ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады. Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.
Бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен аурудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|