ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Денсаулық сақтау субъектілері1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілері болып табылады. 2. Денсаулық сақтау жүйесінде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары: 1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар; 2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар; 3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары; 4) апаттар медицинасы ұйымдары; 5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары; 6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар; 7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 9) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар; 12) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары; 13) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 15) ұлттық холдингтер жұмыс істейді. 3. Уәкілетті орган: 1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережелерді; 2) денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; 3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгілік штаты мен штат нормативтерін; 4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді және бекітеді. 4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемінде бес жыл жұмыс стажы және тиісті лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|