ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тексеріп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. 2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін. 3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болады. 4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр- дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|