Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Психиатриялық куәландыру




1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажет­тігін және оның түрлерін айқындау мақ­сатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақыт­ша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.

2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау, зерттеп-қара­латын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.

Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медици­налық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.

3. Заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақ­шасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерт­теп-қаралатын адамға және оның заңды өкі­ліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.

5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:

1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;

2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;

3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетіл­мей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.

6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.

7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр-дәрігер адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.

9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімін­сіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.

10. Психиатриялық куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялық куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналық мамандықтағы дәрігер және өзге де азаматтар беруі мүмкін. Көрінеу жалған өтініш беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

11. Алынған мәліметтер бойынша куәланды­рылуға жататын адам өзіне немесе айналасын­дағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда, нақты адам психиатриялық куәландыруға келісімі туралы ауызша немесе жазбаша өтініш беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялық куәлан­дыру туралы дереу шешім қабылдайды және ол медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді де кейіннен куәландырылатын адамның заңды өкіліне хабарланады.

12. Куәландырылатын адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр-дәрігерге көрінуден бас тарта­ты­ны туралы деректер қамтылуға тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы. Психиатр-дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен бас тартады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных