ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды. 2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады. 3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды. 4. Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді. 5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды. 6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|