Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу




1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалып­тастыруға, темекі шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механи­калық қондырғылар арқылы;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадион­дардың ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды – жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе, сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді;

9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;

11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымының зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса;

12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.

3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады.» деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын сату кезінде:

1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын сатудан бас тартуға міндетті.

5. Темекі шегуге:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану орындарында;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;

5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;

6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездар­дағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кеме­леріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондарында;

7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

6. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-тар­мағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.

7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жабдықталуға тиіс.

8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы зат­тардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді келесі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайын табыс етуге міндетті.

9. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар – жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республика­сының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебінен жүргізеді.

10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республиткасының Үкіметі айқындайтын рұқсат етілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

11. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

12. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны туралы белгі орнатылуға тиіс.

13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уәкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) темекі бұйымының қорабының, темекі бұйымының қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық процентін алып жатуға;

2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;

3) жазулар және (немесе) сурет, пиктограмма, график түрінде орындалуға тиіс.

14. Алкоголь өнімін:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген белгілі бір күндер мен сағаттарда;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных