ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) мыналарды: алғашқы медициналық-санитариялық көмекті; алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; 3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек; 4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; 5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді. 3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету: 1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес; 2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде – белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен бейімделген емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдары ие болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|