Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Типтік есептеулерді, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды орындау бойынша әдістемелік




«Қаржы академиясы» АҚ

Типтік есептеулерді, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

_____________ BU 2207 Бухгалтерлік есеп ___________________

пәннің атауы

Астана-2015 ж

«Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. (атауы)   «_0 2 _»_____ маусым ________2015 ж   Хаттама №11   «Есеп және аудит» кафедрасы меңгерушісі __________ Аманова Г.Д. (қолы) (аты-жөні)  

Дайындаған:_ э.ғ.к., доцент м.а. Қажмұхаметова А.А. _

Құрастырған____ Корабаев Бейбит Сыбанбаевич, магистр, аға оқытушы

(аты-жөні, лауазымы, атағы)

Типтік есептеулерді, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты – қаржылық есеп пен есептіліктің келелі мәселелерін терең түсінуге қызығушылықтарын қалыптастыру және осы салада тәжірибеден өту кезінде білімдерін қолдану, студенттік жұмыстар жазу және одан әрі мамандық бойынша тәжірибе алу. Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті – оқу материалдарын тереңдету және бекітуде магистранттарға көмек көрсету.

Пәнді оқыту силлабуспен таныстырудан басталады. Студент бағдарлама мен ұсынылған әдебиеттің мазмұнымен мұқият танысып шығуы тиіс. Әдебиеттер студенттің ынтасына, оның тізімдемені, библиографиялық анықтамалар мен басқада құралдарды пайдалана білуіне байланысты таңдалады. Студент жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, оны дәрістерде оқып уақытын кетірмес үшін, алдын-ала танысып алғаны абзал. Оқытушы жаңа тақырыптың негізгі тұстарын ғана шолып өтетіндіктен, магистрант білімін өз бетімен басқа да құралдар арқылы тереңдетуі тиіс.

СОӨЖ-ге студенттер пәндегі силлабуста ұсынылған тапсырмалар тізімі бойынша дайындалады. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары уақытылы орындалып, тексеріске берілуі тиіс. Студент білімді бағалаудың критерийлері мен өлшемдері және курс міндеттерімен мұқият танысып шығуы тиіс.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысының мақсаты – студенттердің оқытушымен қосымша аудиториялық тапсырмаларды орындау. СОӨЖ орындау формасы, өткізу сағаттары студенттердің силлабусында көрсетілген.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына келесілер жатады: тестер, практикалық сағатар, есептер, яғни берлген тақырып бойынша тапсырмаларды түбегелі ашу және талқылау.

СОӨЖ қызметі - кеңес беру және бақылау

Кеңес берудің қызметі:

- студенттердің әр жеке тақырып бойынша тапсырмаларды өздігінше орындауда көмек беру;

- берілген тапсырмаларды орындау әдістемелерін бағыттау;

- күрделі тақырыптарды ашу кезінде кеңес беру;

- ғылыми – зерттеу облысында кеңес беру.

Бақылау қызметі – басқару қызметінің мақсаты ағымдағы бақылау, межелік бақылау және студентерді қорытынды бақылау кіреді. СОӨЖ жұмыс барысында студенттер берілген жұмыс бойнша тапсырмалар және кеңес алады. Сонымен қатар жұмыстары бағаланады. Тапсырмалар жеке дара, топталған болып келеді.

«Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша СОӨЖ тапсырмасы академиялық мерзім бойы орындалады. СОӨЖ орындалу мінездемесі кеңес беру шегінде орындалады. СОӨЖ орындау кезеңінде, көбіне рейтингтік бағасы төмен қорытындысы бар студенттермен жұмыс жүргізіледі.

Бақылау жұмысының формалары: ауызша жауап беру- жеке тапсырмаларды өз бетінше қосымша ақпарттармен толықтыру, баяндама жасау, коллоквидум. Жазбаша бақылау үлгісі - жұмысты бақылау түрінде қабылдау жән орындау, рефераттер, баяндамалар, тесттер.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных