасымалдап жеткізу үшін автокөлік сатып алды. Автокөліктің құны 14 000$. Көлік 5 жыл пайдаланылады. Пайдалану мерзімінен кейінгі қалдық құны шамамен 2 000 $ құрайды. Компания көлік 5 жылдың ішінде 80 000 км жол жүреді деп есептеді.

1. 5 жылға бірқалыпты түзу сызықты әдіспен амортиацияны есептеңіз.

2. Автокөлік бірінші жылы 10 000 км, екінші жылы 15 000 км, үшінші жылы 18 000 км, төртінші жылы 20 000 км және бесінші жылы 17 000 км жол жүрген. Амортизацияны өндірістік тәсілмен есептеңіз.

3. Амортизацияны кемімелі қалдық әдісімен есептеңіз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных