ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндіктерді, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кеміргіштерді қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенін өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен кезектен тыс міндетті дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау
153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері 1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады. 2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді. Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған. Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|